Компьютердің құрылғылары
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Шардара қаласы
«Шардара» мектеп – лицейі
Информатика пәні мұғалімі
Туртабаева Улдар Куанышбековна
Тақырып: Компьютердің құрылғылары.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бүгінгі сабақта, пернетақта, тышқан және терте ұғымын оны қолдану тәсілдерін таныстыру. Оқушыларға компьютерлердің қосалқы бөлшектерімен таныстыру. Құрылғылардың қызыметін түсіндіру. Пернетақтаның арнаулы және таратылуымен таныстыру.
Дамытушылық: Компьютер қызыметінің құрылғылар түрлерін, бөлшектермен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу. Ой-пікір, көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың типі: Баяндау, көрсету, түсіндіру.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме, тест сөзжұмбақ, кеспе қағаз.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы. I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II . Үй жұмысын сұрау
Тест пен жұмыс.
Есте сақтау құрылғысы.
Жүйелік блок қандай құрылғылардан тұрады?
Реферат: 1) Есептеуіш техниканың даму тарихы
2) ЭЕМ буындары.
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа сабаққа кіріспе
V Жаңа сабақ
VI Жаңа сабақты бекіту
VII Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасын беру
X Бағалау
Жаңа сабақ
Пернетақта- компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады.Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті- цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын,орыс, қазақ әріптері,цифрлар,тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады.
Функциялық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,…, F12) әрпімен белгіленген. Функциялық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда ( әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде ) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады;
Нұсқаушы немесе меңзерді экранды басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде ) жыпылықтап тұратын символ.
Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақта оң жақта орналасқан.
Enter немесе енгізу пернесі.Бұл – ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің операцияның аяқталғанын,компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. Команда символдық пернелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютер сендер Enter пернесін басқаннан кейін жетеді.
Тышқан – қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – Маус манипуляторымен жабдықталған.
Бұдан былай оны тек маус (тышқан ) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – сұр түсті,тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалганған иілгіш сымы бар қорап.Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын құрылғы.маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады,себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. Маусты арнайы кілемше бетіне жылжытқанда, шар айналады.Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге оңға-солға және жоғары – төменге жылжыту сигналдарын береді.
Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайдаланылады.
ДЖОЙСТИК (терте ) деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор .Терте қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады.
Тұтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.
Бекіту: 1) Перне тақта дегеніміз не?
Пернетақта нешеге бөлінеді?
2) Монитор дегеніміз не?
Тышқан дегеніміз не?
3) Принтер дегеніміз не?
Принтердің түрлерін ата
4) Джойстик (терте) деген не?
Сканер деген не?
5) Пернетақтада неше перне бар?
Тышқанның түрлерін ата
6) Диск жетек деген не?
Қандай ақпараттарды принтерде шығаруға болады?
1) Компьютердің ең басты бөлігі? Оны компьютердің миы деп те атаймыз.
2) Компьютердің ішкі жады?
3) Компьютердің экранына ақпаратты шығаруға арналған құрылғы?
4) Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы?
5) «Ақпарат» қай тілден шыққан?
6) Ақпараттың ең кіші бірлігі?
7) Гректер есептеу құралын не деп атады?
8) Екінші бір ақпарат түрлендіруге арналған құрылғы?
9) Компьютерлік ойындарда эранда жылжыйтын объектілерді басқаруға арналған манипулятор?
10) Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы?
Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру: Монитор, пернетақта, тышқан, джойстик.
Бағалау:
