Физика әлемі – білім теңізінде
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Шардара қаласы
А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Кульбаева Рабига Маханбетовна
Сабақ тақырыбы: «Физика әлемі – білім теңізінде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу.Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық: алған білімді практикамен ұштастыра білуге, формулаларды түрлендіре білуге үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан күрделіге жеткізу, сынтұрғыда ойлау.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың бағдарламасы:
1. Топтардың таныстыруы (әр топ тобын, ұранын айту);
2. «Кім жылдам?» (викториналық сұрақтар);
3. «Ойланайық , ойлайық » (логикалық есептер);
4. «Кім тапқыр!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
5. «Ойлан тап!» (физикалық шамалардың белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы);
6. Сергіту сәті. (Кел, күлейік!)
7. «Домино» (сөздерді ретімен орналастыру)
8. «Тіл – өнер» (жұмбақтың шешімін тауып,орыс, ағылшын тіліне аудару)
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу. «Ойшылдар», «Алғырлар».
Психологиялық дайындық.
Уа жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар.
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде.
ФИЗИКА теңізі елінде,
ФИЗИКА теңізі тілінде
Жылдам шешіп жарысып,
Сұрақ пенен есепті.
Приборларды сөйлетіп,
Жасайық тәжірибені.
Көңілді ойын жасайық,
Асықпайық, саспайық.
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!
«Кім жылдам?»
(викториналық сұрақтар);
1-топ.
1. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
2. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
3. Өзімен жылулық байланыста болатын дененің температурасын өлшеуге арналған құрал.
4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі.
5.Дененің ішкі энергия дегеніміз не?
6. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?
7. Сәуле шығару дегеніміз не?
8. Қайнау дегеніміз не?
9. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
10.Шық нүктесі деп нені айтады?
11. Ауаның ылғалдылығын анықтау үшін қолданылатын аспап.
12. Меншікті булану жылуын қалай түсінуге болады?
2-топ
1. Диффузия дегеніміз не?
2. Конвекция дегеніміз не?
3. Жылу мөлшері дегеніміз не?
4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі.
6. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
7. Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
8. Қандай буды қаныққан бу деп аталады?
9. Қандай буды қанықпаған бу деп аталады?
10. Қандай процесс жылу алмасу деп аталады?
11. Изобаралық процесс дегеніміз не?
12. Адиабаталық процесс дегеніміз не?
« Ойланайық Ойлайық»
( логикалық есеп)
1. Тапсырма: Суретте 8л, 5л және 3л сыйымдылықтағы шелектер берілген.
8л сыйылымдылықтағы шелектесу толған. Бос 5л және 3л шелектердің көмегімен 1литрге тең суды төгу керек.
2. Тапсырма:
Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге.Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады
«Кім тапқыр!»
(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
-Оқушылар біздің «ФИЗИКА» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық.
Қандай тапсырмасы бар екен?
(Оқытушы 2 топқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір – бірлеп физикалық приборларды алып шығады.
Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.)
Әр дұрыс жауапқа – 5
«Ойлан тап!»
(физикалық шамалардың белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы);
Дұрыс тапқанға – 10 ұпай.
| № | Шамалар | белгіленуі | формуласы | Өлшем бірлігі |
| 1. | Жылу мөлшері. | |||
| 2. | Отынның меншікті жану жылуы. | |||
| 3. | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы | |||
| 4. | Меншікті булану жылуы | |||
| 5. | Меншікті жылу сыйымдылық | |||
| 6. | Меншікті балқу жылуы | |||
| 7. | Газдың атқарған жұмысы |
Сергіту сәті.
(Кел, күлейік!)
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы б ар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
«Домино» (сөздерді ретімен орналастыру)
Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.
Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:
келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.
Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.
Тіл өнері
(жұмбақтың шешімін тауып,орыс, ағылшын тіліне аудару)
Дұрыс жауапқа қазақ тілінде -10 ұпай,
орыс тілінде – 10 ұпай,
ағылшын тілінд – 10 ұпай.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін.
2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.
4. Қабат- қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
5.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
6.Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
Қорытынды:
Үйге тапсырма беріледі. Оқушылардың жауаптары бағаланады. Сабақтан алған әсерлері
туралы қысқаша айтып беруі сұралады.
