Одағайдың мағыналық топтары
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Шардара қаласы
« Шардара» мектеп – лицейі
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алтынбекова Сандуғаш
Сабақтың тақырыбы: Одағайдың мағыналық топтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – одағай сөздің мағынасын және қолдану себебін түсіндіру, одағай сөздердің басты белгісін таныту, сөйлемде қалай үтірмен ажыратылатынын меңгерту;
Тәрбиелік – Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу, төрт түлік малға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылық – Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын жетілдіру , тілін дамыту, шығармашылық жұмысқа баулу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау, іздену .
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу , сабаққа дайындығын байқау.
Ой қозғау:
Сөйлем ішінде келсе де,
Сөйлем мүшесі емес.
Айтылған ойға қатынасын білдіреді де,
Тұра береді өзі дербес.
Мұны тапқан баланы
Жолдастары жаман демес. (Оқшау сөз)
Жаңа сабақ: (Одағайды еске түсіру үшін оқушы өзі дайындалып келген материалын слайд түрінде көрсетеді).
| Көңіл-күй одағайы | Жекіру одағайы | Шақыру одағайы |
| Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу,өкіну,шошыну,назар аудару сияқты мәнді білдіреді. | Жекіру,тиым салу,бұйыру,сыйяқты мәнды білдіреді. | Мал, ит,құсты шақыру, қууымен байланысты мәнді білдіреді. |
| Пәлі,ойпырай,алақай,пай-пай,бәрекелді,түу,уһ, аһ,әй,еһе,әттең-ай,ой,қап,әттеген-ай,беу,ау,т.б. | Тәйт,тек.жә,т.б. | Құрау-құрау,шөре-шөре,көс-көс,аухау-аухау,моһ-моһ,кә-кә,т.б. |
Одағай сөйлем басында да,ортасында да,соңында да келе береді.
Япырм-ау, осы сізге түсер пайда бар ма?
Тұрсам, о, тоба –ай, айнала көк шалғын!
Мұны бастаған кім, ә!Соны айтшы бәсе!
Бүгінгі сабағымыздың төрт түлікпен байланыстырамыз.(Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің орыны жайында айта кетемін).
Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқимыз, сөйлемдерден одағайды табу.
…Осы кезде Жаңыл кіріп, төменгі жаққа келіп отырды.Естемес қабақ астымен қыздың тұлғасын шолып өтті. Жасы он алты, он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді,дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен… «Әттең, үлде мен бүлдеге ораса, жанып жанып –ақ кетер едің-ау» деп қойды Естемес…
–Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елігетіні болады деушы еды …
Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман келіп, безек қағып, күй аз бұлқынып жоғары өрледі де,суырылып барып асқақтап жүре берді.Күйшінің қиналған жерден өтіп кеткенін сезіп Оразымбет «Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау» деп сүйсінді…
90-жаттығу.
Одағай сөздерді бар мысалдар тауып, кестені толтырыңдар.
| Көңіл күй
Одағай бар |
Шақыру
Одағай бар |
Жекіру
Одағайы бар |
Шығармашылық жұмыс. «Менің сүйікті жануарым» атты тақырыпта одағайларды қатыстырып шағын мәтін құраңдар.
(Интерактивті тақтада төрт түліктің суреті беріледі).
«Ойлан тап»
- топ. Шақыруда айтылатын сөздер.
- Топ. Көңіл күйге байланысты айтылатын сөздерге мысалдар келтіру.
«Кім тапқыр, кім білгіш?»
1 топ.
Сөйлемнің тыныс белгілерін қой.
Па шіркін дауысы дауыс – ақ екен.
Жұмысты істеген соң осылай істеу керек бәрекелді.
Мұны бастаған кім ә
Пай –пай Шіркін қазақтың келіндері – ай
Түу есім жаңа ғана кірді ғой.
- топ.
… келгенің жақсы болды ғой
…жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз
… ондай сөзді айтпа
…сол да сөз боп па.
Жағдаят.
1.Сабақтан үйге келсең,Астанаға кеткен әкең келіпті.Сондағы көңіл күйіңді бейнелеші.
2.Сен автобусқа үлгеремін деп жүгіріп келе жатқанда автобус жүріп кетті.Сондағы көңіл күйіңді көрсет.
3.Байқаусызда қолыңа ине кіргізіп алдың.Сондағы көңіл күйіңді көрсет.
4. Үйде оқулығыңды ұмытып кетіпсің. Сондағы көңіл күйіңді бейнелеші.
Сызба кесте.
| р\с | Одағай | Дара | Күрделі | Көңіл күй | Шақыр |
| 1 | Пәлі | ||||
| 2 | Пұшайт –пұшайт | ||||
| 3 | Кә-кә | ||||
| 4 | Шөк-шөк | ||||
| 5 | Ойпырмай | ||||
| 6 | Паһ-паһ |
Сөзжұмбақты шешу: «Одағай»
- Түйенің төлі.
- 4-5 жасар жылқы мал.
- Қара малдың бір түрі.
- Адамның мінезін қай малға теңеіді?
- Ешкінің төлі.
- Қай жануарды «Шөл кемесі» деп атайды?
| О |
| Д |
| А |
| Ғ |
| А |
| Й |
Сабақтың қортындылау.
Тест.
1.Шақыру одағайын табыңдар:
А) ойпырай; Ә) түу; Б)шөре-шөре;
В) беу; Г) шаш-етектен;
2. Көңіл күй одағайын табыңдар;
А) тек; Ә) мәссаған; Б) бәрекелді;
В) айт; Г) кет;
3. Дара одағайды табыңдар;
А) мәссаған; Ә) шөре-шөре; Б) бәрекелді;
В) беу; Г) кет;
4.Жекіру одағайын белгілеңдер;
А) көс; Ә) шіркін-ай; Б) уһ;
В) жә; Г) шеш.
5.Күрделі одағай қатысқан сөйлемді көрсет;
А) Аһ, бұл неткен бақыт! Ә) Ой, есім шықты; Б) Уһ кетті ғой;
В) Ой – хой, дәурен-ай! Г) Уа, көпшілік!
Үйге тапсырма; төрт түліктің төлдеріне өлең немесе эссе жазып келу.
