Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы,
№3 мамандандырылған мектеп-интернаты
математика пәнінің мұғалімі: Құрымбаева Айман

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Оқыту әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, практикалық, тест, көрнекілік.

Сабақ мақсаты:

Білімділік:оқушыларды квадрат үшмүше және оның түбірлері ұғымдарымен таныстыру, оқушылардың квадрат үшмүшені көбейткіштерге

жіктей алу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушыларды алғырлыққа, тез ойлай білуге дағдыландыра отырып, олардың талдау, салыстыра білу, танымдық, өз бетімен еңбектену, ауызша және жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: математика пәні талап ететін ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету, оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлығын арттыру.

Пәнаралық байланыс: информатика.

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Оқушылардың білім және білік дағдысына қойылатын талаптар:

Квадрат теңдеудің түбірлерін таба білу.

Қорытындылау. Үй тапсырмасы.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

  • оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
  • сыныптың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау:

Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

Өткен материалдарды сұрақ-жауап арқылы қайталау.

  1. Квадрат теңдеудің жалпы түрі?
  2. Толымсыз квадрат теңдеулерді білесің бе?
  3. Квадраттық теңдеу түбірлерінің дискриминантын қалай табамыз?
  4. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауа болады?
  5. Виет теоремасын білесің бе?
  6. Көбейкішті түбір таңбасының алдына шығар:
  7. Өрнектің мәнін тап:
  8. Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арыл:

Кестедегі бос орынды толтыр:

ІІІ.Мағынанытану.

Жаңа сабақты түсіндіру. Тірек-сызба арқылы жаңа материал түсіндіріледі.

– квадрат үшмүше.

мұндағы х– айнымалы, а,в,с – коэффициенттер және

а – квадрат үшмүшенің бірінші коэффициенті.

в– квадрат үшмүшенің екінші коэффициенті.

с – бос мүше.

Егер квадрат үшмүшенің бірінші коэффициенті 1-ге тең, яғни болса, онда квадрат үшмүше – келтірілген квадрат үшмүше деп аталады.

() квадрат теңдеуінің түбірлері

квадрат үшмүшесінің түбірлері деп аталады.

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы:

Формуланың дәлелдеуі:

мұндағы квадрат теңдеуі берілсін.

теңдеудің екі жағын бірінші коэффициентке бөлу арқылы

келтірілген квадрат теңдеуін аламыз.

Виет теоремасы бойынша: және

және

табылған коэффициенттерді квадрат үшмүшенің коэффициенттерінің орындарына қойып топтау тәсілін қолданып, түрлендірміз.

формуласын аламыз.

Дәлелденді.

Формуланы есептерде қолдану.

Мысал:

1) квадрат үшмүшесінің түбірлерін тап.

Жауабы: 1; 7

2) квадрат үшмүшесін көбейткішке жікте.

Жауабы:

3) бөлшекті қысқартыңдар.

1. 2.

Жауабы:

ІV. Ой толғаныс.

Практикалық кезең. Квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу формуласын есептер шығаруда қолдана білу.

№1 Үшмүшенің түбірлерін табыңдар.

1) 5)

2) 6)

3) 7)

4) 8)

№2 Квадрат үшмүшесін көбейткішке жікте.

1) 5)

2) 6)

3) 7)

4) 8)

№3 Бөлшекті қысқартыңдар.

1) 3) 5)

2) 4) 6)

V. Шығармашылық.

Сен мұғалімсің. Шығарылған есептің қатесін тап.

№1 Квадрат үшмүшесін көбейткішке жікте.

Шешуі:

Жауабы:

№2 Квадрат үшмүшесін көбейткішке жікте.

Шешуі:

Жауабы:

VІ. Қорытынды.

Өтілген сабақты сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

Бағалау тақтадағы шығарылған есептерінің нәтижелері бойынша, сұрақтара жауап бергендігі бойынша жүргізіледі.

Сабақ бойында жасалған жұмыстарға талдау жасау, жіберілген қателіктерге назар аудару.

VІІІ. Үйге тапсырма

Алгебра оқулығы,

Алматы “Мектеп”-2008 ж.

75-79 беттер, есептер №230, №232, №237.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше