Қызырханова Қарақат Тоқтарбекқызы

ШҚО Өскемен қаласы «№14 орта мектеп» КММ

География пәнінің мұғалімі

Қызырханова Қарақат Тоқтарбекқызы

Өзінің оқыту және оқу тәжірибе ісіне бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын

орташа мерзімді жоспарлау.

№ Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқып үйренудегі кедергілер Оқып – үйренудің нәтижесі Үйрену мақсатындағы бағаны қою, бағалау Барлығын қоса алғанда бағалау Негізгі дерек көздер
1 Солтүстік жарты шар материктері.

Солтүстік Американың тау жүйелерін, жазықтықтардың орналасуын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқушыларға меңгерту.

Жұптық топтық жұмыс. Әңгіме, нұсқау беру, оқыту сұрақ -жауап, бейнекөрініс, түсіндіру. Оқуға көзқарастың қалыптаспауы.

Диологке түсе алмауы, ойын жеткізе алмауы, сөздік қордың аздығы.

Барлық оқушылар солтүстік жарты шардағы орналасқан елдерді біледі, мәселені анықтайды, түсіндіреді, талдайды, көрсетеді, уақытпен жұмыс істеуге үйренеді. Күрделі сұрақтарға жауап береді, білімдерін шыңдайды Әділ бағалау, қолдау, мадақтау, өзін-өзі бағалауды үйрену, жиынтық баға қою. Ізденеді, өз бетімен оқиды, топтық жұмыс істеуді үйренеді. Бірлесіп талдайды, анықтайды, шешімге келеді, өз көзқарасын айтады, бағалайды, қорытындылайды. Бағдарлама, 7 сынып

«Материктер мен Мұхиттар географиясы»

Ә. Бейсенова. Алматы, «Атамұра», – 2012ж.

Анықтама «Атамұра», – 2011ж

2 Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.

Еуразияның географиялық орны, қоныстану, зерттелу тарихы туралы, оқушылардың түсінігін кеңейту.

Жұптық, топтық жұмыс, қалай оқу керектігін үйрету, түсіндіру,Insert кестесі, бақылау. Логикалық ойлау дағдыларының жеткіліксіздігі, ойын еркін жеткізе алмауы, сөздік қордың аздығы. Топтық тапсырмалар кезінде бір бірін оқыту арқылы шиеленіскен жұмыс түрлері ұйымдастырылды, бірін – бірі тындайды, бір – біріне түсіндіреді, уақытпен жұмыс істеуге үйренеді, мәселені анықтайды, көрсетеді. Әр түрлі тапсырмалар кезінде оқушылар бір біріне тақырыпты түсіндіре отырып, өздерін бағалауды үйренеді және сыни көзқарас қалыптастыра алады. Топтық бағалау, жұптық бағалау, бір бірін мадақтау, мұғалім тарапынан мадақтаулар Бағдарлама, 7 сынып «Материктер мен Мұхиттар географиясы» Ә. Бейсенова. Алматы, «Атамұра», – 2012ж.

Жаңа ақпарат, Электронды оқулық.

3 Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

Еуразия жағалауын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын, басты белгілері туралы, оқушылардың ой білімін қалыптастыру.

Топпен жұмыс белгі қойып оқу, дискуссиялық өрнек, бақылау, бағалау, сұрақ- жауап, жекелей тапсырмалар. Оқу үрдісін нашар түсіну, өз пікіріне дәлел келтіре алмауы. Уақытпен жұмыс істеу дағдысының аздығы. Нәтижесінде өзіне өзі есеп бере отырып, топтық талқылауға белсене араласа алады. Материктердің орналасуын көрсетеді, мұхиттарды анықтайды, ұтымды жауап іздейді.Топта бірлесіп жұмыс істейді. Әділ бағалау, формативті бағалауды үйрету, бағалау парақшасына баға қою, жиынтық баға шығару. Бірлесіп талдайды, шешімге келеді, бір – біріне үйретеді, өзі түсінеді, үйренеді. Бағдарлама, 7 сынып Материктер мен Мұхиттар географиясы Ә. Бейсенова. Алматы «Атамұра» 2012ж. Электронды оқулық.
4 Еуразия. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Жер бедерінің негізгі белгілерін, дамуы мен ерекшеліктерін оқушы ұғымында қалыптастыру.

Еуропа мен Азия жер бедерінің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екендігін анықтау

Топтық жұмыс, жекелей тапсырмалар, бейнекөрініс, сұрақ -жауап, слайд. Тыңдау дағдыларының жеткіліксіздігі,

сөздік қордың аздығы, диолог құра алмау.

Осы тақырыпты талқылау барысында оқушылардың кейбіреулері қосымша мәліметті оқып, тану арқылы шөгінді пайдалы қазбалар қалай пайда болатынын түсінеді, жұпта, топта бірлесіп талқылайды, қорытынды жасайды. Қолдау, мадақтау, өзін-өзі бағалауды үйрену, жиынтық баға қою. Бірлесіп талдайды, шешімге келеді, бір – біріне үйретеді, өзі түсінеді, үйренеді. Сабақты бірлесе қорытындылау. Интерактивті тақта,

Бағдарлама, 7 сынып «Материктер мен Мұхиттар географиясы» Ә. Бейсенова. Алматы, «Атамұра», – 2012ж. Электронды оқулық.

Жазба.

Бағдарлама мен бірлесіп білім берудің түбегейлі жаңа стандарттары бойынша біліктілікті арттыру курсының бірінші кезеңінен кейін мен мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің білім беруімде өзгеріс енгізу мақсатында жеті модуль идеясы негізінде «География» пәні бойынша орта мерзімді жоспар құрдым. Нысан етіп 7 «В» сыныбын алдым. Себебі бұл сыныпқа сабақ берген 3 жыл ішінде оқушылардың әлеуметтік, психикалық, физологиялық жағдайлары, оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін таныдым. Сол себептен 7 «В» сыныбы менің тәжірибемде өзгерістер енгізуге қолайлы нысан болады деп есептеймін. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында жеті модульді қамти отырып, оқушылардың география пәні бойынша білімдерін дамытып, еркін жұмыс жасай білуге дағдыландыруды жоспарыма енгіздім. Сыныптың әрбір кезеңіндегі оқыту және оқу барысында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, диологтік оқыту әдістерін қолдануды оқушылардың жұптасып, топтасып жұмыс істеуіне қолайлы орта жасаумен ұштастыра жоспарладым.

Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға аса назар аударады [1,45] деп сілтемеде көрсетілгендей, сыныпты зерттеуге ала отырып тапсырмаларды таңдауда оқушылардың өз бетімен білім алуын ынталандыру, оқу үрдісінің табысты болуы үшін оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар, белсенділігін арттыратын интербелсенді әдістерді қолдануды ұйғардым. Оқушыларды ынталандыру, кері байланыс орнату, оқытудағы қиындықтарды анықтау мақсатында бағалаудың формативті, жиынтық бағалау түрлерін қарастырдым. Оқушылардың өзара бағалай білуін және сыни көзқарастарын қалыптастыруды басты мақсатым етіп алуды жөн көрдім.Зерттеуге алған үш оқушының өзгерісін анық көрермін деп ойлаймын.

Үлгерімі жоғары А оқушығажаңаша оқыту үрдісі қиын соқпайтыны анық, бірақ оған топтың пікірімен санасуға тура келеді. В оқушы үлгерімі орташа болса да, кейде тұжырымды ойлар айтады, көптің пікірімен санаса біледі, бірақ кей сабақтарда енжарлық танытатын. Менің ойымша оны жаңаша оқыту үрдісі қызықтырып, оқуға белсенділігі артады деген үміттемін. Үлгерімі төмен С оқушықимылы өте баяу, өзбетімен жауап беруге құлықты емес. Енді топта жұмыс істеу, бір-бірімен ынтымақтаса оқу арқылы жақсы жақтары ашылар деп ойлаймын. Орта мерзімді жоспар құруда оқушыға нақты білім беруді мақсат тұта отырып, оқушының өзіндік идеясы мен білім-білік дағдыларын дамытуға әсер ететін міндеттерге сай әрекеттерді ұйымдастыруды қарастырдым.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДБДҰ,2012,4-306

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше