Күй атасы-Құрманғазы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Қазақстан ауылы
№3 “Қазақстан бастауыш мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі
Тулепов Аблай Джалгасович
Cабақтың тақырыбы: Күй атасы-Құрманғазы
Мақсаты: Күй атасы Құрманғазының өмір баянын, күй өнерін оқушыларға насихаттау және күй әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.
Көрнекілігі: Күйшінің портреті, сөз жұмбақ,домбыра,үнтаспа.
Сабақ барысы: .
Ұйымдастыру кезеңі. 2-3 мин.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Ал,балалар келіңдер
Үйреніңдер көріңдер,
Өздерің үйренген өлеңді
Жатқа айтып беріңдер.
Негізгі бөлім.
Оқушылардан өткен сабақтағы Б.Байқадамовтың «Айгөлек» әнін қайталау.
Оқушыларды 3-топқа бөлу және ат қою.
Жаңа сабақ.
Қазақ халқының күйі сан ғасырлық таихы бар бір тұтас өнер туындысы, әрі қасиетті рухани мұрасы. Қазақтың фольклорлық жолмен дамыған , яғни халық жадында сақталып ұрпақтан –ұрпаққа жеткені бәрімізге мәлім. Қазақ халқының ұлы композиторы күйші Құрманғазы Сағырбай ұлы 1818 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданында ,Жиделі ауылында дүниеге келген .Құрманғазы күйлерінің қазақ жерінің тіршілік тынысын, шексіз кең даланың еркін ескен желінің сырлы үнін, желмен жарыса ұшқан тұлпардың шабысын сезініп , халқымыздың күш құатының сырын ұғамыз. Құрманғазы творчествосының ауқымы өте кең. Оның «Сарыарқа», «Алатау», Бұлбылдың құрғыры» күйлері туған жер мен табиғатының сұлулығын бейнелесе, «Төремұрат», «Адай», Лаушкен», «Кішкентай» күйлері адам образдарын сүретейттін арнау шығармалар, «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлері өз өміріндегі оқиғаға байланысты.
Енді оқұшылар композитор Құрманғазы Сағырбай ұлының күйлерінің шығу тарихына көз жіберейік. Соның ішінде алғашқы туындыларының бірі «Ақбай» күйінің шығу тарихын зерттейік. Ақбайдың Әубәкірі Құрманғазының торы аты жөнінде хабар есітеді. Торының құнан күнінде-ақ бәйге бермегенін жеткізушілер үлкейтіңкіреп, аңызға айналдырып естірдеді. Өзімшіл Әубәкір : «Жалаң аяқ Құрманғазыға ондай ат қайдан бітсін ,біреуден ұрлап алған шығар, барып тартып әкеліңдер, іздеп келсе көресіні көрсетерміз ол қарақшыға,»-деп екі кісіні жібереді. Құрманғазы екуін екі ұрып түсіріп ,босқа «арам тер» болып жүргенін,старшинаның сойылын соғып жүргендерінің ұят екнін бетіні басып : -«Көрген білгендеріңді Әубәкірге айта барыңдар»- деп қоя береді.
Құрманғазы Әубәкірге тағы өштесіп қалғанын ,оның тағы да күйшінің соңына жарық ала түсетінін біледі. Дос –жарандарын шақырып алып ,старшинаның мына шексіз зорлығын әшкерлей ,халыққа масқаралай жаңа шығарған күйін тардады. Күйшінің анасы Алқа тұрып :-«Мұның аты бізге күн көрсетпей қойған Әубәкірдің әкесі Ақбайдың атымен қойылсын. Сенің әкеңнің көп жылдар бермеген ақысы үшін, сені талай зәбірлегені үшін халқыңа Ақбайдың арам атын әйгілейтін домбырамен ғана өшіңді аласың,»-деді. Жиналған жұрт бір ауыздан күйдің атын «Ақбай» деп қойды.
Құрметті оқушылар Құрманғазы аталарыңның 75 –ке жуық күй шығарған. Оның шәкірттері Дина Нүрпейіс қызы, Охаб Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Төлеген Аршановтардыңтардың орындауымен Ахмет Жубанов нотаға түсірген. 1936 жылы академик Ахмет Жубановтың бастауымен «Құрманғазы» ұлт –аспаптар оркестрі құрылды. Сол оркестрдің орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Төремұрат», «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Кішкентай», және көптеген күйлер , шығармалар орындалып жүр.
Құрманғазы Сағырбай ұлы Астрахан облысы ,Зелеңгі ауданында «Алтын жар» ауылында1889 жылы қайтыс болды. Сол жерде бейіті ,ескерткіші бар.
Құрметті оқушыларым болашақта Құрманғазы аталарың сияқты қазақ халқын әлемге әйгілі қылатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспін.
Оқушыларға Құрманғазы Сағырбай ұлының «Балбырауын», «Алатау», «Адай»,»Аман бол шешем, аман бол», «Қызыл қайың серпер», «Сарыарқа» атты күйлерін тыңдату.Әр топ осы күйлердің шығу тарихын әңгімелеп береді.
«Құрманғазы» cөзжұмбағын шешу.
1.Байға шығарған күйі.(Ақбай )
2.Сайрайтын құсқа шығарған күйі.(Бұлбұл)
3.Әкесіің аты.(Сағырбай)
4.Адам образын сомдаған күй.(Төремұрат)
5.Анасының аты. (Алқа)
6.Анасына шығарған күй. (Қайран шешем)
7.Қазақстанда алғаш құрылған ұлт –аспаптар оркестрі.(Құрманғазы)
8.Тау атауына шығарған күйі.(Алатау)
9. Туылған ауданы.(Теңіз)
10. Қазақтың кең даласына шығарған күйі.(Сарыарқа)
| Қ | |
| Ұ | |
| Р | |
| М | |
| А | |
| Н | |
| Ғ | |
| А | |
| З | |
| Ы |
Қорытынды: Оқушыларды үш топқа бөліп 1.топ «Қыран», 2топ «Сұңқар», 3 топ «Көгершін». Үш топ бірін-бірі бағалау арқылы баға қойылады.Үйге тапсырма: Құрманғазы Сағырбай ұлының өмірбаянын және шығармашылығы оқып келу.
Тақырыбы: “Көгершін -бейбітшілік құсы”
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушыларға қазақтың ұлттық салт – дәстүр әндерін үйретіп олардың мағынасын түсіндіру.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:Оқушыларға А.Жұбановтың “Ақ көгершін” әнін үйрету.
Сабақ түрі: Дамытушылық және сұрақ – жауап.
Сабақ көрнекілігі: Кітап, көгершін суреті,сырнай,сөзжұмбақ, трек сызба,үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау. 2-3 минут.
Негізгі бөлім: Оқушылардан өткен сабақтағы Д.Б.Кабалевкийдің шығармашылығын қайталап сұрау.
Оқушыларды әр түрлі смайликтер арқылы бағалауды түсіндіру.
Жаңа сабақ.
Көгершін көп халықтарда бейбітшілік рәмізі,ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. А.Жұбановтың “Ақ көгершін” әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суретейді. Ақ көгершін құсы өзінің қанатымен бізге бақыт әкеледі.Көгершін -дүние жүзнің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі. Бейбітшілік нышанын басқада құсқа телейтін құстарға теңейтін халықтарда бар.Мысалы:-жапондықтар ақ тырнаны, үнділер тауыс құсын бейбітшілік құсы деп атайды.Ал қазақ халқында шынайы тазалықтың,сұлулықтың, бақыттың белгісі аққу құсы деп атайды. Аққу ерте заманнан қалған аңыз-әңгімелерге қарағанда, бір кездерде қазақ халқы өздерін аққу құсынан жаратылғанбыз деп есептеген екен дейді. Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары -домбыра, қобыз құрылысына ұқсас. Оқушыларға “Аққу” куйін тыңдату. “Ақ көгершін” әні:авторы А.Жұбанов (1906-1968) қазіргі Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген . Мектепте оқып жүрген кезден -ақ ол домбыра,мандолина, скрипка сияқты саз аспаптарында ойнауды үйренді.Ол1929-1932 жылдары Санкт-Петербург қаласындағы музыка технкумы мен консерваторияда оқып білім алған.
Дәптермен жұмыс.
“Ақ көгершін” әнін тақтаға жазып ,әнін оқушыларға үйрету.
а)”Аққу күйінен әсер алған әр оқушы қалаған құсының суретін салу.
ә) “Құстар” атты сөзжұмбақты шешу
| қ | ұ | с | т | а |
1,Түрі қара мамықтай,төсі ақ сыр жаққандай .Ұшса оқтай зулайды, көктен аққандай.(Қарлығаш )
2.Тал басында түндіксіз отау.(Ұя )
3.Өзі сақ ,өзі ұсақ, шықылықтап тұрмайды.Құйрығы ұзын, өзі аласа. Бұл қандай құс? (Сауысқан)
4.Орманда жоғары ағашқа қонады, Тұмсығын балға қып тоқ-тоқ соғады.(Тоқылдақ)
5.Ақ сарайды талқандап ,Шықты біріеу талтаңдап.(Балапан)
6.Биікке салған салған ағаш үй. Сол ғой оның мекені. Жаздай сайран салып –ақ ,қыста алысқа кетеді.(Қараторғай)
Ал оқушыларым табиғатты құрайтын жәндік тірлік иесінің бірі- құстар. Құстар табиғаттың әні мен сәні.
Табиғат –халық қазынасы.
Құстарға байланысты тиым сөздер:
-Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
-Құстар көп болса,зиянкес заттар аз болады.
-Құстарды өлтіруге, ұясын бұзуға болмайды.
-Құстарды атуға болмайды.
Оқушыларға Қазақстанда “Қызыл кітапқа” енген құстарды тірек сызба арқылы түсіндіру.
Табиғат –біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні ,әні болған құстарды қорғайық. Сол құстарға қамқор бола білейік.
Бағалау: Оқушылардың тапсырмаларды орындау кезінде алтын, күміс,қола медальдарын көп жинаған оқушыларды бағалау.
Қорытынды. Үйге тапсырма.
«Ақ көгершін» әнін жаттап келу.
Тулепов Аблай Джалгасович
Туған күні, айы, жылы: 13.10.1956 жыл
Білімі: Арнаулы орта
Бітірген оқу орны: Жетісай мәдени ағарту училищесі.
Мамандығы: Халық саз аспаптарының
Жалпы пед өтілі: 21 жыл
Санаты: 13 (бірінші)
