Джилкишина Айгерим Кыдырканқызы

ШҚО, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Ақшоқы орта мектеп-балабақша» КММ математика пәні мұғалімі

Джилкишина Айгерим Кыдырканқызының 7-сыныпта геометрия пәнінен тізбектелген сабақтардың қысқа мерзімдік жоспары.

І тоқсан Күні 10.10.2014 жыл № 1 сабақ
І бөлім. Геометрияның алғашқы ұғымдары (13 сағат), 7-сынып
Сабақтың тақырыбы Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және оның қасиеттері.

Бұрыштың биссектрисасы.

Сабақтың мақсаты Бұрыштарды өлшеп салуды және оның қасиеттерін терең меңгерту. Есеп шығару қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Болжамданған нәтиже -бұрыштар туралы білімдерін кеңейтеді;

-бұрыш және оның биссектриссасының анықтамаларын біледі;

-транспортирдің көмегімен бұрышты сызуды, өлшеуді және салыстыруды үйренеді;

-бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренеді:

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі, уақыты

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау.

Әртүрлі геометриялық фигуралардың (шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш) түрлеріне қарай оқушыларды топқа бөлу.

«Бағалау парағын» таныстырып, тарату.

«Көңілді күн» музыкалық әуені

Оқу құралдарын дайындайды, кезекші сабаққа келмеген (себепті, себепсіз) оқушыны анықтайды.

Әр түрлі геометриялық фигуралардың түрлеріне байланысты топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

«Бағалау парағын» топ басшысы сабақ барысында, бақылап, толтырып отырады.

Сергіту сәтін жасайды.

Үй тапсырмасын тексеру

2 мин

Оқушыларға өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарын қоямын:

-кесінді дегеніміз не?

-сәуле дегеніміз не?

-нүктені қалай белгілейміз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бірінің жауабын бірі толықтырады.
Жаңа тақырыпты меңгерту

Білу

6 мин

«Бұрыш» тақырыбы жұмбақ түрінде жасырылады.

Санасаң бір бөлмеде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр.

(бұрыш)

Оқушыларға бұрыш туралы сұрақтар қоямын, сыныппен диалог жүргіземін.

«Бұрыш» сөзі туралы түсініктерін айтады, бұрыштың түрлерін, сызбасы арқылы төбесін, қабырғаларын атап өтеді, бұрыштың белгіленуін көрсетеді, қасиеттерін қарастырады.
Түсіну

8 мин

Интерактивті тақта бойынша транспортирдің көмегімен бұрыш сызуға үйрету.

Транспортирмен жұмыс

«Ойлан, жұптас, талқыла». Әр топқа тапсырма беремін.

І-топ: сүйір бұрыш және жазыңқы бұрыш

/90 градустан төмен бұрышты сүйір бұрыш деп, ал 180 градусқа тең бұрышты жазыңқы бұрыш деп атаймыз/.

Мысалы:

30°, 45°, 85°- сүйір бұрыштар;

180°-жазыңқы бұрыш;

ІІ-топ: тік бұрыш және толық бұрыш

90 градусқа тең бұрышты тік бұрыш деп, ал 360градусқа тең бұрышты толық бұрыш деп атаймыз/.

Мысалы:

360°-толық бұрыш;

90°-тік бұрыш;

ІІІ-топ: доғал бұрыш

90 градустан жоғары бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз/.

Мысалы:

95°, 130°, 160°-сүйір бұрыштар.

Транспортирдің көмегімен бұрыш сызып үйренеді.

Тапсырма бойынша берілетін мәліметтерді ортаға салады, бірінің жауабын бірі толықтырады, флипчарт құрады, қорғауға дайындалады.

Қолдану

15 мин

Оқулықпен жұмыс:

№53, 24-бет, №54, 24- бет

Талантты және дарынды оқушыларға таратпа материалдары арқылы «С» деңгейіндегі тапсырмалар беремін.

Оқулықтағы есептерді тақтада орындайды.

талантты және дарынды оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Жинақтау

7 мин

Оқушыларға бекіту сұрақтарын қоямын.

Сөзжұмбақ: «Бұрыш»

«Бірге ойлаймыз» логикалық есептер:

Төртбұрышты партаның бір бұрышын кесіп тастаса,

неше бұрышы қалады? (5 бұрыш)

Жаңғалақтан бұрыштың түрлерін ата дегенде, ол не деп жауап береді?

( сары, қызыл, жасыл).

«Тест сынағы» (5-тапсырма)

Сұраққа жауап береді.

«Бұрыш» сөзжұмбағын шешеді

Логикалық есептерді табады.

Тест сұрақтарына жауап беріп, бір-бірлерінің жауаптарын тақтадағы жауаптармен сәйкестендіріп, тексереді.

Бағалау

2 мин

Топтық жұмыстарды, кейбір оқушыларды сабақ барысында формативті бағалау «күн», «жұлдызша» таратамын, жиынтық бағалау арқылы күнделіктеріне баға қоямын.

Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенімді бағалаймын.

Бұрыш, бұрыштың түрлерін ұғады.

Өзінің іс-әрекетін бақылай алатын болады.

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Өзін-өзі бағалайды

Үйге тапсырма

1 мин

Оқулықтан §4, 19-23-беттер оқу, теорема жаттау. №51 есеп шығару, 24-бет
Рефлексия

2 мин

«Бүгін сабақ мен үшін…» Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс-пікірлер, талап- тілектер.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше