Допты тордан асыруды меңгеру
ШҚО Семей қаласы «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
дене шынықтыру мұғалімі Болатов Арман Мұхтарұлы
Дене тәрбиесі. 9-сынып
Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Допты тордан асыруды меңгеру
Сабақтың мақсаты: Допты тордан асыру техникасын үйрету.
Міндеттері: А) Білімділік –допты тордан асыру әдістерін көрсету, үйрету;
Ә) Дамытушылық -Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін дамыту;
Б) Тәрбиелік– Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сыныбы: 9
Мерзімі:
Сабақтың өткізілетін орны: Мектеп спорт залы
Уақыты:45
Көрнекті құралдар:Ысқырық, уақыт, доп, тор.
| № | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
| I | Кіріспе бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу, амандасу: Сабақтың мақсатын түсіндіру. Орында саптағы жаттығулар Оңға,солға,кері бұрылу.1қатардан 2қатарға тұру. А) Жүру: аяқтың ұшымен және өкшемен жүру. Аяқтың іш жағымен және сырт жағымен жүру Б) Жүгіру: оң және сол иықпен секіріп жүгіру. Арқамен жүгіру. Тізені алма кезек көтеріп бір аяқпен секіріп жүгіру. ЖДЖ орындау. Оқушыларды бекеттерге бөліп,әртүрлі жаттығулар жасау. |
10-15
2-3 рет 3-4 рет 4-5 рет 2-3 рет 2-3 рет 5-6 рет |
Оқушылардың тазалығына мән беру
Қолды екі жақ-жанына ұстаймыз Қолды желкеге ұстаймыз. Қолды алдыға және артқа айналдырып отыру. Сол иыққа қарап отыру Жаттығуды дұрыс орындау |
| II | Негізгі бөлім:
1. Допты жоғары ұрып ойынға қосу тор арқылы. А) ойынға допты қосу кезінде аяқты қою тәсілі б) жоғары сол қолмен допты ұрысқа лақтырып көтеру в) лақтырылған допты ортасынан ұру г) қолдың басымен доптың бағыттауын анықтау. 2. Жоғары доп беру. А) доп беру кезінде қолмен аяқтың іс – қимылы Б) саусақ ұстау әдісі, доп беру іс – қимылында В) дененің іс – қимылы доп беру кезінде 3.Ережемен екі жақты ойын.6х6 |
20-25 | Дұрыс орындауларын қадағалау. |
| III | Қорытынды бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру,қоштасу. |
3-5 | Аяққа, қолға арналған жаттығулар |
| Допты тордан асыру әдістері |
ШҚО Семей қаласы ерікті тілшісі Ермухамбетова Жанар
