Смагулова Расима Хабибрахмановна

ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі- Смагулова Расима Хабибрахмановна

Математика пәнінен сыныптан тыс шара: «Тоғыз тосқауыл»

Мақсаты: Математиканың күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін көрсету, алған теориялық білімдерін қолдана білуге, топ болып бірігіп жұмыс жасай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

Ойынға қатысушылар: 2 топ «Алгоритм», «Интеграл»

І. Топпен таныстыру

Кезек келіп, өжеттеніп сөз алыппын,

Танысалық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та емес, бай да емес,

Емеспіз бе азаматы қазақтың!

ІІ. І-ші тосқауыл «Аламан-бәйге» (әр командаға 15 сұрақтан оқылады, команда мүшелері тез-тез жауап беруі керек).

Оза шауып бәйге алам,

Блиц-турнир басталды «Аламан».

І-ші топқа арналған сұрақтар:

1.Тік төрт бұрыштың ауданы неге тең?

2. 13,75×0×5×935,6

3. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?

4. Бәйгеде 15 км-ге 15 ат шапты. Әр ат қанша км-ден шапты?

5. Шаршының ауданы 36кв.см, оның қабырғасы неге тең?

6. 2/9 қандай бөлшек?

7. Ең кіші натурал сан?

8. Шеңберді центрімен қосатын кесінді қалай аталады?

9. 5-ке қандай сандар бөлінеді?

10. 3-ке кері сан.

11. Жай бөлшектің «үстіндегі» сан қалай аталады?

12. 2/3, 4/5 қай сан үлкен?

13. Өзіне, 1-ге бөлінетін сан?

14. Аралас сан деп қандай санды атайды?

15. 1 қарыс неше см тең?

ІІ-ші топқа арналған сұрақтар:

1.Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?

2. 18,75×51 және 51×17,85 қайсысы үлкен?

3. 1 жұмыртқа 5 минут піседі, 5 жұмыртқа неше минут піседі?

4. Шаршыының ауданы 81 кв.м , оның қабырғасы неге тең?

5. 11/7 қандай бөлшек?

6. Сағаттың 1/3 бөлігі неше минут?

7. Ең кіші жұп сан?

8. 9-ға қандай сандар бөлінеді?

9. Шеңбердің екі нүктесін қосатын, центр арқылы өтетін кесінді қалай аталады?

10. 1/9-ге кері сан?

11. «Сүт пісірім» сенің ойыңша неше минут?

12. 2/5 және 3/4 сандарының қайсысы кіші?

13. Қандай санға бөлуге болмайды?

14. Бірнеше бөлгіштері бар сан қалай аталады?

15. Ондық бөлшектегі, үтірден кейінгі сан қалай аталады?

ІІ-тосқауыл «Қисынды ойла!»

1. Кейбір айда 31 күн, кейбір айда 30 күн, неше айда 28 күн?

2. Сиыр неге кейде жатады, содан соң тұрады, біраздан соң қайта жатады?

3. Төрт бұрышты үстелдің 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

4. 6 дөңбек (шөрке) шығу үшін бөренені неше рет кесу керек?

5. Қандай сағат бір күнде 2 мезгілді дәл көрсетеді?

6. Жасы жүзге келген бір қарт болыпты, бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өткен. Бұлай бола ма?

ІІІ-тосқауыл «Көненің көзі-асылдың сөзі» (өлеңмен берілген есептер)

1. Бір-бірімен жарыста 4 аю, 1 арыстан, 3 қасқыр жарыса жүгірді

2 қой мен 1 түлкі бәрі нешеу кім білді?

2. Түйе, бота маң басқан,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой.

3. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер , бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары?

ІV-тосқауыл «Кім тапқыр?»

Егеменді қазақтың ұландары,

Өз туы бар, ел таңба, ұрандары,

«Кім тапқыр?» бәйге сайыс басталды,

Мықтылардан тұратын құрамдары.

1.Қосарланып шегілген 3 атты 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүреді. Осы уақыт ішінде 1 ат қанша жол жүреді?

2. Ағашта 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Қанша торғай қалды?

3. Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер?

4. Төрт қайың қатар өсіп тұр.Әр қайыңда 4-4-тен үлкен бұтағы бар, әр үлкен бұтақта 4-4-тен кіші бұтақтары бар, әр бұтақта 4-4-тен алма бар. Барлық алма саны нешеу?

5. Үстел басында екі адам отыр, бір адам екінші адамның әкесі, бірақ екінші адам бірінші адамның ұлы емес. Сонда ол кім?

«Күтпеген тосқауыл»

Әр топқа бір-бір мақалдан беріледі. 5-6 минут ішінде сол мақалға сәйкес көрініс дайындауларыңыз керек.

-Қазақ жаманы орыс бола алмайды, орыс жаманы қазақ бола алмайды.

-Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

V-тосқауыл «Жаңылмаймын»

1-ден 30-ға дейін санау. 3-ке бөлінетін сандардың орнына «жаңылмаймын» деп айту керек.

1-ден 81-ге дейін санау. 9-ға бөлінетін сандардың орнына «жаңылмаймын» деп айту керек.

VІ-тосқауыл «Көрермендер сыйлығы» (Санмен берілген жұмбақтарды шешу)

Көрермен жиналған тамашаға,

Құр қарап отыру жараса ма?

Жұмбақ шеш, өнеріңді сал ортаға,

Біліміңе нашарлар таласа ма?

1- жұмбақ Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

2- жұмбақ Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.

3- жұмбақ Бір үйде тұрады екен 50 батыр

Үй сыртына үйкелсе-ақ өліп жатыр.

4- жұмбақ 60 кісі аяқтасты

Ерте тұрып таяқтасты.

5- жұмбақ 700-тесік

Бір-ақ есік.

VІІ-тосқауыл «Білімдіден шыққан сөз, біліміңе білім қос!» (әр топ оқушылары математика моделін түрлі-түсті қағаздан апликация түрінде жасау).

«Математика- патшасы ғылымдардың,

Біле білсең есептің сырын-бәрің,

Қазынаң кітаптағы бар асылың,

Оқып-тоқы, есте сақта білім нәрін!»

(Топ мүшелері жұмыс жасап жатқан кезде «Дүйсеннің қиналған жері»көрініс тамашалау.)

VІІІ-тосқауыл «Оқу білім қазығы, білім- өмір азығы» (Викториналық сұрақтар)

1. Үш тілім нанды майға қуру керек. Табаданға 2 тілім нан ғана сияды. Тілім нанның 1 жағын қуру үшін 1минут керек. 3 тілім нанды қуру үшін неше минут керек?

2. Егер 2 кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг?

3. Бір кішкене қыз атасынан «Сіз нешедесіз?»- деп сұрады. Сонда атасы: «Менің жасымды 6 есе кішірейтіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады»-деді. Сонда атасы неше жаста?

4.Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кісі: “Сіздер бір-бірлеріңізге кім боласыздар?”-деген сұрағына қыз бала былай жауап берді: “Бұл кісінің анасы менің анама ене болады” .Сонда олар бір-біріне кім болды?

ІХ-тосқауыл «Топ жетекшісін сынау»

Дара бұзып қамалды,

Басшы болып саналды.

Сыналады соңғы рет,

Артқа тастап жаманды.

Тапсырма: Алмат, Барақ, Марат, Бақыт-достар. Олардың бірі –дәрігер, журналист, спортсмен, құрылысшы. Журналист –Амат пен Бақыт туралы мақала жазды.Спортсмен мен журналист , Барақ үшеуі серуенге шықты. Алмат пен Барақ дәрігерге қаралды. 4 достың мамандықтары қандай?

Марапаттау .

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше