Берікболова Зайра Серғазықызы

«Мақаншы орта мектеп-бақша”
КММ бастауыш сынып мұғалімі
Берікболова Зайра Серғазықызы

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы

Сабақтың мақсаты:

1. Ү дыбысы мен әріпін таныстыру.

2. Сөз, сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілетін, зейінін, қол моторикасын дамыту.

3. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сөздік, ойын, слайд

Көрнекі құралдар: текшелер, әріптер, суреттер, жұлдызшалар.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті. Алдымен дұрыстап амандасып алайық.

ІІ. Шаттық шеңбері

Бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберіне тұрайық. Енді бір-бірімізге сәттілік тілейік.

ІІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру

· Топқа бөлу (суреттерді құрастыру арқылы топтың атын анықтау);

1-топ: Өрік 2-топ: Өрмекші 3-топ: Көбелек

· Дыбыстық талдау

-Балалар, осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Өрік -4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын.

Ө-дауысты

Р– дауыссыз

І– дауысты

К-дауыссыз

Өрмекш -6 дыбыс, 6 әріп, 3 буын

Ө– дауысты

Р– дауыссыз

М- дауыссыз

Е- дауысты

К- дауыссыз

Ш- дауыссыз

І- дауысты

Көбелек -7 дыбыс, 7 әріп, 3 буын

К- дауыссыз

Ө- дауысты

Б- дауыссыз

Е- дауысты

Л- дауыссыз

Е- дауысты

К– дауыссыз

· «Кім жылдам» ұяшықтан сөздерді оқу

Көрік, көлік, өрік, көмек, өмір, көмір

· Сергіту сәті

ІV. Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

-Балалар, әр топқа жұмбақ жасырам, шешкен топ жұлдызшаға ие болады.

1 топ. Күндіз соқыр не деген,

Түнде қандай көреген. (үкі)

2 топ. Көрмедім еш үйіңді,

Қолданбас бұл бұйымды.

Жазып қыртыс-тыртысты,

Жаңалайды киімді. (үтік)

3 топ. Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (түйе)

Ү дыбысымен таныстыру

-Балалар, жұмбақтардың шешуі қай дыбыстан басталып тұр.

-Дұрыс. Ендеше бүгін Ү дыбысымен танысамыз.

-Кәне барлығымыз айтып көрейікші. Қалай естілді.

-Ендеше бұл дауысты дыбыс. Қызыл текшемен белгілейміз.

«Сөз ойла, тез ойла»

-Балалар, қазір барлығымыз ойын ойнайық. Ү дыбысынан басталатын сөздерді немесе ү дыбысы кездесетін сөздер ойлап табайық. Қай топ көп айтады екен.

Суретпен жұмыс.

-Балалар мына суреттегі ата кім?

-Бұл Сүгір – күйші.

-Сүгір өткен ғасырда өмір сүрген күйші. Ол көбінесе шертпе күйлер шығарған. Оның «Шалқыма», «Телқоңыр», «Бозінген», «Қосбасар» күйлері көпке танымал.

-Балалар осы күйлердің бірін тыңдағыларың келеме? Қазір бізге Жандостың апасы осы күйден үзінді тартып берсін. (күйі тыңдалады)

-Мына сөйлемді кім оқи алады?

-Сүгір – күйші.

Ү дыбысының жазылуын тақтада, ауада көрсету.

Дәптермен жұмыс

-Балалар дәптерлеріңді ашып, қарындаштарыңды алып, ү дыбысының бірінші жолын жазайық.

Сергіту сәті «Молекула» ойыны

Суретпен жұмыс

Гүл, үйрек, үйдің суретіне сөйлем құрап, оны талдату. Тақтаға сызба арқылы жаздырту.

V. Қорытынды

«Кім тапқыр» ойыны

VІ. Марапаттау

-Енді жұлдызшаларымызды санайық. Қай топ жеңіске жетті?

-Жеңіске жеткен топты қол шапалақтап құттықтайық.

VІІ. Отшашу

Зайра.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше