Мазасыз балалардың ата-аналарымен жұмыс жасау

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті

Психологиялық –педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі
Гүлжауһар Пірімқұлова Жұмабекқызы

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Адамның өмір сүру дағдысы ата-анасының берген тәрбиесіне тікелей қатысты : Егер ата-ана баласын әрқашан мадақтап отырса, ол бала жауапты кезеңдерде кез-келген кедергіден өте аламын деп өзін-өзі сендіре алады. Ал әлсіз деп қорғаса бала соған сүйеніп кетеді. Осыдан кейін мазасыздық пен қорқыныш терминдері туындайды. Э.Иззард мазасыздықтың көптеген эмоцияларыныі бірін қорқыныш деп атаған. Әртүрлі жастағы адамдар қорқынышыты әртүрлі қабылдайды. Мәселен бала 2 жасында дәрігерден қорқады. Ал 6-7 жастағы басты қорқынышы өз өлімінен болса, 7-8 жаста ата-анасының өліп қалуынан қорқа бастайды. Ал 8-11 жасында бір істі басқалай істеуге немесе нормаға сай болмай қалудан үрейленеді. И.Ранчбург пен П.Поппердің заңдылықтарына сүйенсек баланың интелекті өскен сайын қорқынышы көбейеді. Е.Ю.Брелоның әлеуметтік психологиялық факторға жүргізген зерттеуі балаларды мазасыздануына ата-аансыныңі өз жұмысына қанағаттанбауы материалдық жағдайына , тұрғын үйіне көңілі толмайтындығыда әсер ететіндігі көрсеткен. Мектепке барар алдында бала мектептегі мазасыздықты көп ойлайды. Мысалы 1-ші сынып оқушылары ең алдымен жаман бағадан емес, ата-анасымен, ұстазымен, құрдастарымен келіспеушілікпен қатты қорқады. Мамандардың айтуы бойынша мектепке дейінгі кезеңдерде ер балалар қыз балаларға қарағанда мазасыздау болады да, 9-11 жас аралығында қыздармен ұлдар теңеліп кетеді. 12 жастан кейін қыздарда мазасыздық деңгейі көтеріледі. Мазасыздық көбіне мына жағдайларда болуы мүмкін.

1Кері міндеттер баланы кемітіп немесе біреуге тәуелді етуі мүмкін.

2. Көп талап қою.

3.Қарама-қарсы талаптар.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОЙЫН кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп қоғамдық машықтарына тәрбиелейді баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар. Ойын барысында бала жан-жақты тәрбиеленеді. Ойынға араласуы балаларды қуанышқа кенелтеді. Жуас, қорқақ балалармен қатар неше түрлі қиындықты жеңіп шығатын балалар да кездеседі. Тәжірибеде көрсеткендей баланың көп мазасыздануы тәрбиенің дұрыс берілмегендігінде жатыр. Мысалы: ата-аналары жоғары дәрежеге ие болып не материалдық жағдайы жақсарғанда баласындағы сәтсіздікті көргісі келмегендіктен оларға шамадан тыс талаптар қояды. Кейбір ата-аналардың өздеріде мазасыз болып келеді де аз ғана сәтсіздікті төңкеріс тәрізді қабылдап кішкене қателік жасауға да рұқсат етпейтін жағдайлар жиі кездеседі. Осыдан келіп бала бойындағы мүмкіншілігінен айрылып іст еген ісінен нәтиже шықпаған соң соған еті үйреніп кетеді де, қарапайым жағдайлардың өзіне күрессіз ақ беріледі. Кейбір ата-аналар баласын қандайда болмасын өміріне қауіп төндіретін жағдайлардан сақтауға тырыстып өмірдің қиыншылықтарына қарсы жеке күресе алмауын дамытады. Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл баланың қалыпты дамуына әсер етеді. Яғни оны үлкендермен құрдастарымен араласуына кесірін тигізеді. Кейбір ата-аналар балада пайда болған қандай да болмасын қорқынышты біліп дұрыс бағыт бере алмайды. Олар баланы қорықпауға көндіреді. Немесе оны мазақтайды. Бұл екеуі де қорқынышты күшейте түседі. Жиі жасалған ескертулер ұрыс керістер балаға агрессия ғана емес сонымен бірге мазасыздықтың қалыптасуын тудырады. Мұндай балалар бір күн бойы балаларға айтқан немесе айтуға оқталған ескертулерін жазып жүргені дұрыс. Тәуліктің соңында оларға қайсібіруі баламен қарым-қатынасты нашарлатқанын байқауға болады. Сондықтан да мұндай ата-аналар алдымен өз – өздерін тәрбиелеумен айналысқандары дұрыс.

Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» – деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. Ата-аналар кодексінде: -Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес; -Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз; -Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. -Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін, Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатындай, – балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: “Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген” нақыл сөзбен аяқтағым келіп отыр.

Гуля Оқушылардың дамуындағы ауытқудың (Автосох раненный).docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше