Қызырханова Қарақат Тоқтарбекқызы

ШҚО Өскемен қаласы «№14 орта мектеп» КММ

География пәнінің мұғалімі

Қызырханова Қарақат Тоқтарбекқызы

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Біліктілікті арттыру курсының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен кейін мектептегі тәжірибе жұмысын жүргізуде жетінші сыныпты алдым, себебі сынып оқушылары белсенді, өз ойларын жеткілікті толық айта алатын оқушылар, дегенмен де сыныпта енжар оқушылар да бар. Сыныпта тәжірибе жұмысымды ең алдымен оқушыларды жақсы түсінуге және олардың білім деңгейлерін көтеру үшін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтың қалай өткенін қалайтындықтарын анықтаудан бастауды жөн деп танып, тәжірибемді сауалнамадан бастадым. «Сабақтың қалай өткенін қалар едіңдер?» деген сауалға оқушылар: АКТ көбірек қолданылса, сабақтарда ойын түрлері көбірек болса, бірлесіп көп жұмыс жасасақ деген ұсыныстар көп айтты. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді [1, 39] дегендей сабақта диолог маңызды рол атқарады.

Сабақты жақсы оқуға не кедергі келтіреді деген сауалдың жауаптарына сәйкес, кедергілерді жоюды мақсат етіп оқушылармен бірлесе отырып топ ережесін құрдық. Бір- бірімізді тыңдап кезекпен сөйлеу, сыныптың ережесін сақтау, қажет деген ережені бекіттік.

Оқушыларды бірлесе жұмыс істеуі үшін бір-біріне деген сенім болуы үшін жақсы тануы қажет, сол себепті көршіңді танып білуге қажетті сауалнама сұрақтарын әзірле -деген тапсырма берілді. Оқушылардың анкета сұрақтары түрлі болды анкеталарына тегің, сүйікті пәнің, сүйікті мұғалімің, тағамың, нені ұнатасың, деген сияқты түрлі сұрақтар әзірлеп сауалнама жүргізіп, шынайы жауап алған сияқты жауаптарында ұнатпайтын мұғалімдерінің ортақ екеніне өздерінің ұқсас қызығушылықтарын тауып бір біріне жақындаса түсті. Тәжірибе кезінде сабақ жүргізуге курста үйренген диалогті оқытуды кеңірек қолдануды жөн деп таптым. Курсқа дейін де диалогті оқытуды қолданатын едім, бірақ онда сұрақ қоюда терең ойланбағанымды білдім. Сұрақтардың өзі бірнеше түрге бөлінетіндігі, оны тиімді пайдалана білу ,түрлендіру жолдарын күрсқа келіп түсіндім.

Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады [2, 41].

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым –қатынас пен достарымен бірігіп жүргізген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған [1,39 ].

