168-169 жаттығулар

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

№3 “Қазақстан бастауыш мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Мырзаева Куртча Таджибаевна

Сабақтың тақырыбы: 168-169 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мәтін туралы алған білімдерін еске түсіріп, кеңейту. Мәтіндегі азат жолдың рөлін байқату. Мәтінде неше сөйлем барын анықтату.Мазмұнын айтқыза білдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теоияның ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Сауатты, көркем,таза жазуға баулу.

Өтілу әдісі: Түсіндіру, көрнекілікпен талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, ана тілі.

Көрнекіліктері: Мазмұнды суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың өтілу барысы:

Бағдарлау- мативациялық кезең.Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Мұғалім: Балалар (хормен)

Әрбір адам? – Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.

– Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

1) Өткен сабақ бойынша атқарылатын жұмыс. Оқушылар, біз сөйлем туралы оқып білдік. Мен сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.

2) Сұрақ – жауап. (топпен жұмыс)

І-топ:

а) Сөйлем неден құралады?

ә) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

ІІ-топ:

а) Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілер қойылады?

ІІІ-топ:

а) Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?

Қорытындылау (топтастыру стратегиясы)

Сөздерден құралады

Нүкте, сұрақ, леп Бөлек жазылады

белгісі қойылады СӨЙЛЕМ

Бір – бірімен байланыста болады

4) Операциялық – орындаушылық кезең. (суретпен жұмыс)

Қазір қай мезгіл? Көктем мезгілі.

Сурет бойынша әңгімелеу. Ағаштар бүршік атты. Айнала жасыл шалғын шөп. Гүлдер өсті. Құстар ұшып келеді. Көбелектер гүлге қонды. Не құрастырдық? (мәтін)

Мәтін екенін қайдан білдік?

І-топ: Мәтін дегеніміз – мағына жағынан байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

ІІ-топ. Мәтінге ат қоюға болады. Сурет бойынша құрастырған мәтінге қандай тақырып қоямыз? (Көктем)

Оқулықпен жұмыс.

168-жаттығу. Мәтінді оқыту. Мәтінде неше сөйлем барын анықтау.

Дәптермен жұмыс. (көркем жазумен жазу)

ЖИДЕ. Жиде – жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.

Сергіту сәті.

Жұмбақ жасыру. (бұғы туралы)

Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы.

Алады одан қан құйып,

Емге шипа бұл дағы.

Олай болса, келесі тапсырма “Бұғы” туралы мәтінді түсініп оқимыз. Мәтінде мағынасы түсініксіз сөздер бар ма? Қане, табайықшы. (Аша) тұяқты айыр. (тармақтанып) – мүк, қына – шөптің аттары.Сонымен, балалар бұғы туралы мәтінді түсіндік пе? Бұғы сөзіне ассоцияция құру. Бұға қандай жануар?

Аша тұяқты

қарда жүре алады Б Ұ Ғ Ы суыққа төзімді

көлік

5) Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Біз бүгінгі сабағымызда мәтін туралы білген білімдерімізді одан ары кеңейте түстік. Бұл сабақта шығырмашылық жұмыс істетіңдер.Келесі сабақта тағы да мәтін туралы оқып жалғастырайық. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

Бағалау: Үй жұмысы : “Бұғы” мәтінін оқып келу.

Мырзаева Куртча Таджибаевна

Туған жылы, айы, күні: 18.10.1966ж

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық университеті

Жалпы еңбек өтілі: 28 жыл

Санаты: 13 (бірінші)

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше