Жай сөйлемнен өткенді қайталау.
Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің Гүлбаршын Аққалиқызы Кажгалиева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ІІ санатты.
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау, жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың іздемпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