Тәжірбие кезінде алғашқы сабағымда диалогті оқытуды қолдандым онда оқушыларға жұптасып мәтінді inzert әдісі арқылы оқу,бірлесіп талдау тапсырмасын бердім , белсенді оқушының жанында отырған орташа даңгейде оқитын оқушыға көмектесіп жақсы түсіндіру жұмысын жүргізіп, өзі маңызды ақылды сезініп отырғанын байқадым және оқушы жанында отырған оқушыдан білмегенін еркін сұрап, берілген тақырыпты тең дәрежеде талқылап өз білгенін қысылмай ортаға салып талқылайтынын байқадым. Жұптардың үшеуі үш топқа бөлініп, жұптың сыңарларынан топ құралды. Санамақ арқылы топ басшысы мен хатшы анықталып, топтың әрбір мүшесі өздеріне берілген бөлімдерін топқа түсіндіріп топ мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Тақырып толық талқыланып болған соң, негізгілерін анықтап, қарсы топқа арнап сұрақ әзірлеу тапсырмасы берілді. Оқушылардың сұрақтарына қарап олардың өздері қалай ұққанын тексеруге және жауап беретін оқушының да тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға болады. Оқушылар топта сұрақ әзірлеп жатқан уақытта топтың жанына барып дайындап жатқан сұрақтарын нақтылап, түзетулер енгізіп көмек көрсеттім. Себебі оқушылардың сұрақ қойған кезде сұрақтарды жүйелеп қоюды дұрыс меңгермегенін алдыңғы сабақта байқадым. Қойған сұрақтары ұзақ болып кететін, сондықтан дұрыс құрылмаған кейбір сұрақтарын жүйелеуге көмектестім. Топтар әзірлеген сұрақтарын келесі топтан жауап беретін адамды таңдап, сол оқушыға сұрақтарын қойды, сұрақ қойылған оқушы жауап бермесе топ мүшелері көмектесті, бірақ баллдары кеміді. Сондықтан да топта әлсіз буынның болмауына топ мүшелері мүдделі болғандықтан топтың барлық мүшелері, әсіресе әлсіздердің тақырыпты жақсы меңгеруіне күш салады, сұрақ-жауап аяқталғаннан соң, географиялық орнына байланысты постер жасау тапсырмасы берілген кезде қызу талқылау болды. Осы жерде байқағаным С оқушы өз пікірін айтып белсенділік танытты. Топ басшысы бағалаған кездеде диалог қолданылды, басшы қойған бағаларына анықтама бергенде топ басшысының бағасына келіспеген оқушылар өзіне топ басшысының қойған бағасының әділ еместігін дәлелдер келтірді. Келесі сабағымда мәтінді мазмұндап қатармен жауап берген оқушының жауабын бағалауда оқушыларға «бармақ» әдісін қолдануды ұсындым. Бармағын көлденең көрсеткен оқушы жауап толық емес дегенді білдіреді, алдыңғы сабақта бармағын көлденең көтерген оқушы жауапты өзі толықтырған еді, енді толықтыратын мәліметін сұраққа айналдырып, жауап беріп тұрған оқушыға қояды. Бұл жауап беріп тұрған оқушыны жетелеу сұрағы болды. Келесі тапсырма мұхиттар мен теңіздердің жағалауларын анықтай отырып кесте құру тапсырмасын берген кезде топ мүшелері белсенді талқылау жүргізіп, барлығы дерлік қызу іске кірісіп, жұмыла кесте құрды. Сұрақтар әзірлеген кезде алға басушылық байқалды, сұрақтарын жүйелі, нақты етіп қоя бастады.

Курсқа келгенге дейін оқушыға сұрақ қойылғаннан кейін жауап болмаса бірден өзім жауап беретін едім, курстан жетелеу сұрағын үйренгенім жақсы болды, себебі кейбір оқушылар өз ойларын жинақтап үлгермейді екен сұраққа бірден жауап беру қиындық туғызатынын түсіндім.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті [1, 39].

А оқушы географиялық орны, зерттелу тарихы туралы құнды мәлімет айтты. Оқушылардың өздері ой қорытып тақырыпты аша білді. Топта бірлесіп талқылауға берілген тапсырмаға оқушылардың барлығы белсене араласып кетті, себебі олар өз ойларын еркін айта білді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ мәселе болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады. Идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді. Ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда , өз ойларын дауыстап айтады болжамдар ұсынып талқылайды[1, 39].

«Еуразия» тақырыбында қорытынды сабақ өткен кезде топта талдауға тақырыпты меңгеруге емес, алған білімдерін қолдана білуге арналған тапсырма берілді .

Онда оқушыларға Еуразияны айқындайтын үш түрлі тапсырма құрау жұмысы берілді. Топтағы белсенді А оқушы тобына басшылық етіп топ мүшелерінің деңгейіне байланысты тапсырманы бөліп берді, В оқушы ребус құрды, сурет салды, келесі топта тапсырманы талқылап бөліп алды. Тапсырманы өздері түрлендіріп құрағандары маған ұнады, қанша адам болса сонша пікір бар деген осы екен мен дайындауға бермеген тапсырманы өздері шебер орындағандары қатты ұнады. Енді тапсырма құрауды да өздеріне беріп отыру керек деп шештім.Топ басшысы болған оқушылар бағаға анықтама бергенде хатшы жазбаларына қарап қойған бағаларына анықтама бере білуге дағдыланып келеді.

Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.

Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ [1, 39].

Топтық жұмыс жүргізу барысындада қайта бағыттау сұрағы қолданылып отырды. Диалог құру топ мүшелері қарсы топта жауап беретін оқушыны таңдап сұрақ қойды, сұрақ қойылған оқушы жауап бере алмаған жағдайда бағыштау сұрағы топтың қалған мүшелеріне бағытталды, жауапты топ мүшелері берсе 0,5 балл қойылды сұрақ қойылған оқушының жауабы дұрыс болған жағдайда 1балл берілді.

Топта сұрақ әзірлеп бір-бірлеріне қою арқылы топтық сайыс өткізу оқушыларға ұнайды, бірақ кейде оқушылардың сұрақтарының құрылымы ұзақ болып кетеді, немесе нақты етіп қоя білу дағдылары төмен болып тұр. Сұрақ қысқа және нақты болуын үйретіп сұрақтарын кейде өзім түзетіп қоюыма тура келіп жүр. Диалогтік оқытуды мен барлық сыныптарға барлық сабағымда қолданамын, диалогсіз сабақ өткізу мүмкін емес сияқты себебі оқушылардың білім алуы, білгенін тексеруде диалог арқылы жүзеге асырылады.

Әркімнің өз пікірі құнды, сондықтан сабақ басталар алдында сабақтың мақсатын анықтауда да оқушылар өздері айқындайды, бағалау кезінде оқушылар топ басшысының бағасына қанағаттанбаса диалогқа түсіп бағасын дәлелдеуге мүмкіндік алады, оқушылар өздерін бағалаумен қатар бір-бірлерінің білімін тексереді.

Диалогтік оқытуды жеке дара қарамау керек деп ойлаймын, себебі диалог сыни тұрғыдан ойлау модулімен, АКТ ны пайдалану, жас ерекшелігіне байланысты оқыту сияқты курста өткен жеті модулмен де байланысты қолданылатынына тәжірибе кезінде көз жеткіздім. Дәлелге оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеру кезінде «Insert» тәсілі арқылы оқып білгенін түйіп көршісімен талқылау барысында сыни ойлауды диологтік оқудан ажырату мүмкін емес, АКТ арқылы тапсырма берілген кездеде топта талқылау жұмысы диалог арқылы жүзеге асырылады. Диалогтік оқыту арқылы мұғалім оқушының тіл байлығы арттыруға, өз ойын жеткізе білуге үйретеді. Диалогтік оқу арқылы оқушыға білім беруде мұғалім өз шеберлігін шыңдап отыруы керек. Қазіргі заман талабыда ұстаздан дарынды, өз ойын еркін жеткізе алатын және берілген білімді қабылдаушы ғана емес ізденіп білімді өзі іздеп меңгере алатын, берілген ақпараттың шынайлығы туралы үнемі күмәнмен қарайтын көкейінде сауал тұратын сыни көзқарасы бар тұлға қалыптастыру мақсаты қойылған. Бұл қойылған талапты орындауда мұғалімге көмек ол диалогтік оқу деп ойлаймын. Сабақта диалог орнату тек оқушылар арасында ғана деп қарау қателік, диолог оқушы мен оқушы, оқушы мен ұстаз , оқушымен топ аралығында болатын үрдіс……… Мен сабағымда жоғарыда айтып өткендей сабақ мақсатын айқындаудан бастап бағалау мен аяқтауға дейін диологті пайдаланамын. Диалогті пайдалануда сұрақтың дұрыс қойылуы дұрыс жауапқа бағыт береді. Курсқа келіп сұрақ қою әдістерін меңгергеніме қуаныштымын. Курсқа келгенге дейін диалогтік оқытуды дұрыс дамытпаған екенімді ұқтым, мысалы оқушыға сұрақ қоямын жауап қате болса жетелеу сұрағын қойып диалогке тартудың орнына сұрақты бірден келесі балаға қоятын едім , сұрақ төңірегінде ойланып сұрақ ұғынықты болды ма?, деп сұрамағанымды енді байқап білдім. Тәжірибе кезінде жетелеу сұрағы арқылы нашар оқитын оқушының көбі жетелеу сұрағы арқылы ой түйіп, диалогқа түсетінін аңғардым. Келешекте топта талқылауға, жұпта талқылауға бағытталған тапсырмаларды кең қолданып, түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыштауға негізделген сұрақтарды тиімді пайдаланатын боламын.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше