«Алғашқы қоңырау!» (1 қыркүйек-Білім күні мерекесін өткізу сценарийі»

Умырбаева Бибігүл Төлегенқызы

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы

«№3 Жетібай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

«Алғашқы қоңырау!»

(1 қыркүйек-Білім күні мерекесін өткізу сценарийі»

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3.Музыкалық сәлем ( Ізберген Жанкүміс «Туған жер»)

4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын келтіру.

Гимн шырқалады.

6.Мектеп директорына сөз

7.Қонақтарға сөз

8. 1- сыныпқа оқушыларды қабылдау рәсімі.

9.1 сынып оқушыларының құттықтауы

10.Алғашқы қоңырау соғу салтанаты

11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару

12.Музыкалық сәлем

13. Салтанатты жиынның жабылуы.

Көк байрағым көк жүзінде қалқыған,

Әнұраным әуелеген, шалқыған

Бес құрлыққа елдің атын паш еткен

Елбасы да өткен ұстаз алдынан

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Жүргізуші: Армысыңдар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!

Жүргізуші: Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.

Жүргізуші:Сағынышпен күткен “ Алғашқы қоңырау!” атты мерекелік шарамызды бастаймыз.

«Назар аударыныз», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!

(Бұйрық берілгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын енгізеді.

(Ту ұстаушы топ оқушылар қатарының алдынан өткеннен кейін мектеп сап түзеуінің төріне орналасады)

Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

Жүргізуші: «Алғашқы қоңырау!» мерекесін ашу рәсімі мектеп директорының міндетін атқарушы Медиева Қаным Маңғыбайқызына беріледі.

Жүргізуші :

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биіік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

( қонақтарға сөз беріледі)

1. Аудандық блім үйлестіру орталығының әдіскері:

Забирова Зәмзәгүл Сапаралықызы

2.Ардагер ұстаз- Мастаева Ирина Құбашқызы

2013-2014 оқу жылын сапалы білімімен аяқтаған үздік оқушыларды марапаттау рәсімін мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Медиева Қаным Маңғыбайқызына береміз.

Жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол ұрайық.

Айқара ашқан есігін

Қайнары білім нұрының

Мектебің – алтын бесігің

Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,

Достасарсың да әріппен

Шуағын себер жолыңа,

Жан серігің – әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сыныпоқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз. Ортаға

1-сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен бірге шақырамыз.

1а сыныбы-Қазиева Гүлмира Жаңғаққызы

1ә сыныбы-Кенжебаева Жаңагүл Сүлейменқызы

1б сыныбы-Амантаева Айсұлу Жүсіпқызы

1в сыныбы-Утебаева Гүлбану Салауатқызы

1г сыныбы-Имамадинова Оразгүл Имамадинқызы

1д сыныбы-Қосанова Айгерім Түгелбайқызы

Жүргізуші:

Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбірқадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайғаотырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымызбүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқықоңырау мерекесіне қатысу сәті.

Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге

талпынған қадамы.

Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға

рұқсат етіңіздер!

(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады,

өнерлері тамашаланады)

Жүргізуші:

Күтіп тұр, алда сан қызық,

Асулар асқар, неше сын

Кеудеңе үміт жанғызып,

Азамат болып өсесің.

Сусындап білім нұрынан,

Шыңдаласың да ширайсың

Зымырап жылдар зымыран

Тұрарсың бізді қимай шын.

Үміттің отын жандырған

Қызырдан болсын қолдаушың

Хош келіпсіңдер, балдырған

Қадамдарыңа нұр жаусын!

Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын.

(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау қағады

Алғашқы қоңырау соғу салтанатты 11гимназия сынып оқушылары Бердіғожа Әсемгүл мен Жұмахан Бердібек және 1-сынып оқушылары Ізберген Айкүн мен Жұмажан Адайға беріледі.

Жүргізуші:

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын.

Әсем сыңғырлаған қоңырау үнімен 1- сыныпқа қабылданған

оқушыларымызды мектеп ана құшағын айқара ашып, қарсы алады.

Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып – тасайық

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің

Ән: «Жаса, Қазақстан» Орындайтын 9 «А» сынып оқушысы

Төремұрат Нұрдәулет

Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!

Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “ Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2014-2015 оқу жылының «Бір мақсат.Бір мүдде.бір болашақ» атты алғашқы сабағымен жалғасады.

Ақ жол, мектеп оқушылары!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше