Жай бөлшектерге амалдарды қолдану тәсілдерін қа йталау
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Шардара қаласы
А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Абызова Гулжан Усаиновна
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдарды қолдану тәсілдерін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылыр жай бөлшектерге амалдар қолдану тәсілдерін қарастырады, есептерді шешуде ортақ бөлім беріп, қысқарту амалдарын қарастыра отырып, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.
Дамытушылық: оқушылар есептерді шешуделогикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді, есеп шешуде бірнеше варианттарды қарастырады, есеп шешу арқылы проблема шешуге дағдыланады.
Тәрбиелілік: оқушылар шағын топтар құрамында бірлесе еңбектенеді, шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, тыңдайды, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, плакат, кеспе қағаздары,
маркерлер
Сабақтың әдісі: интербелсенді оқыту технологиясы
Уақытты меңгеру:
- «Проблеманы айқындау» кезеңі – 15 минут
- «Проблема шешу» кезеңі – 10 минут
- «Проблема шешімін қолдану» кезеңі – 20 минут
І. «Проблеманы айқындау» кезеңі – 15 минут
Топқа бөлу:2 – минут
Оқушыларға журналдардың аты жазылған кеспелер таратылады, сол бойынша 4 топқа бөлінеді.
«Айгөлек» тобы
«Қуырмаш» тобы
«Балапан» тобы
«Балауса» тобы
5–6 баладан аспауы керек екені ескертілді.
Ойсергек: «Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім» –2 минут
Оқушыларды 5 – 6 оқушыдан 4 топтарға бөлеміз. Әрбір оқушы парақ алады. Күн салып, ортасына өзінің атын жазады. Күн сәулелерінің орнына өзінің жақсы қасиеттерін жазады. Жазып болғаннан соң бір-бірлеріне беріп ауыстыра. Көршісінің жазғандарымен келісетіндерінің ғана астын сызады т.б. қасиеттері қалып қалса қосып жазады.
«Жай бөлшектер» тақырыбын қайталау
Тапсырма: «Жай бөлшектер» тақырыбын «Ортақ тұжырым» тәсілі бойынша түсініктеме беру – 6 минут
Барлық топтық жұмыстар 3 тәсілмен өтіледі:
1. Жеке жұмыс:
Топтағы оқушылар жеке жұмыс жүргізеді
2. Топтық жұмыс:
Орындаған жұмыстарын топ ішінде талқылайды
3. Топтық жұмысты жариялау:
Әр топтан 1 оқушы берілген уақыт ішінде сөйлеп топ жұмысының нәтижелерін жариялайды.
Тапсырма: 5 минут
«Айгөлек» тобына: Жай бөлшектерді қосу және азайтуға түсініктеме беріңіздер. Мысал келтіріңіздер
«Қуырмаш» тобына: Аралас сандарды қосу және азайтуға түсініктеме беріңіздер.
«Балапан» тобына: Жай бөлшектерді көбейту және бөлуге түсініктеме беріңіздер. Мысал келтіріңіздер
«Балауса» тобына: Аралас бөлшектерді көбейту және бөлуге түсініктеме беріңіздер. Мысал келтіріңіздер
Жариялау:
ІІ. «Проблеманы шешу» кезеңі – 10 минут
Тапсырма: «Есепті дауыстап шығару» тәсілі – 8 минут
«Айгөлек» тобына:
«Қуырмаш» тобына:
«Балапан» тобына:
«Балауса» тобына:
Логикалық есептер – 2 минут
- Бақта екі әке, екі бала, бір ата жүр. Сонда бақта қанша адам жүр.
/3 адам жүр/
- Қай уақытта 10 санына қарап тұрып, 50 дейміз?
/Сағаттың минуттық тілі 10-ға барған кезде/
3. Қысқаратын жай бөлшектерді қандай кезде қысқартуға болмайды?
/Кейде көшелердің қиылысындағы үйлердің ретін бөлшекпен көрсетеді. Бұл бөлшектің алымындағы сан бір көшедегі, ал бөліміндегі сан екінші көшедегі осы үйдің ретін білдіреді./
4. Пакетте 10 алма бар. Бұл алмаларды әрбір бала бар алмадан алатындай және бір алма пакетте қалатындай етіп, он балаға қалай үлестіруге болады?
/Тоғыз балаға бір алмадан, ал оныншы – қалған алманы пакетімен бірге беру керек/
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі – 20 минут
Топтық жұмыс: «Қиынырақ есептер» әдісі– 10 минут
Тапсырма. №879. Есептеңдер
«Айгөлек» тобына:
«Қуырмаш» тобына:
«Балапан» тобына:
«Балауса» тобына:
Күн бейнесіндегі дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектер – 3 минут
| Дұрыс бөлшектер | Бұрыс бөлшектер |
Эссе (Кері байланыс): 6 минут
Тақырыбы: «Жай бөлшектер»
(Жай бөлшектер туралы түсінік беру, мысалдар келтіру)
Бағалау – 1 минут
Үй тапсырма: 228 бет, №880 – 882 есептер
