Достық қымбат өмірде
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Қазақстан ауылы
№3 “Қазақстан бастауыш мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі
Абдиева Гульбану Базарбаевна
Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде.
Сабақтың мақсаты: “Достық”, “Өзара сыйлыстық” ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеті:
– балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету.
– өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту.Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, тапсырма, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, қымбатты менің достарым!Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізді көргенімізге, осы күнге қуанайық.
Армысың, Алтын Күн
Армысың, Көк Аспан
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанамын.
Мұғалім: Жарайсыңдар, достарым! Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша!Ал, олай болса бәріміз жайғасып отырайық. – Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?
Балалар: – Күнді көреміз.
Мұғалім: – Күн жылуы не істейді?
Балалар: – Күн жылуы жүзімізді жылытады. Күн жылуы көзімізді жылытады.
Мұғалім: – Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін?
Балалар: – Жүрегімізді.
Мұғалім: – Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. (Балалар қолдарымен жүректерін ұстайды.) Тыңдаңдаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық адамдарда бірдей соғады.Қанекей, жүрек дүрсілін тыңдап көрейікші. (Осы кезде үнтаспадан жүректің баяу соққан дүрсілі естіліп, біртіндеп қатты-қатты соғады.)
– Енді осы жүрекердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз, тілегіміз бір. – Балалар, достық дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
Балалар:
– Балалар бір-бірімен ойнайды.
– Балалар бір-біріне ойыншық береді.
– Балалар бір-біріне көмектеседі.
Мұғалім: – Ал қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер?
Балалар: – Мен құрылыс блогімен ойнағанда Сабина маған оны жинауға көмектесті. – Мен сурет салғанда Аян маған түрлі-түсті қарындашын берді. – Мен кезекші болғанда Арман маған үстел жинауға көмектесті.
Мұғалім: – Балалар өмірде адамдар бір-бірімен, кел дос болайық деп дос бола салмайды. Достық бір-бірімізге адал көңілімізбен жақсы әдепті қылықтарымызбен өзара сыйластық пен татулықтан, көмекпен бірте-бірте қалыптасады. Бұл достықтың белгілері екен. Бүгінгі сабағымызда достық,өзара сыйластық тақырыбында әңгімелесеміз.
Мәтінмен жұмыс; (Оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында “Қарлығаш пен дәуіт” атты ертегіні сюжетті суреттер арқылы әңгімелеп айтып беріледі.)
Қарлығаш пен дәуіт.
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады. Қарлығаш: “Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!” – дейді.
– Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
– Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.
– Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
– Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатып дәуітке кездеседі.
Дәуіт: – Досым, неге жылайсың? – деп сұрайды қарлығаштан.
– Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
– Олай болса, мені тезірек жеткіз, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады. Содан бері талай заман өтсе де қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?
Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?
Сергіту сәті.
Ойлану жұмысының алдында балалардың денесі сергітіледі.Оқушылар мына өлең жолдарын және қимыл-қозғалысты екі рет қайталайды.
Санайықшы жаңаша (Орындарынан тұрады.)
Бір, екі, үш…….(Екі қолын алға, жоғары, екі жанына созады.)
Желбіре жалауша! (Қолдарын жоғары көтеріп,әрі-бері бұлғайды.)
Достықта біздің күш! (Қолдарын ішке қарай бүгеді.)
Тапсырма: “Менің достарым” тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Ойын: “Мен қандай баламын?”
Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына “мен” деген сөз жазылады. Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады.Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, “шуақты” тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.
– Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлар тұр.Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.
Дәптермен жұмыс. Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың? сұрағына жауап жазу.
Қорытынды:
– Балалар, біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімелестік.Өзіміздің достарымызды есімізге алдық.Достар арасындағы өзара көмек, өзара сыйластық туралы білдік.Достарымызды сыйлауды, бір-бірімізден кешірім,рұқсат сұрауды, қолда бар заттармен бөлісуді,сыныптастарды ренжітпеуді, өзара көмектесуді барлығымыз білсек және соны көрсете алсақ, онда біз сыйлы,ұйымшыл,тату боламыз. Достарымызбен болған әрбі күн бізге қуаныш,жақсылық сыйлайды. Достан қашанда бір-біріне жақсы тілек білдіріп,жылы сөздерін арнайды.Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамыздағыларға тек жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзіңнің де, достарыңның да көңіл күйі көтеріңкі болады.
Жүректен жүрекке.
– Балалар, қол ұстасып, шеңбер құрайық, шеңберңмңздң дөңгелек күнге ұқсатайық.Қане, бір-бірімізге қарайық.Досыңның күлңмдей қарағаны саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе? Ендеше шат көңілмен мына өлеңді бірге айтайық.
Абдиева Гульбану Базарбаевна
Туылған күні, айы, жылы: 21.07.1978 жыл
Білімі: Жоғары.
Бітірген оқу орны: Қазақстан Халықтар Достығы унив.
Жалпы пед өтілі: 12 жыл
Санаты: 13 (бірінші)
