Шығыс септік

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара қаласы

М.Горький атындағы жалпы орта мектебі

Култанбаева Рыскул Дауылбековна

Сабақтың тақырыбы:Шығыс септік

Мақсаты :

Білімділік:Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы білімін нығайту ,олардың өзіндік ерекшелігін меңгерту ,зат есімдерді шығыс септігінде атауға үйрету .

Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын арттыру,ойын,сөздік қорын,тілін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру, сауттылық деңгейін, көркем жазу дағдарлығын қалыптастыру. Тәрбиелік: Қазақ тіліне сүйіспеншілікгін артыра отырып, шапшандалыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.

Түрі:аралас

Әдісі:сұрақ-жауап,топтық,жұптық.

Көрнекілігі:Итерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.к

Ізгі әрі нәзік, жарық мейрімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды ертегі желісімен бастасақ.

Ерте,ерте,ертеде

Мінезі суық қаталдау

Қазақ тілі атанған

Хан патшасы болыпты

Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін, сөздердің басын қосып,олрдың қалай аталатынын айтып,қай жерде жүретініне басшылық жасап,жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылғой дана болыпты.Оны «Зат есіснің данасы» деп атапты.Ауыл адамдарының бәрі сол данадан ақыл кеңес сұрапты.

Бірде ешқандай баласы жоқ септік есімді кедей, сол данаға барып перзент сүйгісі келтіндігін айтыпты.Сонда қария батасын беріп тұрып,Үш күннен кейін түс көресің,жеті мүшеңе құт беремін -дейді.Сөйтсе 7-құт дегені 7 перзент екен.

Көп күндер өтеді,кедейдің әйелі 7 ұл табады.Енді оларға недеп ат қоямын деп, қайтадан данаға кеп,ақыл сұрайды.

Сонда қария:

Тұңғышыңның атын Атау деп қой аты аталыа даңқы жер жарсын.

Одан кейінгісін Ілік деп қой,інілерінілестіріп қиын кезде тастамасын.

Содан кейігісін барыстай ер жүрек болсые деген ниетпен Барыс деп қой.

Содан кейінгісін көп білім,оқу іздеп, іздегені табылып табысқа жетсін деген ниетпен Табыс деп қой.

Одон кейінгісін жатып ішер жалқай болмай, еңбек етсін деп Жатыс деп қой.

Төрт дүнийміз түгел болсын, шығысымыз батыс болсын деген ниетпен Шығыс деп қой.

Соңғысы барлық ағаларынакөмекші болсын деп Көмектес деп қой деген екен.

Септік дана қарияның айтқанындай ат қояды. Олар біздің сыныптың оқушылары сияқты

1 тобындай Бірлікте 2тобындай Ынтымақта 3тобындай Татулықта өмір кешеді

1 топ 2 топ 3 топ

Бірлік Ынтымақ Татулық

Өз орнына қой:

Септіктерді ретімен қойып,сұрақтарын,жалғауларын айт.

Септік жалғаулары дегеніміз не?

Арадан бірнеше жыл өткенде елді ашаршылық жайлайды.Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетепті.Араға ай салып шалдың бір ұлынан бір ұлы аштықтан өле беріпті.Әрі ұлы өлгенде ағашқа аттық қылын керіп үнсіз егіліпті.

-Қай ұлына жоқтау айтып егілген тыңдайықшы.

Неден қайтыс болдың ,кімнен сені сұраймын? деп ағашқа тағы бір ішекті байлап үнсіз егіліпті.

Қане ол септік атайдың қай ұлы екен.

Шығыс септік дегеніміз не?

Содан соңғы ұлы да ашаршылықтан қайтыс болыпты .Шал тағы ағашқа ішек тағып жоқтау айтып егігеді.Содан 7 ішек 7тиек тағылып «жетіген» деген аспап пайда болыпты.Осы аспап арқылы Септік шал мұңын халыққа жеткізген екен.

Олай болса Жетіген аспабының әр ішегі өзіне тән үнімен шырқалып келеді.

1 ішек тапсырма

Суретті пайдаланып,ертегіні құра.Ертегі ішінен Шығыс септіктегі сөздерді тап.

Ерте,ерте,ертеде су болмай Қарлығаш шөлдеп,,ағаш қурап,гүл солып қалды.Қалжыраған қарлығаш күннен көмек сұрады.Күн бұлттан жаңбыр жаудыруын өтінді.,….

Шығыс септігінде тұрған сөзді пайдаланып 7септікте септе.

Оқулықпен жұмыс

73жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып ,сөйлемдердікөшіріп жазу.

Мәтін ішіндегі мағынасы қиын сөздерге түсініктеме беріңдер.

1топ 2топ 3топ

1 сөйлем Қарқара 2 сөйлем Қасаба 3 сөйлем Келі

Берілген әріптен басталатын сөздерді шығыс септікте қойып жаз.

1топ 2топ 3 топ

А Қ С

Тыйым сөздерді жатқа жаз.

Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

76 жаттығу Берілген сөздердің шығыс септігінде тұрғаннын дәлелде.

Ол үшін алдымен осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.Содан соң сызбаны пайдаланып пікіріңді дәлелде.

1топ 2топ 3топ

Арайлымнан Өрістен Теңізден

77 жаттығу Жұптық жұмыс.

Берілгені сызбаны пайдаланып сөйлем құра.

Семсентикалық карта.

Қобызға
Дәрігерді
Мұғаліммен
Көшеде
Қоңыздың

Жетіген аспабында орындалған ән Келші келші балашым. Міне жеті септік қазақ тіліне бірнеше жылдан бері қызмет етіп келеді.Ал жетіген аспабы музыка әлемінде өзіндік үнімен шырқалып келеді.

Рефлексия

Сендерге сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Үйге тапсырма:78жаттығу

Бағалау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше