3 cынып математика “Бағасы. Саны. Құны”

Алматы облысы Ескелді ауданы
Қаратал орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Сейфульдинова Гүлбану Сембіқызы

Сынып: 3 сынып
Пәні: Математика
№ 58
Сабақтың тақырыбы: Бағасы, саны, құны
Сілтеме: Математика Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. Алматыкітап баспасы 2014ж
Сабақтың мақсаты: Жаңа есеп түрін шығару дағдысын қалыптастыру (баға, мөлшер, құн)
Күтілетін нәтиже Пәндік нәтиже:

§ 8-бен 9-ға көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекиді; есептеу

§ дағдыларын жетіледі;

§ заттың бағасы, саны, құнын табуға арналған есептер шығару дағдыларын қалыптасады.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Проблемалық сұрақтардың шешімін табу мақсатындағы шығармашылық жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу

Тұлғалық нәтиже: Салмақтау және саралау, өзіндік пікір қалыптастыру, өзінің пікірін қабылдай білу мәдениетіне баулу

Түйінді идеялар: Материалды талдай отырып, күнделікті өмірмен байланыстырып, салыстыра біледі.
Тапсырма көздері: Диалог әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды.

Топтық жұмыстар: хат жазу, өз ойын еркін жеткізу, сурет салу болжам айту, дәлелдеу.

Көрнекілік Демонстрациялық материалдар, кестелер, суреттер
Қолданылған модульд Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.
Кезең Сабақта орындалатын іс – әрекеті Оқыту әдісі Бағалау
Оқу қызметіне ынталандыру. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық (Әуен естіледі)

Топқа бөлу. Қиындылардан үшбұрыш құрастыру

Сыныпта жағымды ахуал орнатылады
Оқу іс-әрекетіне қызығушылықты арттыру.

Осы сабақта тиісті көрсетілімдік материалдар (СБ-презентация пайдаланылады.

1-слайд

Ауызша есептеу.

1-топ: 8*8=64 64/8=8

2-топ: 9*9=81 81/9=9

3-топ: 8*9=72 9*8=64 72/8=9

Өрнектердің мәні табылғаннан кейін бүгінгі күннің тақырыбы ашылады.

Сыни тұрғысынан ойлау Өзіндік тексеру
Білімдерін белсендіру Бұл сабақта тиісті презентация қолданылады. Мұғалім оқушылардың «баға, «саны», «құн» деген тұрмыстық ұғымдарын анықтайды. Осы ұғымдарға есептер құрастырылады.

2-слайд

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Келесі слайдтарда оқушылар өздері есеп шығара отырып құн, баға, мөлшерді (екі сан белгілі және бір сан белгісіз

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Дауыстап түсіндіру арқылы жаңа материалды алғаш бекіту болғанда) қалай табуға болатыны туралы ереже (үшбұрышты пайдалану арқылы) тұжырымдайды.

3-слайд

Бүгін дүкеннен зат сатып алуға байланысты есептер құрамыз және шығарамыз. Осыған сәйкес слайд қараймыз. Бір самсаның бағасы қандай? Неше самса сатып алынды? Барлық сатып алынған зат үшін қанша ақша төлеу керек?

3самса х 5тг = 15тг

Жауабы: 3 самсаға 15тг төлеу керек

Қиындықтан шығу жобасын құру 4-слайд

1-топ: №2

5-слайд

Бағасы Саны Құны
5 теңге 4 20 теңге
6 30 теңге
7 35 теңге

Тауардың ҚҰНЫН анықтау үшін, БАҒАСЫН оның САНЫНА көбейту керек.

Қ = Б ⋅ С

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер Бағдаршаммен бағалау
6-слайд

2-топ: №3

7-слайд

Бағасы Саны Құны
8 теңге 3 24 теңге
4 32 теңге
5 40 теңге

Сатып алынған тауардың САНЫН анықтау үшін, тауардың ҚҰНЫН оның БАҒАСЫНА бөлу керек.

С = Қ : Б

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер Бағдаршаммен бағалау
8-слайд

3-топ: №4

9-слайд

Бағасы Саны Құны
6 теңге 24 теңге
7 теңге 28 теңге
8 теңге 32 теңге

Сатып алынған тауардың БАҒАСЫН анықтау үшін тауардың ҚҰНЫН оның САНЫНА бөлу керек.

Б = Қ : С

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер Бағдаршаммен бағалау
Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруге арналған өздік жұмыс Бұл кезеңді ұйымдастыру үшін оқылатын есептер түрін құрастыруға және шығаруға арналған слайд ұсынылады.

10-слайд

Бағасы Саны Құны
5 теңге ? 30 теңге
? теңге 6 48 теңге
9 теңге 3 ? теңге
1-топ 2-топ 3-топ
Өшіргіш бағасы-5тг

Құны-30тг

Саны-?

30/5=6

Жауабы саны 6

Қарындаштың саны-6

Құны-48тг

Бағасы-?

48/6=8

Жауабы: бағасы 8тг

Сызғыш бағасы-9тг

Саны-3

Құны-?

9*3=27

Жауабы: құны 27тг

С = Қ : Б Б = Қ : С Қ = Б ⋅ С
Өзара бағалау
Сергіту сәті 11-слайд

№1 50 теңгеге не сатып ала аласың?

торт-40тг+чупа-чупс-8тг=48тг

чупа-чупс-8тг+шырын-40тг=48тг

пирог-35тг+чупа-чупс-8тг+кәмпит-4тг=47тг

торт-40тг+кәмпит-4тг+труфель5тг=49тг

шырын-40тг+кәмпит-4тг+труфель5тг=49тг

пирог-35тг+чупа-чупс-8тг+ труфель5тг=48тг

пирог-35тг+ кәмпит-4тг+ труфель5тг=44тг

Жаңа білімді бекіту, оны білім жүйесіне енгізу. 12-слайд

Логикалық тапсырма

Сырқы түрі ұқсас үш тиіннің бірі – жалған. Ол басқаларынан жеңіл. Дәріхана таразысымен бір рет өлшеу арқылы оны тауып алуға бола ма? (гіртас жоқ)

=

>

<

«Теңге туралы не білеміз?»

1-сұрақ: Қазақстан теңгесі қашан айналымға енді?

– Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

2-сұрақ: теңгенің қандай банкноттары бар?

– Теңгенің 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары бар.

3-сұрақ: ұлттық валютамыздың авторлық тобының жетекшісі кім?

– Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.
13-cлайд

Тірі сұрақтар

Аспаз: Бұрын балалар 120 теңгеге 1ғана бәліш алатын еді, қазір 2 бәліш алатын болды. Сонда бәліштің бағасы артты ма, кеміді ме? Неге?

Оқушы: Асханадағы прәндік 50 теңгеден 55 теңгеге өссе, менің 100 теңгеге алатын прәндігімнің саны арта ма, кеми ме? Неге?

Ата-ана: Мен балама асханаға жұмсағанға ақша беріп тұрамын. Баламның күнде алып жүрген тоқашы 5 теңгеге қымбаттаса, менің ендігі беретін ақшам артта ма, кеми ме? Неге?

Әр топқа сұрақтар беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, жауап береді.

14-слайд

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану Өзара бағалау
Іс-әрекетті қорытындылау 15-слайд

Іс-әрекетті қорытындылау – Не ерекше ұнады?

– Не білдің?

– Не түсініксіз болып қалды?

Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. Смайликтермен бағалау
Үйге тапсырма Үй тапсырмасы:

№6

677-499=178

137+798=935

497+264=761

238+762=1000

297+379=676

1000-468=532

789+85=874

457+78=535

594+176=770

870-467=403

900-79=821

403-75=328

№7

Р=(5см8мм+3см3мм)*2=18см2мм

Қорытынды Өзіндік бағалау

Оқушының аты-жөні Иә +, жоқ –
1. Заттың құнын табуды білемін
2. Заттың санын табуды білемін
3. Заттың бағасын табуды білемін
4. Дүкенге барағанда осы білімді пайдалана аламын
Оқушының бағасы
Мұғалімнің қорытынды бағасы
Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. Критериалды бағалау

Бағасы, саны, құны.pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше