Карибаева Гулбану Каниевна

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп- балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Карибаева Гулбану Каниевна

Қазақ тілі 5-сынып

1-сабақ

Тақырыбы: ФОНЕТИКА

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын айту.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. Грамматикалық тақырып.

Тақтада тіректі сызба ілулі тұрады. Мұғалім осы сызба арқылы грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң, оқушылар оқулықтарын ашып, осы тірек сызбаны қарап, ережелерді оқып шығады.

1) Мұғалім фонетика туралы ережені айтып, түсіндіреді.

ФОНЕТИКА тіл дыбыстарын үйретеді.

2) Дауысты дыбыстар мен әріптер туралы сызба бойынша жұмыс өткізу (оқулықтың 5-беті).

Дауысты дыбыстар мен әріптер

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар мен әріптер саны әр түрлі.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны – 12, олар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

И, у дыбыстары әрі жіңішке, әрі жуан болады. Ал э дыбысы басқа тілден енген сөздерде кездеседі.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс болатын әріптер саны – 15. Себебі, үш әріп айтылуына қарай дауысты дыбыстардың ішінде кездеседі. Олар:

Қатаң дауыссыздар саны – он екі. Олар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, ү.

Ал дауыссыз дыбыс болатын әріптер – 25. У әрпі әрі дауысты, әрі дауыссыздар тобына жатады.

Қазақ тілінде айтылуы қиын дыбыстар саны – 10. Олардың айтылуына қарай алтауы дауысты, төртеуі дауыссыз болады.

4) Қазақ тіліне тән дыбыстар туралы сызба мен ереже бойынша жұмыс өткізу (оқулықтың 4-беті).

V. Сөздікпен жұмыс.

1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталайды.

б) Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрайды.

в) Оқушылар сөз тіркестерін тізбекпен оқиды.

г) Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады.

Мысалы: Менің сенімен танысқым келеді.

VІ. Лексикалық тақырып.

Тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызбаға қарап, мұғалім оқушыларға «Танысу» тақырыбы жайында мәлімет береді.

ТАНЫСУ

Аты-жөні
Туған жылы, айы, күні
Туған жері
Ермегі

ШҚО Үржар аудандық ерікті тілші Джилкишина Айгерим

VІІ. Бекіту.

Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы тапсырмасын алады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан соң әр оқушы өз тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше