Етістікті қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Шардара қаласы
« Шардара» мектеп – лицейі
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Асылбекова Төрайым Тоғманқызы
Сабақты тақырыбы: Етістікті қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістікті қайталай отырып, талдау арқылы етістіктің мағыналық түрімен жұмыс істеу.
Дамытушылық: Етістіктің құрамын, тұлғасын, құрылысын талдауға баулу, шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту.
Тәрбиелік : Өз ойын еркін айтуға, әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, ізденушілік, дәлелдеу, еркін жазу.
Оқытудың формасы : Бірлескен ұжымдық іс-әрекет.
Пән аралық байланыс : әдебиет, шешендік өнер, тарих.
Сабақ көрнекілігі: бағалау парағы,тірек сызба, үлестірме қағаздар,тест үлгілері, перфокарта.
Сабақтың құрылымы: Тақырыпты оқып үйренудің 3 кезеңдік алгоритімі.
1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі.
2-кезең. Үй тапсырмасын тексеру.
3-кезең. Білімді тексеру.
І – кезең: а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Сабақ мақсатын хабарлап дәптерлеріне күн ретін, тақырыпты жаздыру.
б) Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескеру.
в) Ашық журнал бойынша бағалау ретін түсіндіру.
Білім беру: 1.Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
2.Сабақты,салт етістік дегеніміз не?
3.Етістер дегеніміз не?
4. Рай категориясы нені білдіреді?
ІІ – кезең: а) Ереже табу.
Екі топқа бірдей тапсырма.
Әр топ мүшелері жылдам жауап беру қажет.Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып,нақты жауап беру талап етіледі.
ә) Ережеге сәйкес жаттығу жұмысын жүргіземіз.
Жатып -ып көсемше
Тауыса -а көсемше, алар – ар есімше.
221 – жаттығу.Етістікті тауып тұлғасына, түрлеріне қарай талдау.
б) Сөздік табу. Әр топтағы оқушыларға тапсырма беру. Мәтіндегі етістікті тауып, талдау, түбірін, қосымшасын ажыратып ережесін айту.
Мысалы: болса – түбірі – са шартты рай. Шартты рай іс қимылдың орындалу – орындалмау шартын білдіреді.
111- кезең.
а) Тест – конкурс.
Әр топқа тест үлгілері беріледі.
Топ бойынша бірлесіп жауабын белгілейді. Ойлауға 1 минут. Мұғалім дұрыс жауабын оқиды.Топ мүшелері тексеріп,дұрыс жауаптары бойынша ұпай санын есептейді.
Бағалау.
1.Әр топтың жауабын бағалау.
2.Топ басшылары өз тобының жұмысына баға береді.
3.Оқытушы оқушының жауаптарына,белсенділігіне қарай бағалайды.
4.Үйге тапсырма. 222 – жаттығу. Етістікті табу. Талдау.
Қортынды.
Сабақтың тақырыбы : Д.Исабеков «Ата үміті»
6- сынып.Әдебиет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіменің мазмұнын ұғындыру арқылы Омаш әрекетіне түрлі көзқараста баға беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды үзіндідегі кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін,эстетикалық сезімін ояту,қысқаша мазмұндау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттыру,өздігінен білім алуға баулу.
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сын тұрғысынан ойлану.
Сабақтың түрі: қортынды, бекіту сабағы.
Сабақ жабдығы: Д. Исабековтың портреті, кеспе қағаздар,үлестірме қағаздар, кестелер.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,орыс тілі, шет тілі,география, ботаника, тарих.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа ат қою. «Сенім»тобы, «Мейірім» тобы.
Топтық жұмыс.
1-топқа.
- Д. Исабековтың алғашқы әңгімелері алғаш рет қашан жарияланды?
- Шығарманың тақырыбы не?
2-топқа.
1.Д. Исабековтың қандай шығармаларын білесің?
(Сүйекші,Дермене,Біз соғысты көрген жоқпыз)
2.Шығарманың кейіпкерлерінің ата.
(Тоқсанбай,Омаш,Ергешбай)
Қортынды:Әр топ басшының бағалау парағы арқылы оқушылардың білімін бағалау.
«Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбына үйден шығарма жазып келу.
