Карибаева Гулбану Каниевна

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп- балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Карибаева Гулбану Каниевна

САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН.

«БАЛА ШОҚАН»

Қазақ әдебиеті 5- сынып

Сабақтың мақсаты: білімділік- жазушы туралы мағлұмат беру, шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын ашу; тәрбиелік- оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке үйрету; дамытушылық- өнерге деген қызығушылығын арттыру, таным қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

Түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру. Әдіс- тәсілі: сын- тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ- жауап, ойтолғаныс.

Көрнекілігі: Сапарғали Бегалин, Шоқан Уалиханов портреттері, слайд пайдалану.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Жаңа достар» әңгімесі бойынша «Достық» тақырыбында шығарма жазу.

2. «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.

І. «Ой қозғау». Сапарғали Бегалин кім?

(Өмірінен қысқаша мәлімет беру)

Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан

облысының Абай ауданында дүниеге келген. Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан. 25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50- ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі, білікті жазушы ретінде танылды. 20- дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгар қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды. Осындай әңгімелерінің бірі- «Бала Шоқан» әңгімесі.

ІІ. «Ой түю». «Бала Шоқан» әңгімесі қалай жазылды? (Слайд арқылы Сапарғали Бегалиннің пікірін оқу, түсіндіріп таныстыру). Шоқан кім? Ол туралы не білеміз?

(Өмірінен қысқаша мәлімет беру).

ІІІ. «Топтастыру».

әдебиетші

тарихшы зерттеуші

ШОҚАН

ғалым заңгер

этнограф жаратылыстанушы саяхатшы

IV. «Мағынаны таныту». «Бала Шоқан» әңгімесінің мазмұнын үш бөлім бойынша айту. (Оқушылар түсінгенін мазмұндап айтады).

«Сөздің мәнін таңдап ұқ».

Сөздікпен жұмыс:

Күзек- малдың күзгі жайылымдағы қонысы. Әбдіре- киім салынатын мүлік. Ықтияр- өз еркі.

(Әңгімеден сөйлемдерді тауып, мағынасын толық түсіндіру)

«Ой жинақта жоспарлап». Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құрылып, реттік сандары ауыстырылып, оқушыларға ұсынылады. Оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша жоспар тақырыптарын дұрыс орналастыруы керек.

Мына жоспарды дұрыс орналастыр:

1. Жасқаншақ Мысық.

2. Өнерді сүйген Шоқан.

3. Қайырымдылық.

4. Мүсінші Мысық.

5. Уәде еттің, орында.

Дұрыс құрылған жоспар слайд бойынша көрсетіліп, оқушылар өздерін тексереді.

1. Мүсінші Мысық.

2. Жасқаншақ Мысық.

3. Өнерді сүйген Шоқан.

4. Уәде еттің, орында

5. Қайырымдылық.

V. «Ой қорыту».

«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап». Сұрақтарға жауап беру:

1. Мысық неден, қандай мүсіндер жасады? Оларды Шоқан қалай бағалады?

2. Шоқан бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

3. Шоқанның бала кезіндегі көргендері мен үйренгендерінің болашақ өмірінде пайдасы болды ма?

Болашақта кім болуды армандайсыңдар?

4. «Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы» деді. Бұл сөздерді кім айтты?

Бала тәрбиесінде бұл сөздердің маңызы қандай?

VI. «Ойтолғаныс». «Екі жақты күнделік» кестесін толтыру.

Шығармадан маған әсер еткен жағдай Менің өз ой- пікірім

Үйге тапсырма беру: 1) «Бала Шоқан» әңгімесін оқу, мазмұндау;

2) Шоқанға арнап бес жолды өлең жазу.

Бағалау.

ШҚО Үржар аудандық ерікті тілші Джилкишина Айгерим

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше