Қызырханова Қарақат Тоқтарбекқызы
ШҚО Өскемен қаласы «№14 орта мектеп» КММ
География пәнінің мұғалімі
Қызырханова Қарақат Тоқтарбекқызы
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп.
| Сабақтың тақырыбы: | Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. | |
| Түрі, типі: | Аралас сабақ, жаңа тақырыпты беру сабағы. | |
| Сілтеме: | Бағдарлама 7 сынып «Материктер мен Мұхиттар» географиясы. Ә. Бейсенова Алматы, «Атамұра»,- 2012 Анықтама «Атамұра», – 2011 ж. | |
| Жалпы мақсаты: | Еуразия жағалауын қандай мұхиттардың шайып жатқанын, басты белгілері туралы оқушылар білімін қалыптастыру. | |
| Оқыту нәтижелері | Өзіне-өзі есеп бере отырып, топтық талқылауға белсене араласа алады. Материктердің орналасуын көрсетеді. Мұхиттарды анықтайды, ұтымды жауап іздейді, топта бірлесе жұмыс істейді. | |
| Сабақтың көрнекілігі: | Интерактивті тақта, «Материктер мен Мұхиттар» картасы, интернет қоры, электронды оқулық , маркер, бор. | |
| Сабақтың өту барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру
/3 мин./ |
Сабаққа даярлық, Оқушылармен амандасып көңіл күйлерін сұрау. Оқушыларды топқа бөлу. Сабақта топ ішіндегі көшбасшылар, топты бағалайтынын айтып өтем. | Оқу құралдарын дайындау, амандасу, топқа тез бөлініп, өз орындарын тапты. |
| Үй тапсырмасын тексеру
/5 мин/ |
«Ыстық орындық» тәсілі арқылы білімін тексеру. | Оқушылар сұрақтар қояды. Бір-бірін тексеру. |
| Қызығушылықты ояту
/2 мин/ |
Үй жұмысын қорытындылап, жаңа тақырыпты анықтау.
Мақсат қою. |
Үй жұмысын қорытындылап, тақырыпты атап, мақсат қояды. |
| Жаңа сабақтың негізгі кезеңіне дайындық.
/8 мин/ |
«БББ» тәсілі бойынша «білемін», «білгім келеді», «білдім»,бөлігін толтыру негізгі кезеңге дайындалу. | «Білемін» және «білгім келеді» бөлікті толтырады. Топта талқылайды ортақ бір кестеге тоқталады, топтан, 1 оқушы жариялайды. |
| Жаңа білімді түсінудегі іс-әрекет.
/10 мин/ |
1. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер туралы ойларымызды дәлелдеу үшін мәтінмен танысу.
2. кескін картаға түсіру. 3. «Бумеранг тәсілі»: картаны басқа топпен айырбастау, бойынша сұрақ дайындау. |
1. Кітаптағы мәтінмен танысу.
2.Кескін картаға түсіру. 3. Сұрақтар дайындайды. 4. Басқа топтың сұрақтарына жауап береді. |
| Түсінгендерін тексеру
/ 8 мин/ |
Картаға қарап әр топ Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер туралы таныстырылым дайындайды.
Қорғау, картамен жұмыс жасайды. |
Карта бойынша берілген тапсырма бойынша таныстырылым дайындап, жариялайды. Қорғайды. Картамен жұмыс жасайды. |
| Қорытындылау
/5 мин/ |
Шығу парағы:
1. Не ұнады /ұнамады/? 2. Мұғалімге сұрақ. 3. Тілек. |
Стикерге осы сұрақтар бойынша жазба түсіру. |
| Бағалау
/3 мин/ |
Топтық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жекелей бағалау.
Мақсат бойынша жеткен нәтижесін анықтап өзін-өзі бағалайды. |
Еуразияның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің географиялық жағдайын, орналасуын біледі. Картамен жұмыс жасай алады. Оқығанын қолдана алады. Өзін-өзі бағалайды. |
| Үйге тапсырма
/1 мин/ |
Оқулық бойынша. | Берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап жазып келу. 36-39 беттерді оқу, мазмұнын талдау. |
Біліктілікті арттыру курсының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен кейін мектептегі тәжірибе кезінде орта мерзімді жоспарыма сүйене отырып, қысқа мерзімді жоспарымды 7 «В» сыныбының география пәніне жасадым. Бұл сыныпты таңдап алудағы мақсатым: өзімнің білім беруімде өзгеріс енгізу мақсатында жеті модульді қамти отырып, оқушылардың география пәні бойынша білімдерін дамытып, еркін жұмыс жасай білуге дағдыландыруды жоспарыма енгіздім. Себебі бұл сыныпқа сабақ берген 3 жыл ішінде оқушылардың әлеуметтік, психикалық, физологиялық жағдайлары, оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін таныдым.
Бұл сабақты жоспарлағанда курста үйренген жеті модульдің барлығын қолданып өткізуге тырыстым, курста жигсо, АКТ қолдану, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, жағымды ахуал тудыру, дарынды оқушыларды дамыту, оқудың жаңа тәсілдерін, оның ішінде диалогтік оқыту, сұрақ қою түрлері жөнінде үйренгенімді сабақ барысында тиімді пайдалануға тырыстым.
Сыныптың әрбір кезеңіндегі оқыту және оқу барысында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, диологтік оқыту әдістерін қолдануды оқушылардың жұптасып, топтасып жұмыс істеуіне қолайлы орта жасаумен ұштастыра жоспарладым.
Сабақты бастамас бұрын оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сабаққа даярлықтарын сұрадым. Оқушылар сабаққа дайын екендерін айтты. Топқа бөлуде өздері ойнап жүрген ойынды ойнатуым оларға қарай жасаған бір қадамым сияқты әсер етті. Оқушылар өздерінің топқа бөлінетінін байқамай «ойын ойнаңдар» -деген ұсынысыма қайран қалды, өзіме назарларын аудардым. Топқа бөлгеннен кейін басшымен хатшыны айқындау үшін конфет тараттым ерекше кофет қағазының түсіне қарай басшы мен хатшы анықталды.
Сабақта жағымды ахуал туғызудан бастауды жөн көріп көршіңнің бойынан байқаған «ерекше қасиеті қандай?»-деген сұрақтан бастадым, себебі көршіңе жақсы сөз айт деген тапсырма көрші отырған қыз бала мен ұл балаға аздап қиындық туғызды. Көршісі жөнінде ойланып ерекше қасиетін айқындап ақылды, ақкөңіл, үнемі көмектесуге дайын деген жауаптар алдым, әрі бұл оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін басқалар назарында екенін біліп одан әрі жақсара түсуге бастама болды.
Үй тапсырмасына Еуразяның зерттелу тарихын, қоныстануын мазмұндап келуге берілген, мәтін төрт бөлімнен тұрады.
Үй тапсырмасын тексеруде «Ыстық орындық» тәсілі арқылы білімдерін тексердім. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі дұрыс сұрақ қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады [1,41]. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Тақырыпты тізбектеп айтуда бармақты көтеріп бағалау жұмысы жүргізілді бармағын көлденең ұстау толықтыру керек дегенді білдірді, өткен сабақта бармағын көлденең ұстаған оқушы айтылмай қалған жерін өзі толықтыратын енді оны күрделендіріп көлденең бармақ көрсеткен оқушы жауапты емес, жетелеу сұрағын яғни айтылмаған бөлімі бойынша жауап беріп тұрған оқушыға сұрақ қойды, жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап берді. Көбін де А оқушы сұрақтарға белсене жауап беріп отырды. Оқушылардың «Есте сақтау» қабілеттерін дамыту үшін 10 суретті 1 минут көрсетіп естерінде қалған суреттерді атау және 10 сөз оқып естерінде қаншасы қалды соны сақтау жаттығу жұмысы жүргізілді. «Есте сақтау» қабілеттері бойынша А оқушы 10 сурет және 9 сөзді есте сақтай білді. В оқушы 8 сурет, 7 сөз, С оқушы 6 сурет 6 сөзді есте сақтады.
Жаңа білімді түсіндіру күрделі болмағандықтан және сыныпта белсенді оқушылар көп болғандықтан тақырып бойынша сыни тұрғыдан ойлауға тапсырманы көбірек беруді жөн көрдім.
Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағыбілім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педогогикалық түсінік [2,49].
Жаңа тақырып таныстырылған соң, Еуразия материгі жайлы сыныпқа «БББ», жүйесін қолданып «Не білгім келеді?»-деген сұрақ қойылды оған әрбір оқушының сұрағы ескеріліп тақтаға жазылды. Географиялық орнын қалай анықтайды? Халық санының орташа тығыздығы қанша? Мұхиттар мен теңіздер қалай қоршап жатыр? деген сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарды анықтап, АКТ пайдаланып, картамен дәлелдей отырып сұрақтарға жауап бердім. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді [3,61].
Осыған байланысты сабақ тақырыптарына сай әртүрлі бейнекөріністер, электронды оқулықтар, карталар пайдаландым. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті.Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер туралы түсінігін қалыптастырып, жоғары деңгейде ойлау қабілеттерінің өрістеуіне ықпал еттім. Тақырыпты өткен кезде оқушыларға жұптарымен бірлесіп мәтіннің басқы бөлімін ИТ дан оқып, кескін картамен жұмыс жасап, қалған бөлігін өздеріне аяқтау тапсырмасы берілді, жұпта талқылау жүріп жатқанда,
жандарына барып оқушылардың талқылау бағытының кері бағыт алып бара жатқанын байқап, олардың назарын ИТ да жазылған дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластану дәрежесі, мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды, түбектер мен аралдарды картадан көрсетіп осы көрсетілген материалға байланысты ой қорытыңдар деген бағыт берілді. А оқушы мұнай мен ластану аймақтары жайлы картадан көрсете отырып құнды мәлімет айтты,
В оқушы климаттық ерекшелігіне байланысты және түбектер мен аралдарға жауап берді. Енді пікірлерімізді жинақтайық, сонымен Еуропа мен Азия жер бедерінің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екендігін нақты мысалмен түсіндіріңдер. Оқушылар топта бірлесе талқылады, «материктер мен мұхиттар» картасын пайдаланды оқулықпен жұмыс жасады, екі топтың пікірі де бірдей болды. Өздері ой қорытып тақырыпты аша білді.Топта бірлесіп талқылауға берілген тапсырмаға оқушылардың барлығы белсене араласып кетті. Себебі олар өз ойларын еркін жеткізе білді, оқулықпен сәйкестіктерді анықтап тексерді. Мәтінді толық оқып, « ?!-» бір-біріне сұрақ қоя отырып түсіндірді, жұпта талдады топта түсіндіру жұмысы жүргізілді, постер қорғады.
5 сұрақ әзірлеп, қарсы топтан жауап беретін оқушыны таңдады. Сұрақ қойды, сұрақ қойылған оқушы жауап бере алмаса, топтың басқа мүшелері жауап берді, бірақ өзі жауап бермегені үшін 0,5 балға кемітілді. Қарсы топ үнемі С оқушыны таңдайды, топ өздерінде әлсіз мүшенің болмауы үшін топта отырған барлығы тақырыпты жақсы меңгеруіне күш салды.Тапсырмадағы сұрақтарды мен жеңілден бастап қиынға қарай қоя бастадым. Оқушылардың білімін ескере отырыпта сұрақтардың деңгейін өзгертіп отырдым.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ноуд бугті пайдаланып екі топқа ғалам тордағы moodle.nci.kz. сайтына кіріп сандық білім ресурсын пайдаланып, Еуразия материгінің тіршілігі туралы мультимедияны көрді. Мультимедияны көру оларға ұнады, зейін қойып тыңдады, берілген тапсырманы орындап отырды. Тақырыпты топта толық талқылап біткен соң постер жасау тапсырмасы берілді, постер арқылы олар ойларын жинақтап, топпен талқылап
С оқушылардың өзі белсенді әрекетке кірісті.
