Ер Төстік ертегісі

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Бозой орта мектебінің 10 класс оқушысы
Облыстық «Мен өмір сүріп отырған әлем»тақырыбындағы эссе
байқауынан І орын иегері:Анафияева Гауһар Сайлауқызы
Жетекшісі: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Шадина Гүлдәрі

Жаңа жаһанданған заманда шал-кемпірдің жеті баласы болады.Олар білім жолына түсіп,шетелге хабарсыз кетеді.Бір күні ата-анасы көптен күткен сегізінші баласы дүниеге келеді.Аты Ер Төстік деп аталады.Баланың ерекше дамыған қасиеті болады.Бала өскен сайын күннен күнге шығады.Шет елдерді аралайды.Түрлі кедергілер мен қиындықтарға тап болады.Сонымен бірге достар табады,сол қиындықтарды достарының көмегімен жеңеді.Оның достары:Желаяқ досы-самолёт,Көлтаусар досы-кеме,Саққұлақ досы –интернет,Таусоғар досы-білім,Шалқұйрық атты досы-джип машинасы болды.Осы бес досымен жеті мемлекетке жеті ағасын іздеуге шығады.Ол АҚШ,Корея,Ұлыбритания,Жапония,Россия,Бразилия және мықты көмек берген досы- Қытай мемлекеттері.Интернет арқылы жеті ағасының осы мемлекеттерде жүргенін анықтап,достары самолёт,кеме,интернет,білім,джиптің көмегімен жеті ағасын алып қайтады.Жеті ағасы әр мемлекеттен алған білімдерін,көрген өнерлерін еліне алып келіп,Қазақстанды дамушы елдердің қатарына жеткізуге өз үлестерін қосады.ЭКСПО-ға өз жобаларын ұсынады.Англияның Кембридж университетіне лекция оқуға барған кезінде Кенжекейді кездестіреді. Кенжекей де білімді,ақылына көркі сай ару еді.Ер Төстік Кенжекейді өз елі Қазақстанға алып келіп,отбасын құрады. Ата-анасы,Ер Төстік және жеті ағасы ұзақ та,бақытты өмір сүреді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше