Кешірімділік көңіл кеңдігі
Семей қаласы «КММ» №22 жалпы орта білім беретін мектебі
Өзін – өзі тану пәні мұғалімі
Шырай Сакеновна Турашева
Пәні:Өзін-өзі тану.
Сыныбы:8
Тақырыбы: Кешірімділік-көңіл кеңдігі.
Құндылық:Дұрыс әрекет.Қасиет:Кешірімділік ең жақсы қасиеттердің бірі
Мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.
Міндеттері:
– «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру;
– Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
– Кешірімділікке тәрбиелеу.
Тыныштық сәті.
Оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі, баяу музыка қоюға болады.Мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады.
– Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмсаңдар да болады.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа , махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашыңдар!
Оқу ақпараты.
Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болиау түрлі ауруларға шалдықтырады.
Мәтінмен жұмыс.
Мұқағали Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңінен берілген үзіндімен танысады.Сұрақтар қоюға болады.
– Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?
– Адам адамға тек қуаныш сыйлауы керек деген пікірмен келісесің бе?
Дәйексөз.
« Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты,кемшілігі жоқ адам да болмайды».
Тапсырма.
Берілген өлең жолдарын оқыңдар.Ондағы ой тұжырымдарды көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау әдісін пайдаланып,өз пікірлерін айту керек.
Өзіммен-өзім.
Көздеріңді жұмып,манаураған қалыпқа келіңдер.Демдеріңді ішке алып,сыртқа шығарыңдар және сонаң соң аз үзіліс жасаңдар.Енді,ойша өз іштеріндегі бүгінгі реніш-өкпелеріңе болашақтан көз тастап көріңдер.Мейлі бір жылдан кейін,бес жылдан,он жылдан кейін болсын.Музыка қосуға болады.
Түйіндеме.
Кешірімділік-мейірімділік,ақылдылық,ізгілік,рахымдылық,адамгершілік,азаматтық,ақкөңілді–лік.
Тышыштық сәті.Оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі, баяу музыка қоюға болады.