Жасаған постерлері алдыңғы сабақтарда жасалған постерлерімен салыстырғанда сапалы шықты, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің басты белгілерін анықтады, материкті шайып жатқан мұхиттарға да толықтай талдап, ерекшеліктерін анықтады. Салынған постер де тақырып толық ашылған. Оқушылардың алға басушылықтарына іштей разы болып жарайсыңдар, постерлерің өте мазмұнды жасалған екен, деп қолпаштап формативті бағаладым. Жасаған постерлерін қорғады.
Қайтадан «БББ» тәсіліне оралып не үйрендік деген бөлімі толтырылды, сол арқылы тақырып жүйеленді.
Тақырыпты қаншалықты меңгергендерін байқау үшін мұғалім тарапынан тексеру міндетті түрде бақылау керек. Сондықтан алған білімдерін шыңдау үшін тест тапсырмасын алдым. Тест тапсырмасының жауаптары интерактивті тақтадан көрсетілді. Тест жұмыстарын сағат тілінің бағытымен, көршісімен алмасып, тексерілді.Тақтада көрсетілген балл көрсеткіші арқылы өздерін бағалап қатемен жұмыс жасады. Тест бағасы шешуші баға болғанымен, топ басшысының бағасы да ескеріліп 1 балл қосуға ықпал етеді. Хатшы өз жазбасымен таныстырды, бағалау жүргізілді, топ басшысы хатшы жазбасына сүйене отырып қойған бағасына анықтама берді, хатшы топтың әрбір мүшесінің сабақ барысында немен айналысып, қандай әрекет жасағанын толық жазды. Хатшының жазбасы оқушылардың өзін-өзі реттеуіне зор ықпал етеді екен, себебі С оқушылардың өзі әрбір ісін мұғалім емес жанында отырған сыныптасының бақылауында екенін біледі, топ басшысы өз тобын бағалағанда да хатшының есебін ескере отырып бағалайды, бұл топ мүшелерінің басшы бағасының төңірегінде дау тууына тосқауыл болады. Хатшының жазбасына қарап А оқушы, В оқушы, С оқушының сабаққа қалай қатысқанын бақылауға болады.
Өткен сабақта жазылған жазбаларын салыстыра отырып оқушылардың ілгері жылжу үрдісін бойындағы өзгерісті байқадым. Кері байланысты жазуға стикер таратылды, оған сабақтың күрделі болып қиындық тудырған бөлімін жазсаңдар дұрыс болар еді, деген өтініш айтылды, себебі алдыңғы өтілген сабақ соңында кері байланыста оқушылардың барлығы сабақ жақсы өтті, сабақ ұнады деген сияқты кері байланыс парағын берген. Сабақта оқушылар белсенділік таныта білді, өз ойларын еркін жеткізді, өзгелердің пікірімен санаса білді. Қорытындылай келе, оқушыларды топқа тарту арқылы мен өзімнің шеберлігімді арттырдым деп ойлаймын, олардың жауап бере алмайтын тұстарын жетелеу сұрақтарын қоя отырып, дұрыс жауапқа жеткізуді үйрендім. Алдағы уақытта да жеті модульді, жаңа стратегияларды, әдіс-тәсілдерді зерттеп іс-тәжірибемде қолданамын. Әр оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, болашақта осындай сабақтар беру арқылы өз білімімді жетілдіремін деп ойлаймын. Оқушыларға менің курстан алған білімімді қолдануым ұнады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДБДҰ,2012,4-306
