Математика пәнінен сыныптан тыс шара: «Тәрбие ме н білім- жас ұрпақтың қос қанаты»
ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі- Смагулова Расима Хабибрахмановна
Математика пәнінен сыныптан тыс шара: «Тәрбие мен білім- жас ұрпақтың қос қанаты».
«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмірінен қауіп әкеледі»
Әбу-Насыр Әл-Фараби
Мақсаты: Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Кештің өту барысы:
Ой –өрісі дарындылықтарын зерттеу мақсатында 5 функцияны қарастырамыз:
-ой;
-зейін;
-ерік;
-қабылдау;
-есте сақтау.
Кіріспе:- Демейін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді.
Таныстыру: –өз есімін айтып, бойындағы жақсы қасиетін айту;
-көршісіне (келесі оқушыға) қошемет сөз(комплимент) айту.
«Іші- алтын, сырты-күміс сөз төресі» 1-сайыс
Оқушылардың зейінін жетілдіру, ой жылдамдығын қадағалау мақсатында тіл ширатуға, ой дамытуға арналған жаңылтпаштарды оқып, есте қалғаны бойынша жатқа айту(1 минут)
1.Иррационал сан,рационал сан
Біріккен сан болған соң,
“Нақты сан” деп аталған .
2. Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты, доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
3. Бес түп алма,”бестік” алғандікі
Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі
“Төрттік” алған бес түп алма алмайды
“Бестік” алған төрт түп алма алмайды.
«Ойды ой қозғайды» сайысы (өлеңдер оқылады, соны әр түрлі ғылыми тұрғыдан дәлелдеу).
«Тәңірі мен жалған өлеңі»
Тіпті кетпес еш жоғалып,
Байқасаңыз барша жан,
Тағы дене тауып алып, тағы өледі қайтадан.
Түрлі жанда дене түрлеп,
Өзгеріп тұр бұл ғалам,
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтыпты ғалым байқаған. /Шәкәрім/
Мақсат,тәртіп керексіз тозаңы жоқ,
Тексермей неге отырмыз мұны ойланып,
Мұхитқа тозаң құрлы тұз салайық,
Ойлайсыз сол нешеге бөлінеді деп?
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» сайысы (логикалық сұрақтар):
-86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге қалай арттыруға болады?
-1-ден 100-ге дейін неше 9 бар?
-Қандай сөз үнемі қате жазылады?
-Төрт ағайынды жігіттің бір-бірден қарындасы бар. Әке-шешесімен қосқанда неше адам бар?
-Сиыр неге жатады, содан соң тұрады, біраздан соң қайта жатады?
-Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атыпалды. Торғайлардың қаншасы қалды?
-Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әр қайыңда 4-4-тен үлкен бұтағы бар, әр үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтағы бар, әр бұтақта 4-4-тен алма бар.Барлық алма саны нешеу?
-Сізді аю қуып келеді және жетуге аз-ақ қалды. Алдыңнан бір бөшке қара май,бір бөшке бал кездесті.Қай бөшкеге тығыласың?
-Бір адам үйге кірді. Ол үйде май шам мен керосин лампасы тұр.Ол нені бірінші жағады?
-Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кісі: «Сіздер бір-бірлеріңізге кім боласыздар?» -деген сұрағынақыз бала былай жауап берді: «Бұл кісінің анасыменің анама ене болады». Сонда олар бір-біріне кім болады?
«Ойлан тап!» сайысы
-Әкем жәшік құрады, үш өлшемнен тұрады.
-Үрлейтін затпен аттас, атын ешкім таппас.
-Бөлшектен бөлініп шықты, жүзбен үәдесі мықты.
-Үшеуі 180 жаста,төртеуі төрт 90 еді баста.
«Тез жауап бер» топ басшыларын сынау сайысы
«Қойды ақ мүйізді серке бастайды» деп бабаларымыз айтқандай бүгінгі сайыскер қырандарды басқарып келеген жетекшілері бар. Шаршы алаңға шақырып, соларды сынап көрелік.
-ақыл-ойды тәртіпке келтіретін…
-бұрыш өлшейтін құрал…
-Пифогор теоремасы не жайында…
-фигураларды зерттейтін ғылым…
-әлемді ұстап тұрған күш…
-адамның көру мүшесі…
-заттың үш күйі…
-қашып кеткен нүкте…
-өлшемі жоқ физура…
-адамның есту мүшесі…
«Қисынды ойла!» сайысы (жұмбақтар шешу)
1)Қыздары қазақтың сәукеле деп киген.
Күлдіргілер де киеді,
Көрермендер сүйген.
Бекіту үшін тетікті,
Толтыру үшін кетікті
Алғашқы түрі өзгеріп,
Қиық та болып кетіпті.
2)Заманында Пушкиндер
Бас киім қып киген.
Кейіннен ол дене-
Техника еншісіне тиген.
Призманы біздерге
Атом деп ол атады.
Көп болса саны моторда
Қуаты да артады.
Тау болса да жүгіңіз
Қиналмастан тартады.
Бұл қай фигура екенін
Кәне, кім айтады?
3) Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Матиматиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға,
Шекесінен қараған,
Сан осін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған.
4) Санау үшін адамды, малды, талды,
Ертеден мұра боп қалды.
Көбейтіп, бөліп, азайтып,қосамыз
Күнделікті ол санды.
Рефлексия «Сезім- адамдық қасиет» ( оқушылар музыка тыңдай отырып, бүгінгі кешпен байланыстыра отырып сурет салу тапсырылады) .
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Марапаттау.
