Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемі. Көлемнің өлшем бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

№3 “Қазақстан бастауыш мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Абдыкалыева Балжан Абдусаттаровна

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемі. Көлемнің өлшем бірліктері.

Сабақтың мақсаты: Дененнің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыр, көлемнің жаңа өлшем бірліктерін таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.

Сабақтың дамытушылығы: Параллелепипед, текше, шаршы фигуралардың көлемңн есептеу.Жаңа өлшем бірліктерімен танысу. Қораптардың көлемі туралы түсіндіру. см3, дм3,м3 өлшем бірліктері.

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды таза, ұқыпты оқуға,жазуға, есептерді дұрыс шығара білуге сауаттылығын арттыру.

Оқыту әдісі: Пәндермен байланыстыру.

Көрнекіліктер: Плакат, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын құрастыру. Сандарды оқып артындағы әріптерді ашады.

800000 630000 57615 1650 9999

К Ө Л Е М

Үй тапсырмасын бекіту: Аудан және оның өлшем бірліктері: 12, 22 , 32, 42 ,52 ,62 ,72 ,82,92 102

карточкалар тарату.

Мұғалім: Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз, осының бәрін қайдан аламыз?

– Табиғаттан, Ендеше табиғатты асыраушы, қамқоршы анамыз деуге болама? Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр.Біз “Табиғат – анаға” теңіз арқылы қонаққа барамыз.

– Теңіз арқылы болса қандай көлікке мінуіміз мүмкін?

– Саяхатымыз өте алыс және қызықты, бәрақ қауіпті. Жолда әртүрлі қиындықтар кезігеді.

– Есептерді шығарып отырамыз

– Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір:

1-тапсырма:

1 см3= 1000мм3

1 дм3= 1000см3

1 м3= 1000дм3

1 дм3= 100000мм3

1 м3= 1000000см3

1 л су = 1 дм3

2 – тапсырма: Суреттер бойынша түсіндіру

1 см3 ,1 дм3, 1 м3 (бала)

3) Салыстыру:

5 м3 > 5000 см3

5 дм3 = 5000 см3

5 см3 = 5000 мм3

5 дм3 > 500000 мм3

10000 см3 > 5 дм3

1 м3 > 10000 см3

– Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадық.Енді қорықпай саяхатқа шығуымызға болады. Ендеше жолға шығайық. Біздің кеме бір аралға жетті.Аралдың иесі – Тотықұс.

– Енді балалар тотықұс берген есепті көрейік: №2

12 м3= 12000000 см3

3 м3= 3000000 см3

12 дм3= 12000 см3

8000000 мм3= 8000 см3

4 дм3= 4000 см3= 4000000 мм3

45 м3= 45000 дм3= 45000000 мм3

– Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

– Тастан салған үйі бар,

Көшіп жүрер асықпай

Қыста ұйықтап бұйығар

Тамақ іздеп ашықпай

– Алдымызда тасбақалар аралы

– Тасбақалар тапсырма беріпті

12 < 13 32 < 33 52 < 53 72 < 73 92 < 93

22 < 23 42 < 43 62 < 63 82 < 83 102 < 103

13 = 1 33 = 27 53 = 125 73 = 343 93 = 729

23 = 8 43 = 64 63 = 216 83 = 512 103 = 1000

– Бұл бір таңбалы сандардың квадрат және куб мәндерін салыстыру.

– Балалар теңізде қатты дауыо болып тұр кеменің жүзуіне қиындықтар туып тұр. – Сол қиындықты жеңіуіміз керек.

№4 есеп.

а) 50м х 10м = 500 м2 ә) 7м х 5м х 3м = 105 м2

500м х 2м = 1000 м2 7м х 5м = 35 м2

50 х 10= 500 10 х 2 = 20 м2

50 х 2 = 100 м2 120 м2 +120 м2 = 240 м2

– Міне, келесі аралға да жеттік!

– Сергіту жаттығуын жасау.

– Қорықпайды күшті аңнан, қорқады ол тек тышқаннан

– Кішкентай піл көптен бері қонақтарды күтіп отыр екен? Ол аңдан мектебінде оқып үй тапсырмасын орындай алмапты.

№5 есеп көмектесеміз

Ұзындығы: Ені: Ауданы: Периметрі

? см 7 см 84см2 ? см

16 мм ? мм 80 мм2 ? мм

35 м ? мм 700 м2 ? м

– Әрі қарай жүреміз

– Ой балалар бұл не? Белгісіз арал? Біздің кемемізді жабайы аңдар басып алды.Олардың тапсырмасын дұрыс орындамасақ, жібермейді.

№6 есепті шығару.

а) 958-429-297= 231

78 см – 45 см = 33 см

ә) 15 см х 2 = 30 см

30 + 15 = 45 см

б) 5000 кг – (900 х 3) = 2300 кг

– Жарайсыңдар балалар тапсырма орындады. Тезірек саяхатымызды жалғастырайық.

№7 есеп.

(750 – 50) : (250 х 2) = 200 404 : (200+2) = 2

96: (45:15) = 32 (630 – 30) : (150 :50) = 200

– Жарайсыңдар балалар, тапсырма орындалды. Міне “Табиғат ана” тұратын аралға да келіп жеттік. Кемеден аралға түсу үшін мынадай тапсырма орындауымыз керек.

№8 Теңдеуді шешу.

123 + Х + 95 = 400 410 – 120 – а = 232 5 х 3 х с = 450

– Сонымен бізді “Табиғат ана” күтіп отыр екен. Бізге не дер екен тыңдайықшы.

Қорытынды: Көлемнің өлшем бірліктерін айту.

-Табиғат ананың даусы: О,менің перзенттерім. Жер – Ананың қойны кең. Менің саялы бағым мөлдіреген таза кіршіксіз өзен көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ сендерге аманат!

-Бір сөзбен айтқанда табиғатты қорғауымыз керек. Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма №4 (б), №8 (3-баған)

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 7 санының оқушылардың есіне түсіріп, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру, ұшқыр ойлап тез жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың білім-білік дағдысын арттыру.Ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың шапшаң сауатты есептеуге баулу.

Көрнекілігі: Түрлі геометриялық фигуралар, суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, еңбек, дүниетану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. Балаларды түзу отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару құрал жабдықтарын түгендеу.

Сабаққа бейімдеу.

Үй тапсырмасын тексеру. 4-тапсырма оқушылардың дәптерінен тексеріледі.

2+3+1 = 6 1+2+3=6

3+1+2 = 6 3+2+1=6

Қызығушылығын ояту

Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп бесеуін

Тағы да алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін

Табақта бар 5 алма, қолымда бар 2 алма

Қосып едім барлығы, болып шықты неше алма 7 алма

Жаңа сабақты хабарлау.

Балалар, біз осыған дейін 1,2,3,4,5,6 сандарын қосу және азайтуды өттік. Бүгінгі тақырыбымыз 7 санын қосу және азайтуды өттік. Бүгінгі тақырыбымыз 7 санын қосу және азайту. Қане ойланайықшы, 7 қандай сандардың қосындысы

1+6, 2+5, 3+4 6+1, 4+3, 5+2

Ендеше дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді жазамыз. Осы 7 санына байланысты ой шақырайық.

7 саны қазақта киелі, қасиетті сан.

7 санына байланысты не білеміз, қане ортаға салайық. 7 күн, 7 ата, 7 қазына, 7 шелпек, 7 жұт, 7 тақ сан. 7 саны қасиетті сан болып саналады.

7 саны келсе, жақсылыққа балаған.

1) Ойын. Есептерді дұрыс шығару.

1 2 3 8 9 10

+7 -7

2) Ойын. Кірпіге алма теріп беру арқылы тапсырмаларды орындау. 7 санын қосу жіне азайту кестесі.

1+7 10-7

2+7 9-7

3+7 8-7

Сергіту сәті.

1 2 3 1 2 3

Ал, қанеки ұш

4,5,6,7 – 4,5,6,7,

Мынау ауыл шеті.

3) Кітаппен жұмыс.

Барлығы 6 кәмпит, тәрелкеде – 2 кәмпит

Сауытта – ? кәмпит

Шешуі: 6-2=4

Жауабы: Сауытта 4 кәмпит.

4) Тышқанды арыстаннан құтқару ойыны. Тоқаштың артындағы есепті шығару.

3+7 10-5

10-0 9-9

3+6 2+7

5) Балалар, алдарыңда тұрған не? Қалай аталады?

Осы затты мұқият қарап алып, қандай фигуралардан құрастырылғанын айтып берейікші. Үшбұрыштардан, төртбұрыштардын және шеңберден.

Миға шабуыл деп аталатын ойынға қатысайық.Сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берулерің керек.

1) Бір аптада неше күн бар?

2) Санадарды немен белгілейміз?

3) Фигураларды ата.

4) 1-ден 10-ға дейінгі сандарды кері сана.

5) Кесіндіні ненің көмегңмен өлшейміз?

6) Отан туралы мақал-мәтел айт.

Қалып кеткен сандар ойыны.

1 3 5 7

4 2 0 3

Қорытынды: Бүгін біз қандай санмен таныстық? 7 санымен байланысты өздеріңе не белгілі, соны айтып беріңдер. 7 санының құрамына байланысты тірек сызба. Сөзжұмбақ шешу. Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру.

Абдыкалыева Балжан Абдусаттаровна

Туған күні, айы, жылы:13.10.1972

Білімі:Жоғары

Бітірген оқу орны:Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Жалпы пед өтілі:22 жыл

Санаты:13 ( бірінші )

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше