«Өнер өрге жетелейді» ( кездесу): Тәрбие сағаты
Абуова Жанар Әлменқызы
Атырау облысы. Қызылқоға ауданы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Өнер өрге жетелейді» ( кездесу)
Мақсаты: Оқушылардың ұлттық шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, сәнді қолданбалы өнер туралы білімдерін тереңдету.
Білімділігі: Оқушыларды халық өнерімен таныстыру.
Тәрбиелілігі: Іскерлікке, ұқыптылыққа, материалды үнемді пайдалануға, шыдамдылыққа үйрету, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыт беру.
Көрнекілігі: Қолөнер бұйымдарынан көрме жасақтау,буклет,фото альбомдар, интерактивті тақта, слайд.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі
III. Халық арасында ұлттық қолөнерді насихаттап жүрген шебер қолөнершілерді таныстыру:
1. Шөкенова Қанапия
2. Сапарова Дариға
3. Сайпова Бибігүл
4. Қабдолова Бақтыгүл
IV. Шығармашылықпен айналысып жүрген оқушылардың жетістіктері
Оқушылардың өздері жасаған қолөнер бұйымдарын таныстыруы:
1.Жеңісова Арухан 6. Әнуаров Жайшылық
2.Сисенбай Мейрамгүл 7. Қарсақ Айдана
3.Мұрат Динара 8. Тәжіғара Айдана
4.Сәмек Қорлан
5.Оразова Гүлмира
Мұғалімнің қорытынды сөзі
V.Кездесуге келген қонақтарға ескерткіш сыйлықтар беру.
Жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ халқы қай заманда да өнерден кенде болмаған. Жанынан суырып өлең шығарып, тамылжыта ән салып, домбырадан күй төгілтіп қана қоймай он саусағынан өнер тамған шебер де бола білген. Бұған бір ғана мысал: қазақтың киіз үйі.(интерактивті тақтадан киіз үй сүйегі,киіз үйдің сыртқы көрінісі,ішкі көріністерін слайдтан көрсету)
Көшпелі қазақ ағаштан, киізден, шиден бірде – бір шегесіз құрастырылатын, тез жиналып, тез тұрғызылатын әлемді таңқалдырған баспана жасады. Үйші аталарымыз киіз үй сүйектерін жасауды- ұлдарына үйретсе, әжелеріміз қыздарына үйдің ішін жабдықтауды үйретті. Киіз, текемет басты, кесте тігіп, құрақ құрады, сырмақ сырып, кілем тоқыды, ши орап, ою ойды,ұршықпен жіп иіріп,кілем, алаша тоқыды. Киіз үйдің ішкі бұйымдары, олардың әшекейленуі- сол үйдің иесінің шеберлігін паш етті. Осындай маңдай терін төгіп қолмен жасалған бұйымдарды көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге дейін жеткізді, халық арасында осы өнер түрлерін насихаттап жүрген ісмер, шебер апаларымыз бен аналарымыз көп. Қазақ халқы өзінің тұрмыстық бұйымдарында ою-өрнек өнерін кеңінен қолданған. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының түрлері бар. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» дейді. Ою адамның ойлау қабілетін дамытып, жүйкесін бір жүйеге келтіреді. Бүгін біздің кездесуімізге келіп отырған Қанапия анамыз киіз басудың, текемет пен сырмақ бетіне ою-өрнек оюдың шебері. Ендігі сөзді Қанапия анамызға береміз. (интерактивті тақтадан слайдпен жасаған бұйымдарын көрсету)
Өзінің жасақтаған киіз үйі мен ішкі әшекей бұйымдарымен аудан, облыс көлемінде танылып жүрген Дариға анамызға қошамет көрсетіп қол соғып, анамыздан осы өнер түрлерін қалай меңгергендігі туралы айтып беруін сұрайық. (интерактивті тақтадан слайдпен жасаған бұйымдарын көрсету)
Тоқу өнері де- қазақтың ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған өнер. Тоқымада үстіңе киетін киімдерді тоқуға арналған жіпті бостау иіріп, ал дастархан, салфетка, сөмке сияқты заттарды ширақ иірілген жіптермен тоқиды. Тоқу үшін жүн жіп, мақта жіп, синтетикалық жіптер пайдаланылады. 5 инемен және ілмекті бізбен тоқудың шебері Бибігүл апайларың бүгін бізде қонақта. Апайдан тоқу өнерін қалай үйренгені, осы өнерді қалай меңгергені туралы пікірін сұрайық. (интерактивті тақтадан слайдпен жасаған бұйымдарын көрсету)
Біздің басты қажеттілігіміздің бірі-киім.Әр адам өз талғамына қарай киінеді. Үстіңе киетін киімің өзіңе шақ, қонымды болуы тігіншілердің шеберлігіне байланысты Осындай халық сұранысына сай еңбек етіп жүрген тігіншілеріміздің бірі- Қабдолова Бақтыгүлге сөз кезегін беріп, тігіншілік кәсібінің қандай қиыншылығы мен қызығы бар екен.Соны айтып беруін сұрайық.
IV. Ұлттық өнерімізді қастерлеп, қадірлейтін, өз қолымен ұлттық бұйымдар жасап шығармашылық пен айналысып жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларымызда бар. Тәжіғұлова Элмира «Жайлау» гобеленімен, Балтаева Самал «Ауылым- алтын бесігім» тұскиізімен, Берікова Назерке «Болашақты бірге құрамыз» былғары жұмысымен облыс, республика көлемінде көрмеге қатысып жүлделі орындар алды. Бұл оқушылар қазір жоғарғы оқу орындарында оқып жүр. Осы апаларының ізін қуып қазір мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ өзінің шығармашылық жұмысымен Жеңісова Арухан Астанада Конгрес- Холда өткен көрмеде ауданның атын шығаруға өз үлесін қосты, Сисенбай Мейрамгүл, Мұрат Динара, Сәмек Қорлан облыс, республикадан жүлделі орындар алып жүр.
V. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Халқымыздың қолөнері- таза қолмен жасалатын еңбек. Қол еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығында моншақпен тоқу, жіппен бейнелеу, гобелен тоқу, батик, құрақ құрау өнерлері жаңаша сипат алуда. Бұл жұмыстардың барлығы да білімділікті, нәзіктікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етеді. Осындай өнер түрлерін терең зерттеп, жасау техникаларын біліп,үйреніп әрі қарай жетілдіріп дамыта берейік.
«Өнер өрге жетелейді» атты кездесуімізге келіп ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлері туралы өз ақыл-кеңестерін берген, шеберліктерімен ауданымызға танымал болған апа- аналарымызға алғысымызды айтамыз.
III.Қорытынды.
