Карагаева Куралай Талгатовна

ШҚО Күршім ауданы

Топтерек ауылы

«Топтерек негізгі орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Карагаева Куралай Талгатовна

Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақ

тақырыбы:

«Ұр,тоқпақ»
Түрі, типі Дәстүрлі емес. Аралас сабақ
Сілтеме 2 сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы («Атамұра».-2013), Бағдарлама
Жалпы мақсаты Ертегідегі негізгі ойды анықтай отырып, олардың мәнерлеп оқу және әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері Оқулықпен жұмыс жасайды, негізгі ойды анықтай алады, жекелей, топпен жұмыстар орындайды, ортақ шешім қабылдайды, қорытынды жасайды. әдеби тілде сөйлеуге дағдыланады. Жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап іздей отырып сыни ойлауға дағдыланады.
Сабақтың негізгі идеясы Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастыру. Шыншылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі Оқулық, проектор, компьютер, слайд, суреттер
Сабақтың өту барысы Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру Амандасу, оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Жануарлар және құстар суреттерін таңдатып, сол арқылы топқа бөлу. Топ ережесін пысықтау. Топ басшысын тағайындау. Жабық тұрған суреттерді таңдап, топқа бөлінеді. 3 мин
Үй тапсырмасын тексеру «Қасқыр мен түлкі». (Ауған ертегісі) Слайдтағы сурет бойынша мазмұндау.

Сұрақ: Бұл ертегінің қандай түріне жатады? (слайдта «Ертегінің түрлері» сызбасы тұрады)

Екі топтан бір – бірден шығып суретін көрсетіп мазмұндап береді.

Слайдпен берілген сызбаға қарап қандай түріне жататынын айтып береді.

Жан-жануарлар туралы ертегі

7мин
Сергіту сәті «Көңілді күн» сергіту жаттығуы Проектордан бейнекөріністі көріп, қайталап жасайды 3 мин
Қызығушылықты ояту ØЕртегінің қандай түрлерін білеміз?

ØҚасқыр мен түлкі ертегілердің қай түріне жатады?

ØБүгін қандай түрлі ертегімен танысамыз деп ойлайсыңдар?

ØҚиял ғажайып ертегілер неліктен, қалай пайда болған?

Өтетін ертегінің атын хабарлау. «Ұр, тоқпақ» ертегісі.

3 мин
Мағынаны ажырату Тапсырма беру.

Топ мүшелерінің барлығы қатысуы керек. Екі топқа бірдей тапсырма беріледі. (тапсырманың үлгісі, ватман, бояу қарындаштар беріледі)

Топтар жұмысы

1-топ 2-топты «Бас бармақ» әдісімен

2-топ 1-топты «Бутерброд» әдісімен

· Оқушылар ертегіні өз беттерімен оқиды.

· Топта мазмұндайды.

· Ертегі мазмұны бойынша постер жасайды.

· Сурет бойынша ертегі мазмұныны қорғайды.

20 мин
Ой толғаныс Сұрақтар:

1.Шал мен кемпірдің тұрмыс-жағдайы қандай болады? Кедей болады

2.Шалдың құрған тұзағына не түседі? Қаз түседі

3. Шал Қазбайда үш жақсы нәрсесі барын кімнен біледі? Қойшы баладан

4.Шал Қазбайдан бірінші не нәрсені сұрайды, ол қандай зат?

5.Шал Қазбайдан екінші не нәрсені сұрайды, ол қандай зат?

6.Шал Қазбайдан үшінші не нәрсені сұрайды, ол қандай зат?

7.Ойнап жүрген балалар үш ретінде де атаға не деп айтады?

8.Балалар атаның заттарын өзіне қайтара ма? (қай топ көбірек жауап берді мадақтау алады)

ØБалалар, сендерге әжелерің, апаларың көптеген ертегі айтып береді. Олар көбіне қалай басталады екен? (сыни тұрғыдан ойланады)

Ø«Ұр, тоқпақ» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

7 мин
Рефлексия Даналық ағашы арқылы кері байланыс алу. 2 мин
Бағалау Формативті бағалау (мадақтау, мақтау)
Үйге тапсырма «Ұр, тоқпақ» ертегісін мазмұндау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше