«Сыңғырла,соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны
Умырбаева Бибігүл Төлегенқызы
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы
«№3 Жетібай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
«Сыңғырла,соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны
Өтетін уақыты:25.05.2014ж,сағ.10.00
Өтетін орны:Мектептің спорт залы
(Безендірілген залда музыка ойналып тұрады.Алғашқы ұстаздар мен
10 жылдық,20 жылдық,30 жылдық түлектерді ,келген қонақтарды өз орындарына жайғастыру)
1.Жиынның басында ән шырқалады.
«Туған ел» -Ізберген Жанкүміс
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар,қымбатты оқушылар,қадірлі жас түлектер!
Міне,бүгін қызығы мен қиыншылығы мол,әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі-соңғы қоңырау салтанаты.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп,мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.Бұл күн-мектеп тарихында,мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Құрметті қонақтар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар «Сыңғырла,соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау,арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің,айналайын халқым менің!
Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген,өмір берген,
Қош келдің әкелер мен аналарым.
Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,
Бағбан-ұстаз баулыған құстары-гүл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясына
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Ұрпағың мақтануға болсын лайық
Біз бүгін мақтанайық,жар салайық
Биылғы 2014 жыл түлектерін
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!-деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына.
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен ағайын
Ақ жолына той шашуы шашылсын!
(Оқушылар келе жатқанда алдарына ақ жол төселеді.Құрманғазының күйі «Адай» орындалады.Шашу шашылады.Түлектер келеді.)
(Түлектер ортаға шыққан кезде 11 «А» және 11 «Г» сынып оқшыларының жетістіктері айтылады)
-Жиын сап түзеп,тік тұр!Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы салтанатты жиынға әкелінсін!
Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан,тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі
желбірей берсін!
Жүргізуші: Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың,-деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарыңыз бүгін таудай болып алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.
Жүргізуші:
Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы леп
Айтатыны ақ бата мен ақ тілек
Табыстарға мәз-мейрам болып жүргені
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері,-дей келе құттықтау сөз
мектеп басшысының міндетін атқарушы Медиева Ханым Маңғыбайқызына
беріледі
Жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер
Сөз кезегін қонақтарға берейін,-дей келе келген қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.
-Қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін,тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр,ендеше сөз түлектерде.
11 сынып оқушыларының мерекелік бағдарламасы
(өлең жолдары,ән,алғашқы ұстаздарына,сынып жетекшілеріне тілек)
-Ендігі сөз кезегі мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілеріне беріледі.
Білім кілті тапсырылады. (тапсырушы-Базарбаева Айнұр,
Қабылдап алушы-Бердіғожа Ақжүніс
Жүргізуші:
-Мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған үлкен сын Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілекші болып келіп тұрған түлектердің ізбасарлары өз аға-апаларына тұмар тақпақшы.Ендеше ортаға түлектердің ізбасарларын тұмар тағу рәсіміне шақырамыз.
(Тұмар тағу)
Жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан,ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы
Сөз кезегін баласы үшін бар жақсылықты аямаған,ұрпағын мәпелеп аялаған ата-аналарға берейік.
Жүргізуші:
Кездескенде қалатұғын шұрқырай,
Балалықтың оралмады-ау бір күні-ай
Барлығымыз бір мектеп,бір сыныпта,
Тағы осылай отырар ме ек шіркін-ай.
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін,
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар 2004 жылғы түлектердің алғысын
Жүргізуші:
Алтын ұя мектебіне ат басын бұрған мектебіміздің 2004 жылғы түлектеріне арнап,мектебіміздің жас әншісі, аудандық «Тәуелсіздік жаңғырығы», «Алтын дауыс» байқауларының жеңімпазы ,3 «А» сынып оқушысы Қарахожа Қайсар «Балдәурен» әнін шырқайды.Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар түлектерім
Орындалсын өмірде тілектерің
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың
Дірілдейді-ау ерекше жүректерің-деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр.Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса,бүгінгісі негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы еститін қоңырау үні. «Алдарыңнан нұрлы күн тусын» дейді мұндайда қазақ.Осындай игі тілекпен соңғы қоңырау үнін мектеп соқпақшы.Соңғы қоңырау соғу салтанатты рәсімі 1 сыныптың үздік оқушылары Керимова Айдана мен Сақыпжан Аманбекке және 11 жыл бойы мектеп қабырғасында сапалы білімімен,саналы тәртібімен мақтаныш болған 11 сынып оқушылары Жарасбаев Нұрбек пен Эрке Тілектеске беріледі.
Соңғы қоңырау соғу сәті.
Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп,артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,
Шалқыта «Мектеп вальсін» билеп тұрып.
«Мектеп вальсі» биленеді.
-Жиын сап түзеп,тік тұрыңдар!Салтанатты жиынымыздан Қазақстанның Мемлекеттік Туы әкетілсін! (Ту әкетіледі)
Жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран мынау қазақтың ұлы ғой»-деп
Көріне біл тұғырдан,биік шыңнан
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!»- деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Келешек өмір қандай болса да,қуанышы мен реніші қатар келсе де,еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді,бірге өскен достарыңды,осы салтанатты ,толғандырар минутты естен шығарма,жолдарың болсын!
-Ән «Ұстазым» орындайтын 11 сынып оқушысы Жолдас Ақмарал.
-Жазғы демалысты жақсы өткізіп,келесі жаңа оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.
