Шаршы (квадрат)
Тараз қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Еселбаева Жансая Бигельдиевна
Күні: 25.11.14 Сынып: 2 «А»
№45 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Шаршы (квадрат)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға шаршы фигурасы туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1.Геометриялық фигураларды еске түсіре отырып, шаршы жайлы түсінік беру, есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға үйрету.
2.Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: геометриялық фигураларды еске түсіре отырып, шаршы жайлы түсінеді, есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға үйренеді, ой-өрісі, есте сақтау қабілеттері дамиды, тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақ (аралас сабақ)
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, «Венн диаграмма»
Жұмыс формасы: топтық жұмыс,жеке жұмыс, жұптық жұмыс.
Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрал-жабдықтары: маркер,A3 форматты қағаз, фигуралар, стикер, жеке деңгейлік тапсырмалы үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, кесте, дидактикалық материалдар, жетондар, үлестірмелі қағаздар, фигуралар суреті.
Сабақта қамтылған модульдер: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың барысы:
| Сабақ
кезеңдері, уақыты |
Жұмыстың
түрлері |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
| «Қызығушы-
лығын ояту». 2 минут 1 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Фигураны құра біл» ойыны. Топқа бөлініп отырады. 1-топ «Шаршы» 2-топ «Үшбұрыш» 3-топ «Тік төртбұрыш» 4-топ «Шеңбер» |
Оқушыларды ортаға шығарып «Фигураны құра біл» ойынын ойнату.
Үлестірмелі қағазды таратамын. Топ басшыларын сайлату. |
Оқушылар ортаға шығып «Фигураны құра біл» ойынын ойнайды.
Әр топ адасқан әріптерден фигура құрастырады және мұғалімге хабарлайды. Әр топ өз басшыларын сайлайды. Және де берілген фигуралары туралы түсінік береді. |
|||||
| 2 минут
2 минут |
ІІ.Үй тапсырма
сын тексеру. «Араның гүлге қонуы» ойыны 89 бет №6 ІІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.
«Ой шақыру». |
Оқушылар-
дың дәптерлерін тексеремін. Оқушыларға сұрақтар қоямын. Оқушыларға үлестірмелі қағазды тарату. Сөйтіп, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады. |
Оқушылар дәптерлерін жинайды.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын біледі. |
|||||
| «Мағынаны тану».
5 минут 3 минут 10 минут 1 минут 5 минут 3 минут 3 минут |
IҮ.Жаңа сабақ.
ІІ.Қызығушылығын ояту. Деңгейлік тапсырма. Өрнектің мәнін тап: №2.Есепті әр түрлі тәсілмен шығар. (20+10)+4=34 1) Бұл шеңберде нүкте нешеу, Сонша қолыңды көтер дереу. 2) Қанша шаршы көріп тұрмыз, Сонша алға еңкейеміз. 3) Кесінді нешеу болса, Сонша секір қуана. 4)Бұрыштарды санайық, Сонша отырып, тұрайық. 2-деңгей. (10 ұпай) Түптеуге тиіс-48 кітап 3-деңгей (15 ұпай) №4. Қосындыларды салыстыру. Олардың мәндерін тап. Осыған ұқсас қосындылар құр. 4-деңгей (20 ұпай) Шығармашылық тапсырма: Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал. Тест жұмысы. ә) терімділік б) 70 жыл |
Оқушыларға жаңа сабақ жөнінде түсінік беру.
Оқушыларға фигуралар- дың нөмірле- рін тапқызу. Өрнектің мәнін тапқызу. Қосымша тапсырма: 1-деңгей №1.Өрнек тің мәнін тап: 8+6= 6+8= 8+7= 7+8= Оқушыларға топтық тапсырма беру. Қосымша тапсырма: №2.Есепті шығар: Геометрия лық фигураларға байланысты сергіту сәтін жасату. Есепті әр түрлі тәсілмен шығарту. Қосымша тапсырма: №3. Есептің шешуі мен жауабын жаз. Үлгіге ұқсас қосынды- ларды құрастырту. Шығарма шылық тапсырманы орындату. Белгілі бір уақыт беремін. Тестті орындайды. Сол уақыт ішінде орындап бітулері керек. Қосымша тапсырма: 3-деңгей (15 ұпай) Тест жұмысы. |
Оқушылар
Мұғалімді мұқият тыңдайды. Оқушылар фигуралар- дың нөмірле- рін табады. Өрнектің мәнін табады. 4 топ ортада талқылай отырып, жұмыс жасайды, және ортаға шығып қорғайды. Интерактив- ті тақтадағы сурет бойынша, сергіту сәтін жасайды. Есепті әр түрлі тәсілмен шығарады. Үлгіге ұқсас қосынды ларды құрастыра- ды Логикалық тапсырманы ойлана отырып орындайды. Белгілі бір уақыт ішінде тестті орындап бітеді. Белгілеген тест жауаптарын жұптаса отырып, тақтада орындайды. |
|||||
| 2 минут | Айырмашылық-
ты тап. |
Әр топқа үлестірмелі қағаз тарату. | Үлестірмелі қағаз бойынша айырмашы-
лықтарын табады. |
|||||
| V.Сабақты бекіту:
2 минут |
Венн диаграммасы: | Венн диаграмма арқылы сабақты қорытынды-
лаймын. |
Венн диаграмма арқылы интерактивті тақтада жұмыс жасайды. | |||||
| VІ. Үй тапсырма-
сын беру. 1 минут |
91 бет №6 | Үй тапсыр-
масын түсіндіріп береді. |
Күнделікте
ріне жазып алады. |
|||||
| VІІ. Бағалау
1 минут |
Ең көп фигураларды жинаған топ оқушыларын анықтау. | Мұғалім фигуралар-
ды санатады. |
Оқушылар фигураларды санау арқылы өздерінің бағаларын анықтап алады. | |||||
| Кері байланыс
2 минут |
Кері байланыс жазу
|
Стикер тарату | Кері байланысты жазып толтырады. |
