Карибаева Гулбану Каниевна
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп- балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Карибаева Гулбану Каниевна
Қазақ әдебиеті 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Көксерек
Сабақтың мақсаты: білімділік– М.Әуезовтің табиғат тақырыбы мен адамдар тағдырын қатар суреттеген «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу;
Дамытушылық- ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелік- табиғатты қорғауда әр адамның орны ерекше екенін, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу;
Түрі: бекіту сабағы.
Әдісі: сұрақ- жауап, топтастыру, түсіндіру, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: М.Әуезовтің портреті, қасқырдың суреті, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы. 1. Сұрақ- жауап.
Қасқырлар туралы не білеміз? (оқушылар өздерінің ізденіп жазып келгендерін айтады).
2. Дәптермен жұмыс. Салыстыру.
| Адам саналы тіршілік, өмірді сүйеді, мейірімді, қамқор, кешірімді ұрпақ өсіреді, өмірін жалғастырады. | Өмірге, тіршілікке құштарлық, ұрпақ жалғастыру, тамақ табу үшін күреседі т.б. | Қасқыр- табиғаттың тағысы. Қатал, ызалы, долы, басты мақсаты- тән азығын табу. |
ІІІ. Бүгінгі сабақ.
Сабақтың эпиграфы.
Табиғат- тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен- күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен- көлсің,
Сен- ормансың
Сен- бұлбұлсың
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен- жарықсың,
Сен- жерсің,
Сен- адамсың,
Сен- ауасың,
Сен- анамсың
Бәрі- менің өмірім сен сыйлаған.
Бүгінгі сабағымыз табиғат перзенттері қасқырлар тағдыры мен адамдар тірлігі қатар алынған М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне арналады.
1. –Балалар, «Көксерек» повесінің жазылу тарихы туралы не білеміз?
2. Әңгіменің композициялық құрылымы бойынша әңгімелеу.
| 1. | Оқиғаның басталуы. | Қасқырлар мекені, тағылар тағдыры. |
| 2. | Оқиғаның дамуы. | Бөлтіріктерге жасаған адамдар қаталдығы. |
| 3. | Оқиғаның шиеленісуі. | Құрмаш үйіндегі Көксеректің жәбірі. |
| 4. | Шарықтау шегі. | Көксеректің Құрмашқа жасаған сатқындығы. Құрмаш қазасы. |
| 5. | Шешімі. | Аққасқаның Көксеректі өлтіруі. |
Венн диаграммасы.
| Көксерек
Көкшіл Сұр Суық Шолақ құйрық Көкжал Бойы тайдай |
| Аққасқа
Ақ сұр Шаңғыл төбет Өте қабаған Қып- қызыл Көз бойы қасқырдан кем емес, алдыңғы жағы арыстандарға келеді. |
| Ортақ
Ызақор Долы Ашқарақ |
IV. Сабақты қорытындылау.
Дебат. Адам мен табиғат арасындағы байланыс пен бірлік туралы сөз кезегін пікірсайыс түрінде жүргіземіз. (Оқушыларды екі топқа бөлемін).
І. Жақтаушылар.
Тақырыбы: Адам- ең саналы тіршілік иесі.
Кілт сөздері: 1. Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды, бөрілігін істейді.
2. Малға да, адам өміріне де қауіпті.
ІІ. Даттаушы
Тақырыбы: Қасқыр- табиғаттың бір бөлшегі.
Кілт сөздері: 1.Қасқырды асырауға болмайды, себебі, ол- табиғаттың
тағысы.
2. Қасқырдың өз сезімі, түйсігі бар, жан айқайы бар.
Міне, балалар, бүгін біз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі арқылы жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесін танып отырмыз. Бұл тепе- теңдік бұзылған жағдайда үлкен құрбандыққа алып келеді. Себеп біреу- табиғаттағы барлық тіршілік иесінің өзінің өсіп, дамып, өркендеу жолдары бар. Ол күшпен бағындыруға әрқашан қарсылықпен жауап береді. Жаратылыстағы тепе- теңдіктің бұзылу тенденциясының зардаптарын М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі, Дж. Лондонның «Ақ азу» повесі, Ш.Айтматовтың «Жан пида» романындағы үндестік байқалады.
Дж. Лондон
Қасқыр М.Әуезов Адам
психологиясы Ш.Айтматов психологиясы
О.Сулейменов
Осы шығармадағы басты тақырып- адамдар арасындағы жауыздық, қаталдық, қоршаған ортаға қамқорлықтың жоқтығы. Адамдар қасқырдың апанын бұзып, күшіктерін өлтіріп тастап отырады. Қасқыр психологиясы бойынша осындай қорлықтардан кейін жер бетіндегі екі аяқтылардан өш алуды алдарына міндет етіп қойғандай болады. Осыған қарап отырып бұл шығармалардағы түз тағыларын тіпті аң деп қарауға болмайтын сияқты. «Көксеректе» «Туғаннан бергі барлық көресі осы екіаяқтыдан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді» деген үзінді мен «Бөлтіріктер» өлеңіндегі мына бір үзіндіні салыстырып көрейікші:
Они прижавшись к ранам
Жадно пили густую, холоднеющую кровь.
И в мести с ней впивались жажда мести
Кому? Любому- лишь бы не простить.
И будут мстить в отдельности, а не вместе.
Бұл үзінділерден қатыгездікке қатыгездікпен жауап деген ойға келесің. Демек, табиғаттың өз заңдылығы бар, оны түсіну керек.
ШҚО Үржар аудандық ерікті тілші Джилкишина Айгерим
