Мәдіхат Төрежанов “Еркіннің еңбегі”

Тараз қаласы М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нұрмұханбетова Н.Б.

Сабақтың тақырыбы: Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «Еркіннің еңбегі» Мәждіхат Төрежановтың әңнімесімен таныстыру.Әңгімені мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру. Әңгіменің мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.Сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеуге машықтандыру.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке баулу, еңбекті бағалауға, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.

Сабақтың типа: жаңа білім беру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, интерактивті тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, бекіту (7мин)

ІІІ.Жаңа сабақ (17мин)

ІҮ. Сабақты бекіту (10мин)

Ү.Қорытынды (5мин)

ҮІ.Үйге тапсырма (2мин)

ҮІІ. Бағалау (2мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық

Жарық болсын күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Пікір ағашы:

1) М.Әлімбаев кім?

2)М.Әлімбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

3) Өлеңге сүйеніп көктем белгілерін ата?

4)Көктем айларын ата?

2. «Көктем келді» өлеңін жатқа айтқызу.

Көктем келді

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жанжақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ, білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім» деп.

Үй тапсырмасын бекіту:

Өлеңімізге байланысты суретпен жұмыс.Көктем өлеңін қара сөзбен әңгімелеу.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Жыл мезгілдерін атау.Әр жыл мезгіліне байланысты еңбек түрлерін сұрау.

«Еңбек» туралы мқал-мәтелдер айтқызу.

Ребусты шешу:

, ,, ,,,

Ша л ғы

Шалғы неге керек? Қай уақытта шалғымен шөп шабамыз?

Шалғымен шөп шабатын адамды кім деймыз? Қазіргі уақытта қол еңбегі комбайн еңбегіне айналды.

Бүгінгі сабақта Мәдіхат Төрежановтың «Еркіннің еңбегі» әңгімесімен танысамыз.Автордың суретін көрсетіп, өмірбаянын әңгімелеу. «Еркіннің еңбегі» әңгімесін баяндап беру.

Суреттер бойынша әңгіменің мазмұнын сұрау. Сұрақтар арқылы талдау.

«Еңбектің наны тәтті» деген нақыл сөздің осы оқиғаға қатысы барын дәлелдеу.

Оқулықпен жұмыс:

– Әңгімені тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс:

– Нақыл сөзді жаздыру. «Еңбектің наны тәтті»

Сергіту сәті:

Гүл өсірсен терлеп,

Мұның аты –еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты- еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

ІҮ. Сабақты қорыту:

«Менің алғашқы еңбегім» тақырыбында шағын эссе жазып шығу. Жазғандарын оқыту.

Ү.Қорытынды: «Бәйге» ойыны сұрақ-жауап

ҮІ.Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.Түсінік айтуға дайындалу.

ҮІІ.Бағалау:

Еркіннің еңбегі.pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше