Джилкишина Айгерим Кыдырканқызы
ШҚО, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Ақшоқы орта мектеп-балабақша» КММ математика пәні мұғалімі
Джилкишина Айгерим Кыдырканқызының 7-сыныпта геометрия пәнінен тізбектелген сабақтардың қысқа мерзімдік жоспары
| І тоқсан | Күні 14.10.2014 жыл | № 2 сабақ | ||
| І бөлім. Геометрияның алғашқы ұғымдары (13 сағат), 7-сынып | ||||
| Сабақтың тақырыбы | Теорема және теореманы дәлелдеу. | |||
| Сабақтың мақсаты | теоремаларды дәлелдеп, есеп шығару барысында пайдалана білуге үйрету. | |||
| Сабақтың типі | Жаңа тақырыпты меңгерту | |||
| Сабақтың түрі | Аралас сабақ | |||
| Болжамданған нәтиже | -теореманы нақты дәлелдей алады;
-сызба бойынша сөйлеу дағдылары қалыптасады; -бір-біріне сұрақтар қоя біледі, сұрақ қоя отырып, сыни ойлауға үйренеді; -сызба бойынша талдау жасай алады; -теореманы есеп шығару барысында қолдана алады. |
|||
| Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
| Ұйымдастыру кезеңі, уақыты
2 мин |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау. «Жұлдызнамалары» бойынша оқушыларды топқа бөлу. «Бағалау парағын» таныстырып, тарату. «жау-жау жаңбыр» сергіту сәті |
Оқу құралдарын дайындайды, кезекші сабаққа келмеген (себепті, себепсіз) оқушыны анықтайды.
жұлдызнамалары бірдей оқушылар бір топ болып бөлінеді, топ басшыларын сайлайды. «Бағалау парағын» топ басшысы сабақ барысында, бақылап, толтырып отырады. Сергіту сәтін алақандарын бір-біріне үйкеп, іс- қимылдар арқылы жасайды. |
||
| Үй тапсырмасын тексеру
2 мин |
«10 сұрақ» әдісі арқылы қайталауға бұрыш, бұрыштың түрлеріне байланысты сұрақтар қоямын. | Әр топтан бір оқушы шығып ортаға отырады, басқа топтан сұрақтар қояды отырған оқушы «ия» және «жоқ» деп жауап береді, бірінің жауабын бірі толықтырады. Мысалы:
-90°-қа тең бұрыш тік бұрыш па? -иә – 130°-қа тең бұрыш сүйір бұрыш па? -жоқ. Үйге берілген 24-беттегі №51 есепті топ басшылары тексеріп бағалау парағына бағаларын қояды. |
||
| Жаңа тақырыпты меңгерту
Білу 6 мин |
«Терминдер кестесі» әдісі бойынша әр топқа «теорема», «аксиома», «дәлелдеме» термин сөздерін таратамын. | «теорема», «аксиома», «дәлелдеме», термин сөздердің мағынасын қарастырып ізденеді, біледі. | ||
| Түсіну
8 мин |
«кластер» қорғау. Әр топқа тапсырма беремін. «Теорема», «аксиома», «дәлелдеме» сөздерін түсінуде графикалық бейнелеу. | Тапсырма бойынша берілетін мәліметтерді ортаға салады, бірінің жауабын бірі толықтырады, кластер құрады, қорғауға дайындалады. «теорема», «аксиома», «дәлелдеме» термин сөздерін әр топ қалай түсінетіндерін суретпен бейнелу арқылы немесе сызбамен көрсетіп дәлелдеу арқылы тақтаға шығып қорғайды. | ||
| Қолдану
15 мин |
Оқулықпен жұмыс, топтарға есептер беру.
№69, 70, 27-бет. Талантты және дарынды оқушыларға қосымша тапсырма беремін. |
Оқулықтағы есептерді интербелсенді тақтада орындайды. Талантты және дарынды оқушылар қосымша тапсырмаларды да орындап тексертеді. | ||
| Жинақтау
7 мин |
«Теореманы жалғастыр» ойынын ойнату.Оқушыларға бекіту сұрақтарын қоямын. | «Теореманы жалғастыр» ойынын ойнап, бір-бірлеріне доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін тиянақтайды. Мысалы: допты бір оқушы «теорема дегеніміз не?» деп, кез- келген оқушыға лақтырады, алған оқушы «ақиқаттағы дәлелденетін сөйлем» деп жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қою арқылы лақтырады, солай ойынды жалғастырып ойнайды. | ||
| Бағалау
2 мин |
Топтық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалаймын.
Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенімді бағалаймын. |
Бұрыш, бұрыштың түрлерін ұғады.
Өзінің іс-әрекетін бақылай алатын болады. Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Өзін-өзі бағалайды |
||
| Үйге тапсырма
1 мин |
Оқулықтан §5, 26-27-беттер оқу,теорема жаттау. №73, 21-бет | |||
| Рефлексия
2 мин |
«Даналық ағашы»: Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс-пәкірлер, талап- тілектер іледі. | |||
