Дыбыс және әріп

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

«№3 Қазақстан бастауыш мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Утепбаева Жулдызай Канатбаевна

Тақырыбы:

· Дыбыс және әріп

Мақсаты:

Білімділік:Дыбыс және әріп туралы 3 сыныпта алған білімін еске түсіре отырып, дауыссыз дыбысқа к, қ, п – ға аяқталған сөздерге – дауысты ы, і, у – жалғағандағы өзгерісті еске түсіру л, р дыбыстарының сөз басында жазылуы мен айтылу ерекшелігін есте сақтау.

Тәрбиелік:Адамгершілікке, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық:ой – өрістерін, шапшаңдықтарын, белсенділік қабілеттерін арттыру

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі:Іскерлік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, суреттер. Венн диаграммасы, интерактивті тақта, кітап.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

IV. Жаңа сабақты пысықтау

V.Сабақты бекіту

VI. Үйге тапсырма беру

VII. Бағалау

VIII. Қорытынды.

I. Ұйымдастыру кезеңі

*Әдеттегідей оқушылармен амандасу,

*Кезекшілер арқылы оқушыларды түгендеу,

*Оқушылардың көңіл- күйіне назар аударып, сабаққа назарларын аудару

*Психологиялық дайындық.

*Топпен жұмыс.

Тіл туралы мақал – мәтел.

Жаңа сабақты меңгерту. Дыбыстар.

Дауысты дыбыс дегеніміз өкпеден шыққан ауа ешбір кедергіге ұшырамайды.

Дауыссыз дыбыс дегеніміз өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды.

1. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы білетіндеріңді ортаға салайық.

Венн диаграмасын құру (тақтада)

Дауыссыз дыбыстарға Венн диаграммасын құру

Кітаппен жұмыс.

2-жаттығу.

Көбелек, шың, ұлан, ер, жапырақ, өлке, көгершін, пияз, киік.

  • Әр сөзде неше дыбыс неше әріп барын анықта.
  • Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес?
  • Дыбыс пен әріптің бір-бірінен өзгешелігі неде?

3- жаттығу.

Сөз жұптарын салыстырып оқы.

сан – сән ұн – үн қыс – тыс

тор – төр ыс – іс сөз – көз

тұр – түр ор – өр жыр – қыр

Көшіріп жаз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды тауып, астын сыз.

Ойын. Бәрін білгім келеді.

4 – жаттығу

Өлеңді оқып,жатқа жаз.

Ұшқыш батыр ағаның

Өнегесін аламын.

Аспан үстін шоламын,

Мен ғарышкер боламын!

(Әдібай Табылдиев)

Дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Оларды үнді, ұяң, қатаң дауыссыз

дыбыстарға ажырат.

Сергіту сәті.

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып қалайық

Ребусты дұрыс шешсең, жұмбақ мәтіні шығады.

Шығармашылық жұмыс. Қауын сөзіне “Эссе” жазу.

Мақалды толықтыр

  1. Ер жігіт ел үшін туады……………….
  2. Әдепті бала – арлы бала ……………..
  3. Білекті бірді жығады,…………………
  4. Атаңның баласы болма…………….
  5. Әдептілік белгісі,………………………
  6. Қыз өссе елдің көркі,……………….
  7. Жері байдың,……………………………
  8. Жақсыдан үйрен,…………………….
  9. Ердің атын,……………………………..

Сабақты бекіту

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Әріп дегеніміз не?

3. Дыбыстың түрлерін ата?

Бағалау

Үй тапсырмасы:

Сабақты қорытындылау.

Утепбаева Жулдызай Канатбаевна

Туған жылы,айы,күні: 22.11.1974

Бітірген оқу орны,жылы: Жетісай қазақ педагогикалық училещесі 1993ж

Білімі: Арнаулы орта

Мамандығы: ПМНО

Жалпы еңбек өтілі: 21 жыл

Пед өтілі: 21 жыл

Санаты: 13 (бірінші)

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше