Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеу

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

№3 “Қазақстан бастауыш мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеуді меңгерту. Екі таңбалы сандарды жазбаша ондықтан аттап қосу және азайтуды меңгерту.

2. Дамытушылығы: Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептердіпысықтай түсу. Оларды салыстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелілігі: берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Білімге деген құштарлықтарын ояту.

Түрі: ертегі сабақ (топпен жұмыс)

Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Сұрақ-жауап түсіндіру және топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Суреттер, оқулық, сызбалар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз

Өткенді пысықтау.

Сыныпты 3 топқа бөліп оларға ат қою.Ауызша тапсырмаларды орындау арқылы алманы себетке жинау. Әр топтың жинаған ұпайы жазылып отырады.

1-топ Сұңқар.

2-топ: Қыран.

3-топ: Тұлпар

33+7 84+6 56-6 64+6

55+5 76-6 78-8

98-9 73+7 92-2

  • «Дөңгелек» деп қандай сандарды атайды?
  • Толық ондық сандарды атаңдар.

10, 20, 30 … ,90

  • Ерте, ерте ертеде орманда бір қызық оқиға болыпты.
  • Балалар не басталды?
  • Ертегі
  • Ертегі» тағы қалай басталады?
  • Бірнешеуі айтылды
  • Ендеше балалалар, бүгінгі сабағымыз ертегі желісімен басталады.
  • Ертегіміз бауырсақ. Бауырсақ ұннан жасалатын тағам. Ол да нан. «Ас атасы – нан»,деп бекер айтылмаса керек. Нан дастарханға қалай келеді?
  1. Алдымен тракторшы жер жыртады. Бидай тұқымын себеді.
  2. Диқаншы оны суарады, арам шөбін жұлады.
  3. Комбайншы піскен егінін жинайды.
  4. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды.
  5. Диірменші ұн тартады.
  6. Ұнды нан зауытына апарады.
  7. Наубайшы нан пісіреді. Нан дүкенге келеді. Оны халық алады. Ендеше «Бауырсақ» ертегісін еске түсірейік. Ол орманда домалап келе жатып, қоянға кездеседі. Бауырсақ қандай фигураға ұқсайды? (Шеңбер, төртбұрыш)

Қоянның тапсырмасы: (ауызша орындалады). Сандарды жуық ондыққа дейін толықтыр.

А) Есептеу тәсілін түсіндір. (Сызбамен жұмыс).

Ә) Қасқырдың тапсырмасы: Тақтамен жұмыс.

13+19=(13+20)-1=33-1=32

20 -1

25+29=(25+30)-1=55-1=54

30 -1

73-29=(73-30)+1=43+1=44

30 -1

Салыстыр (Өзіндік жұмыс)

90-19*37+19 85-9*57+39

85-19*69+24 49+25*72-9

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

  1. – Аю туралы не білеміз?
  • Аю көктемде оянады.Ол тамақ талғамайды. Аюдың тапсырмасы:

а) Сызба бойынша есеп құрастыр және оны шығар

?

?

Ер бала –47

Қыздар – ? 13 артық

Шешуі: 47+13=60

47+60=107

Жауабы: 107 оқушы.

ә) Кері есеп құрастыр және шығар.

?

?

Барлығы: 107

Ер бала -47

Қыздар: ?, ?-артық.

Шешуі: 107-47=60

60-47=13

Жауабы: 13-і артық

Түлкінің тапсырмасы: Есепті шығар.

Математика үйірмесіне 34 оқушы қатысады. Олардың 18-і ер бала ал қалғандары қыз балдар. Үйірмеге қатысатын қыздардың ер балдардан қаншасы кем?

Есепте не болады:

  1. Шарты
  2. Сұрағы
  3. Шешуі
  4. Жауабы.
  1. Есепті оқу.Есепті оқу.
  2. Не белгілі, не белгісіз?
  3. Не туралы?
  4. Есепті шығару.

Барлығы: 34

Ер бала – 18

Қыздар ?

Шешуі: 34-18=16

18-16=2

Жауабы: 2-і кем.

Түлкінің барлық тапсырмаларын орындап едіңдер. Түлкі бауырсақты жеген жоқ керісінше қоя берді.

  • Түлкі қандай аң екен?
  • Ол қу, алдамшы бірақ қайырымды екен. Ол қаншаеңбекпен келген бауырсағымызды жемей қайтарды. Өйткені сендер қанша тапсырма орындап еңбектендіңдер. Әр топтың жинаған ұпайын санап, көп ұпай алған топты жеіңімпаз деп атап мадақтау.

Сабақты бекіту.

– Балалар біз бүгін дөңгелектеу арқылы жақын ондыққа дейін тиімді есептеу жолын меңгердік. Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.

Үйге тасырма: №6 (126 бет). Тиімді тәсілмен есепте.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше