МЕНІҢ ЕЛІМ-МЕНІҢ ЖЕРІМ
Қасымова Айнагүл Тілеужанқызы
Петропавл қаласындағы «БЭСТ» гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : МЕНІҢ ЕЛІМ-МЕНІҢ ЖЕРІМ
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушылардың туған ел,туған жер туралы білімін толықтыру.Алған білімдерін тиянақтап,жүйелеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
2.Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру,сөздік қорын молайту,тілдерін жаттықтыру
3.Оқушыларды елін, жерін сүйетін халқының адал азаматы болуға үйрету. Елге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі : нәтиже сабақ.
Сабақтың көрнекілігі : карта, үлестерме кәртішкелер.
Сабақтың әдісі : эңгімелесу, сұрақ -жауап, ойландыру.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тақырыбымыз : «Менің елім-менің жерім.» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты : Туған ел, Отанға деген патриоттық сезімін тудыра келе сабағымызды қайтала отыра бекіту. Сабағымызды осындай мақал-мәтелмен бастығым келеді. «Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйекті».
Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
Туған жер деген не?
Сендер қай елде туып өстіңдер?
Туған жер, Отан тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
.
Мақалдарды аяқтаңдар:
Туған жердей жер болмас
……………(туған елдей ел болмас)
Отан оттан да ………(ыстық)
Отансыз адам
………….(ормансыз бұлбұл)
Ел-елдің бәрі-жақсы,
Өз елің бәрінен …………….(жақсы)
Отанды сүю ……………(отбасынан басталады).
Құрметті баллар, қазір Томирис «Туған жер» деген күйін орындап береді,
мұқият тыңдаңыз.
-Бұл өлең не туралы?
– Туған жер дегеніміз не?
-Ол адамның туып-өскен жері, сол елдің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрі, табиғаты.
-Ал сендер қай елде туып-өстіңдер?
Не түсінгендерін тірек сызба бойынша айтқызу.
Туып-өскен жер туған туыстар мектеп
Ата –ана Қазақ елі менің ауыл
туған жерім, себебі……
Достар сыныптастыр қала
-Балалар, көптеген қандастарымыз шетелде тұрады. Солардың біреуі ата- бабасының туған жеріне саяхат жасамақшы болды. Ролдік ойынды ойнау үшін екі білімгер керек. Біреуі гидболады. Ойында Қазақстанның картасымен қолданамыз.
Екі оқушы шығады.
-Мен ата-бабаларымыздың туған жеріне ,еліне саяхатқа келдім.Қазақстан туралы көбірек білгім келеді.
Гид Қазақстан туралы мәлімет береді.
Мәтінмен жұмыс.
Менің елім- менің жерім.
Менің туған жерім –Қазақстан. Қазақстан-тәуелсіз, егеменді,ірі мемлекеттердің бірі.Елімізде 120- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.Қазақстан жері кең-байтақ.Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет.Біздің еліміз өз тәуелсіздігін алған
соң,жан-жақты тиімді саясат жүргізді.Шет елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты.Әлем елдеріне өзін жақсы әріптес,сенімді одақтас екенін мойындатты.Біздің мақсатымыз: еліміздің өркениет жолындағы осындай игі бастамаларын әрі қарай жалғастыру.
111 деңгей
Мәтінді оқып, аудару.
11. деңгей
Мәтінді оқып,түсінгенін орысша айтып беру
1 деңгей
Мәтінді оқып , мазмұнын қазақша айтып беру.
«Мені түсін» ойыны.
Оқушылар мәтінді оқып,түйінді сөздерін дәптерлеріне жазады.Дәптерлерін жабып,бір парақ қағазға осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 нақты сөз жазады.Соңынан мен парақтарды жинап алып,өзім алдын-ала даярлаған түйінді сөздерімен салыстырамын.Кімнің сөзі осы тұпнұсқамен сәйкес келгені көп болса,сол жеңімпаз деп танылады.
Грамматикалық тапсырма.Сөзге фонологиялық талдау жасау.
ЕЛІМІЗ
1.Бұл айтылу,жазылу жолдарына қарай: жіңішке сөз.
2.Бұл сөз Е- ЛІ – МІЗ болып 3 буынға бөлінеді.
\/ \/ \/
а.б а.б б.б
3.Тасымал.
Елі- ! бұл сөз елі-міз болып бір жағдайда тасымалданады,
міз .! себебі бір жолда жалғыз дауысты дыбысты тастауға
! болмайды.
4.Екпін.
Бұл сөздің соңғы – МІЗ буындағы І дыбысына түсіп,себебі қазақ
тілінде екпін тұрақты,сондықтан буынның соңғы дыбысына
түседі.
5.Буын үндестігі бар: ЕЛ-түбір сөз жіңішке болғандықтан
қосымша + І +МІЗ жіңішке жалғанып тұр.
6. Дыбыс үндестігі жоқ.
Рефлексия:Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім ……
Менің елім болашақта ……..
Бүгінгі сабағымызды Қасым Аманжоловтың сөзімен аяқтағым келеді
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Бағалау.
Үй жұмысы.
