Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі » повесі бойынша Шұға, Әбдірахман бейнелері, Шұғ аның өмірден баз кешуі
Зәмзәгүл Қасымбекова
№5 орта мектеп Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы.
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі бойынша Шұға,
Әбдірахман бейнелері, Шұғаның өмірден баз кешуі .
Сабақтың мақсаты: 1 Повестің мазмұнын меңгерту, Шұға мен Әбдірахман бейнелерін ашуда өз ойларын ортаға салу,пікірталас арқылы білімдерін толықтыру,өз ойын еркін, мәдениетті ,әдеби тілде жеткізе білуге баулу; 2 Суицидтің алдын алу ,қиындыққа мойымай,тығырықтан шығар жол таба білуге тәрбиелеу; 3.Шиеленісті жағдайды жеңіл шеше білуге,толеранттылықты қалыптастыру;
Сабақтың түрі: пікірталас (дебат)
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ- жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі бойынша Шұғаның дәрменсіз күй кешіп,өмірден баз кешуі қате не дұрыс деген екі бағытта пікірталас өтеді.Екі топпен таныстыру.Әділ-қазылар мүшелерімен таныстыру.
