Мәнерлеп оқу сайысы

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Б.Жахин атындағы

Новомарковка орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тлеулесова Динара Кайырбековна

Мәнерлеп оқу сайысы

Тақырыбы: «Жануарларды жақсы көремін»

Мақсаты:Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой -мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.

Балалардың дүниетанымын дамыту,өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Жануарларды қорғауға, оларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сабаққа қажет құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:балалар ақын-жазушыларының кітаптарынан көрме,жан-жануарлардың суреттері, нақыл сөздер.

Сайыстың барысы:

1-жүргізуші: -Армысыздар көрермен қауым.Бастауыш сыныптар арасында

« Жануарларды жақсы көремін » атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.

. 2-жүргізуші:

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

Бір ойым жүрегімде қаза болып,

Бір ойым көмейімді қалды тіреп,

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем

1-жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,

1. Ақындардың өлеңдерінен тақырыпқа сай бір шығарма болу керек.

2. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.

3. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз-парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).

4. Өлең оқыған оқушының жүріс-тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

2-жүргізуші:

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,

1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Шушакова Анар Айтпайқызы

2. Мектеп кітапханашысы – Матаева Гүлжан Токенқызы

3. Координатор -Алтыбаева Жанна Аманжоловна

1-жүргізуші:-Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар

4-сынып оқушылары

Иманбаева Айсұлу

Магзумова Томирис

Қорғаш Айымжан

3-сынып оқушылары

Берлан Тлеужан

Табиғат Бердихан

Сабитова Сағыныш

2-сынып оқушылары

Тлеулесова Ақмарал

Тукен Алтынай

Аманжолов Қуаныш

1-сынып оқушылыры

Толеу Назерке

Табиғат Еркежан

Талғатбек Жанерке.

Оқушылар кезекпен шығып , дайындаған өлеңдерін оқиды.

1-Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,сайыстың шешімін оқиды.

2-жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше