Ц дыбысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

№3 “Қазақстан бастауыш мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Алипбекова Сара Жаппаровна

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Ц дыбысының қатаң дауысмсыз дыбыс екенін таныту. Орыс және және шет тілден енген сөздерде ғана кездесіндігін түсіндіру.

2. Дамытушылығы: ой шапшандығын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Типі; жаңа білімді меңгерту

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: кестелер, сызба.

Әдістері: сұрақ-жауап, топтық, әңгімелесу, түсіндіру, жазбаша.

Сабақтың барысы:

ІІ Ұймдастыру кезеңі:

  1. Психологиялық дайындық:

Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада

Ойымызды жинақтап

Отырайық партаға

  1. Оқушыларды топқа бөлу.

І топ – Қатаң, ІІ топ – Ұяң, ІІІ топ – Үнді

ІІ Өткенді пысықтау.

  • Дауыссыз дыбыстар туралы не білесіз?
  • Дауыссыз дыбыстарды еркін айта алмаймыз. Олар буын құрай алмайды. Әр дауыссыз дыбыстарды атап өтеді.
  • В, Ф, Ч, Щ, дыбыстары қандай дыбыстар

Жаңа сабақ.

Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. Әр адам өзінің ана тілімен бақытты, биік әрі асқақ.

  • Тіл мерекесі қашан тойланады?

Поэзия минуты.

І топ. Тіл туралы өлең оқиды. ІІ,ІІІ топтар тіл туралы мақал мәтелдердің жалғасын айту. Жоғалған әріптерді тауып жазу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.

…иркуль …ирк ,,,илиндр

…емент …ифр …ентнер

Оқушылардан ц дыбысы туралы не білетіндерін сұрау. Ц дыбысын айтып үйрену.

  1. Ц қатаң дауыссыз дыбыс.
  2. Тіс пен тілдің қатысуымен жасалады.
  3. Орыс және өзге шет тілінен енген сөздерде ғана кездеседі.
  4. Сөздің басқы және ортаңғы буындарында кездеседі.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөздерді оқып шығып , көшіріп жаз. Берілген сөздердің мағыналарын түсіндір.

Цифр, цемен, цех, циклон, циркуль, центнер, концерт.

2-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Көп инүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Конституция – біздің Ата заңымыз. Егіншілер еліміздің қамбасына мыңдаған центнер бидай тапсырды. Сауын фирмасы дүкенге жиырма цистирна сүт өткізді. Сүт өнімдері цилофан қапшықтарға құйылған. Циклон ең күшті дауылдың түрі. Шеңберді циркуль сызады.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Ауызша талданады, топпен жұмыс.

І топ: мәтінді оқып мазмұнын айтады.

ІІ топ: Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

ІІІ топ: Шабандоздар аттың құлағында ойнайды деген сөздің мағынасын түсіндіреді.

Ереже пыысықталады.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

5-жаттығу. Ребусты шешу. Ребустың шешімі болған сөзді тақырып етіп, мәтін құрау.

Концерт

Әр топтан бір оқушы шығып, құраған мәтіндерін оқып береді.

Сабақты қортындылау.

Сұрақтараға жауап беру.

  • Ц қандай дыбыс?
  • Ц дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі?
  • Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Бағалау. Үйге тапсырма.

Оқушыларды сабаққа қатысқандары бойынша бағалап, мадақтау. Үйге :4-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып жаз.Цилиндр,сазан,цемент,сылдырмақ,цитрус.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше