Тас дәуірі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Шардара қаласы

«Шардара» мектеп – лицейі

тарих пәні мұғалімі

Сарымуллаева Гулзада Кубеновна

Сабақтың тақырыбы: Тас дәуірі

Сабақтың мақсаты: Тас дәуіріндегі адамдардың тұрмыс тіршілігін оқушыларға таныстыру. Тас дәуіріндегі құндылықтардың маңызын түсіндіру,оларды құрметтеп қастерлеуге үйрету. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, өзіндік тұжырым жасауға баулу. Ақпаратты өз бетімен табуға, қандай да бір мәселенің шешімін табуға үйрету. Қоршаған ортадағы адамдармен қолайлы қарым-қатынас жасауға баулу.

Негізгі идеялар: Ой-өрісі дамыған, фантазиялық шеберлігі мол,алған білімді өмірдің кез-келген ағымында қолдана алатын саналы жеке тұлға қалыптастыру. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде дұрыс қолдана алуын камтамасыз ету . Өзіндік идея туғызып , нақтылы дәлелдемелермен жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері: Сабақта оқушылар сыни тұрғыдан ойлау дағдысының болуы; өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуы.

Тапсырмалар : Сұрақ-жауап,суретпен жұмыс, жаңа сөздермен жұмыс, «ББК» стратегиясы, «Джиксо» стратегиясы, ой қозғау(пікір айту).

Ресурстар: АКТ-арқылы.Интернеттен алынған тас дәуіріне байланысты фото суреттер көрсету. Картадан Қазақстан аумағындағы тас құралдардың көптеп табылған жерін көрсету. Кестелерді «ББК» стратегиясы бойынша толтыру.

Қосымша тапсырмалар: жаңа сөздермен жұмыс, пікір айту, жолдасын бағалау,мадақтау.

Уақыт Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже

1 мин

2 мин

7 мин

1.Ұйымдастыру . Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа керек құралдарын дайындату. 2. Стикерлер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін. Сабақтың тақырыбына байланысты топтың атауларын 1Палеолит 2Мезолит 3Неолит деп атадым . 3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін тақырып бойынша үш топқа сұрақ қоямын.1.Палеолит тобына сұрақ: Тас дәуірінің кезеңдері 1. Оқушылар сәлемдесті. Сабаққа керек құралдарын дайындады. 2. Оқушылар 4 адамнан тұратын Палеолит, Мезолит, Неолит топтарына бөлінді. 3. Әр топ мүшелері ойласа отырып, сұрақтарға түйінді жауаптарын айтады. Жауапкершіліктті сезінеді. Мұғалімде де, оқушыда да сыни тұрғыдан ойлау дағдылары болды . Өзін -өзі жетілдіру , бағалау қабілетті болады. Мұғалімнің де, оқушының да пәнді терең түсіну қабілеті дамып , білім алуға деген белсенділігі артады. Алған білімді сыныптан тыс жерде тиімді

10 мин 8 мин 2 мин 5 мин 7 мин 3 мин мен қамтитын аралықтарын айтып беріңдер. 2.Мезолит тобына сұрақ:Мезолит кезеңінде қандай өзгерістер орын алды? 3.Неолит тобына сұрақ:Неолит кезеңінде қандай ірі жаңалықтар орын алды? Бұл сұрақтар арқылы бүгінгі тақырыбымызға енемін. 4. Топтардың бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруіне нұсқау беремін. Мұнда әр топ мүшелерінің ортақ келісімімен стикерге екі сұрақтан дайындауы тиіс. Сұрақтарын бір-бірімен ауысып жауап береді. Осы әрекетті бақылаймын. Бұл кезеңде диалогтік оқыту,өзін-өзі реттеу әдістері орын алады. 5. АКТ-дан фото суреттер және тірек сөздерді көрсетемін.Суреттерде көрсетілген құралдардың қандай қызмет атқарғанын сұраймын. Тақырыптан алынған жаңа сөздердің мағынасын сұраймын. 6. Сергіту сәтін ұйымдастырамын. Сыныпта қанша гүл бар? Жылдам жауап. 7. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындауға бағдар беремін. А) Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін, диалогтік оқытуды меңгерту мақсатында ББК(Білемін Білгім келеді) стратегиясын қолднамын. Ә) ДЖИКСО стратегиясы бойынша тапсырма беремін. Мұндағы мақсат:сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, диалогтік оқытуды жетілдіру, оуды және оқытуды бағалау. 4. Мұнда әр топ мүшелерінің ортақ келісімімен стикерге екі сұрақтан дайындайды. Сұрақтарын бір-бірімен ауысып, сол сұрақтарға жауап береді. Сұрақты жазған топ қарсы топтың жауабына баға береді. 5.Фото суреттер арқылы ой түйеді, олардың қандай қызмет атқарғандығын айтады.Жаңа сөздердің мағынасын ашып, түсіндіреді. 6.Оқушылар әрі жылдам есептейді, әрі сергиді. 7. Тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлана орындайды, өз пікірлерін,идеясын білдіреді. А) «ББК» –Оқушылар 1-ші бағанға білетін мәліметін жазады,2-ші бағанға білгісі келетін жағдайды жазады. Ә) «ДЖИКСО»-Оқушылар тақырыптан өздеріне ұнаған кезеңді таңдап алады да, сол кезең жөнінде өздерінің пікірін,идеясын жезып білдіреді. 8.Оқушылар алдымен өзді-өздерін бағалайды.Мұнда әр топтан жақсы қатысқан оқушыларды тұрғызып, мадақтайды. 9.Ұғынады, пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушы мінез –құлқы жақсы жаққа өзгереді, белгілі бір әлеуметтік топта сыйластықпен жұмыс жасайды. Проблеманы анықтап шешім жасайды;таңдау жасай біледі. Қандай нәрсе болмасын өзіндік пікір айта біледі. Ақпаратты өз бетімен таба алады; оны өңдеп, жеткізе біледі; интерпретациялайды. Логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдейді.

8. Сабақты қорытындылаймын, критериалдық бағалау жүйесі бойынша оқушыларға ескерте отырып бағалаймын. 9. Үйге тапсырма беріп, тапсырманың орындалу шартын түсіндіремін. тыңдайды.Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше