Сапарханова Дамелхан Сапархановна
| ШҚО, Ұржар ауданы, Айтбай ауылы«Турсабеков атындағы ортамектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
Сапарханова Дамелхан Сапархановна |
|||
| Сабақ 2-сабақ
Ұзақтығы: 35 минут |
Сабақ өтілетін күн: 09.10.2014ж
Сынып: 1 |
Жасы: 6-7 жас | Барлық оқушы саны:17
Қатысқаны: 17 |
| Сабақ тақырыбы: | Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері. | ||
| Сілтеме: | Күнтізбелік жоспар. 1-сынып Дүниетану | ||
| Жалпы мақсаттар: | Адамның сезім мүшелеріне нелер жататынын ұғынады.
Көз, тері сезім мүшелері екенін меңгереді. Көз, терінің қызметі, олардың маңызы туралы айтады. |
||
| Түйінді идеялар: | Адамның сезім мүшелерінің адам үшін қандай пайдасы бар екенін, оны күту әрбір адам үшін маңызды екенін ұғынады. | ||
| Әдіс-тәсілдер: | Шаттық шеңбері, миға шабуыл, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу(ойлан тап ойыны арқылы) | ||
| Ресурстар: | Адамның сезім мүшелеріне суреттер, дидактикалық материалдар. | ||
| Дерек көздер: | А.Аймағанбетова Дүниетану оқулығы 1-сынып Алматы «Атамұра» 2012 ж, электронды оқулық, 2012 ж. | ||
| Оқыту нәтижелері: | Адамның сезім мүшелері туралы біледі.
Сезім мүшелерінің қызметін ажырата алады. Сурет бойынша өз ойларын айта алады. Көз және тері күтіміне мән береді. Жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлауы дамиды. |
||
| Сабақ барысы: | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сабақ кезеңдері:
1-кезең –ұйымдастыру топтарға бөлу 2 кезең -үй тапсырмасын тексеру 3 кезең жаңа сабақ 4 кезең топпен жұмыс 5 кезең қорытындылау 6 кезең Үйге тапсырма |
2 минут
2 минут 5 минут 10 минут 10 минут 5 минут 1 минут |
Шаттық шеңберін құру.
Нөмірленген өшіргіштерді алу арқылы топқа бөлінеді. Сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. -Қандай еңбек түрлерін білеміз? -Әр маман иесінің атқаратын қызметі туралы не білесің? -Еңбек туралы, маман иелері туралы жаттаған мақал-мәтел, жұмбақтары сұралады. Мадақтау, смайлик арқылы бағаланады. Адамның сезім мүшелеріне нелер жататыны түсіндіріледі. Сезім мүшелерінің адам өміріндегі маңызы. Көз бен терінің атқаратын қызметі жайында айтылады. Көз және тері күтімі туралы түсіндіріледі. Постер құруға тапсырма беріледі. -Көз не үшін, тері не үшін керек? -Оларға қандай күтім қажет? т..б. Мадақтау, смайлик беру арқылы бағаланады. Сезім мүшелері туралы жұмбақтар айтылады. Сезім мүшелері көз, тері туралы суреттер жинақтайды, жұмбақ, мақал-мәтел жаттайды. |
-Сәлем, саған, Алтын күн!
-Сәлем, саған, Жер-Ана! -Сәлем, саған, сыныбым! -Сәлем,саған, жан досым! Балалар бір-бірімен амандасып, сәттілік тілейді. 1,2,3 деген сандармен 1санын алғандар бір-бірімен, 2санын алғандар бір-бірімен, 3 санын алғандар бір-бірімен топтасады. Оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді. Үйден жаттап келген мақал-мәтел, жұмбақтарын айтады. Суреттегі қай маман иесі екенін ажыратып айтады. Бес саусақ, бас бармақ көрсету арқылы баға береді. Адамның сезім мүшелері, олардың адам өмірінде алатын орны, қызметі, оларды күту туралы түсінеді. Әр топ көз, тері туралы өз ойларын сурет салу, ауызша әңгімелеу арқылы қорғайды. Бірін-бірі бағалайды, шапалақтау арқылы, топ басшысының бағалауы арқылы ауызша білімдері бағаланады. Жұмбақтардың шешімін табады. Өздері білетін жұмбақтарды бір-біріне жасырады. |
ШҚО Үржар аудандық ерікті тілші Джилкишина А.
