Биология пәні бойынша ашық сабақ Алқа тұқымдасы
Атырау облысы Атырау қаласы
Б.Момышұлы атындағы № 25 орта мектебінің
І санатты биология пәнінің мұғалімі
Құбаева Арайлым Ұлантайқызы
Сабақтың тақырыбы: §28.Алқа тұқымдасы-кіріккен күлтелі өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің түрлерін,жемісі мен гүлінің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру.Олардың тағамдық,дәрілік және сәндік мақсатта өсірілетін түрлерін ажырата білуді үйрету.
Тәрбиелілігі: дәрілік мақсатқа өсімдіктің қандай бөліктері алынатынын білу.Темекі құрамындағы никотиннің адам ағзасына келтіретін зиянын,одан пайда болатын ауру түрлерін атап көрсету.
Дамытушылығы: бақшада өсірілетін алқа тұқымдастарын өсіруге қойылатын талаптарды үйрету.Олардың санын көбейту ерекшеліктерін түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,кесте,көкөністер жиынтығы,гүл үлгісі,гүлдердің түрлі-түсті суреттері
