Джилкишина Айгерим Кыдырканқызы

ШҚО, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Ақшоқы орта мектеп-балабақша» КММ математика пәні мұғалімі

Джилкишина Айгерим Кыдырканқызының 7-сыныпта геометрия пәнінен тізбектелген сабақтардың қысқа мерзімдік жоспары

І тоқсан Күні 16.10.2014 жыл № 3 сабақ
І бөлім. Геометрияның алғашқы ұғымдары (13 сағат), 7-сынып
Сабақтың тақырыбы Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты Бұрыштың градустық өлшемі, кесінді мен бұрыштарды өлшеп салу жөніндегі аксиомаларды енгізе отырып, оқушылардың жаттығуларды жете түсініп, дұрыс орындай білуі бейімділігін қалыптастыру.
Сабақтың типі Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Болжамданған нәтиже -бұрыштардың сыбайлас және вертикаль түрлерін біледі;

-сыбайлас және ветрикаль бұрыштардың анықтамаларын біледі;

-сыбайлас және вертикаль бұрыштарды сызуды, теорема бойынша есеп шығаруды үйренеді;

-бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренеді:

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі, уақыты

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау.

«математика», «алгебра», «геометрия» пән аттарын жасыру арқылы топқа бөлу.

«Бағалау парағын» таныстырып, тарату

«Биші адам» музыкалық әуенмен сергіту сәтін жасату.

Оқу құралдарын дайындайды, кезекші сабаққа келмеген (себепті, себепсіз) оқушыны анықтайды.

«Математика», «алгебра», «геометрия» пән аттарына байланысты топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

«Бағалау парағын» топ басшысы сабақ барысында, бақылап, толтырып отырады.

Сергіту сәтін музыкалық әуенмен «биші адамның» іс- әрекетін қайталайды.

Үй тапсырмасын тексеру

2 мин

Оқушыларға өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарын қоямын:

–Тік бұрыш дегеніміз не?

-Сүйір бұрыш дегеніміз не?

-Доғал бұрыш дегеніміз не?

-Жазыңқы бұрыш дегеніміз не?

-Толық бұрыш дегеніміз не?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бірінің жауабын бірі толықтырады

Үйге берілген 21-беттегі №73 есепті топ басшылары интербелсенді тақтадағы жауаптарымен тексеріп бағалау парағына бағаларын қояды.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Білу

6 мин

Бұрыштың түрлері беріледі: тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш

(осы бұрыш түрлерінен сыбайлас және вертикаль бұрышты құрастырып шығару керек )

Оқушыларға сыбайлас және вертикаль бұрыштар туралы сұрақтар қоямын, сыныппен диалог жүргіземін.

Оқушылар осы бұрыш түрлерінен өздері сыбайлас бұрыш пен вертикаль бұрышты табады. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар туралы түсініктерін айтады, қасиеттерін қарастырады.
Түсіну

8 мин

Интерактивті тақта бойынша сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығаруға үйретемін.

«6 әдісі» тәсілі. Әр топқа тапсырма беру.

І-топ: сыбайлас бұрыштар, қасиеттері.

ІІ-топ: вертикаль бұрыштар, қасиеттері.

ІІІ-топ: сыбайлас және вертикаль бұрыштардың ұқсастықтары жайында тапсырма беремін.

Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға байланысты есептер шығарады.

Оқушылар тапсырма бойынша берілетін мәліметтерді ортаға салады, бірінің жауабын бірі толықтырады, ортақ нәтижені басқа топқа көрнекіліктерді пайдаланып жүйелі түрде түсіндіріп береді.

Қолдану

15 мин

Оқулықпен жұмыс, топтарға есептер беру.

№85 (1, 2, 3), 30-бет, №77, 29- бет

Талантты және дарынды оқушыларға таратпа материалдары арқылы «С» деңгейіндегі тапсырмалар беремін.

Оқулықтағы есептерді интербелсенді тақтада орындайды.

Талантты және дарынды оқушылар «С» деңгейіндегі есепті орнында шығарып, тексертеді.

Жинақтау

7 мин

«Сұрақтар пирамидасын» пайдаланып, оқушыларға бекіту сұрақтарын үлестіремін.

Логикалық есеп

Бақта бірнеше қайың ағашы өсіп тұр. Бір ағашта 10 бұтақ, бір бұтақта 10 алмадан өсіп тұр. Барлығы бақтағы алма санын тап?

( қайыңда алма өспейді)

(сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қоюға арналған логикалық тапсырмалар орындайды)

«Тест сынағы» (5-тапсырма).

1) 112°-қа тең бұрыштың сыбайлас бұрышы неге тең?

б) 68°

2)Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 5 есе артық.

Осы бұрыштарды табыңдар.

г) 30°, 150°

3)Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

в) 180°

4) Егер екі бұрыштың қабырғалары бір- бірінің толықтауыш сәулелері болса, онда бұл…

г) вертикаль бұрыш

5) Екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 30°-қа кем.Осы бұрыштарды табыңдар.

в) 75°, 105°

Сұрақтарға жауап береді.

Логикалық есептерді шешеді

Тест тапсырмаларын орындап, тақтадағы жауап бойынша бір- бірлерін тексереді.

Бағалау

2 мин

Топтық жұмыстарды, кейбір оқушыларды сабақ барысында формативті бағалау «күн», «жұлдызша» таратамын, жиынтық бағалау арқылы күнделіктеріне баға қоямын. Бұрыш, бұрыштың түрлерін ұғады.

Өзінің іс-әрекетін бақылай алатын болады.

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Үйге тапсырма

1 мин

Оқулықтан §6, 27-30- беттер оқу,теорема жаттау. № 81; 82 есептер, 29-бет
Рефлексия

2 мин

«Шығу парағы»: Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс-пәкірлер, талап- тілектер.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше