Ермухамбетова Жанар Закарьновна

ШҚО Семей қаласы

«№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ»

Бастауыш сынып мұғалімі

Ермухамбетова Жанар Закарьновна

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 1-сынып

Сабақтың тақырыбы Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.1-сынып
Сабақтың түрі, типі Аралас, жаңа білімді игерту.
Сілтеме Бағдарлама, әдістеме, оқулық«Дүниетану»авторлары:К.Жүнісқызы,Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов, Н.Жапанбаева «Атамұра»2012ж, электронды оқулық.
Жалпы мақсаты Қоршаған дүниені танып-білуде адамның сезім мүшелерінің ,оның ішінде көз бен терінің қызметін түсіндіру арқылы әр мүшенің алатын орнын ұғындыру, олардың күтіміне мән бере отырып, жеке бас гигиенасын сақтауға баулу,танымдық қабілеттерін арттыру.
Оқу нәтижелері Адамның сезім мүшелерінің қызметімен кеңінен танысады, күту жолдарын айта отырып, оқушылар жеке бас гигиенасын сақтауға үйренеді. Оқушылар мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренді, танымдық қабілеттері арта түседі
Сабақтың негізгі идеясы Көз – көру мүшесі, тері – сипап-сезу мүшесі.
Әдістер Топпен жұмыс,жұппен жұмыс,сұрақ-жауап, әңгімелесу,танымдық ойын , тәжірибе, оқулықпен , суретпен, дәптермен жұмыс,сергіту сәті АКТ , ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)
Көрнекілігі Оқулық, өнім, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А8 форматтағы қағаздар, маркер,стикер, желім,мұз,шай,күлімсіреулер.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының

іс-әрекеті

Уақыты
Ұйымдастыру «Көңілді жаттығу»

Сыныпты 4 топқа бөлу. Суреттер арқылы топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Топқа бөлінеді.

1 мин.

2 мин.

1) Білу. Үй тапсырмасын сұрау.

-Адам кім?

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

-Мына бейнежазбада не көрсетілген?

«Адамның сезім мүшелері» бейнежазбасын көру

Үйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды.

Оқушылар көріп,тыңдайды.

Оқушылар бейнежазбаны көре отырып сұрақтарға жауап беріп отырады.

4 мин.
2) Түсіну. Оқулықта берілген мәтінді түсіндіру.

Көз. Тері туралы толық мәлімет беріп кету.

Оқулықпен жұмыс.

Балалар тыңдайды.

Көз. Тері туралы не білетіндерін айтады.

5 мин
Сергіту сәті Ал ,балалар,тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Қолымызды созайық,

Белімізді жазайық, Орнымызға барайық.

Оқушылар қимылдарды орнымен жасайды. .

1 мин.

3) Қолдану

Ойын тапсырма.

Танымдық қабілеттерін арттыру.

1-топ:Шарларды кемпірқосақ түсімен қойып шық.

2-топ:Жануарларды дауысына қарай сәйкестендір.

3-топ:Заттардың қатты,жұмсақ екенін анықта. 4-топ:Жұпар иіс шығаратын заттарды көрсет.

Әр топ оқушылары берілген тапсырманы ақылдаса отырып орындайды. 4 мин.
Тәжірибе Ыстық пен суықты сезіну.

-Не сездіңдер?

Мұз бен ыстық шайды ұстап көреді.

Сұрақтарға жауап береді

1 мин.
Постермен жұмыс Әр топқа сурет тарату.

(Кері байланыс орнату.)

Көзді күту

Теріні күту сәйкес суреттерді жапсырады

Топта көз бен теріні қалай күту керек? деген сұраққа балалар жауап іздейді.

Постер құрастыру арқылы негізгі ойын түсіреді. Топпен жұмыс. зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.

Бірінің білімін бірі толықтырады.

8 мин.
4) Талдау. Топқа бөлінгенде алған суреттері туралы талдау.

-1-суреттен қандай жағдайды көріп тұрсыңдар?(қуанған бала –мейрімділік, қуаныш)

-2-суреттен ше? (гүл- қуанамыз)

-3-суретте не бейнеленген?

(ренжіген бала – реніш,мұңаю.

-4 суретте туған күн белгілері-шаттық

(Кері байланыс орнату.)

Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.

Куммулятивтік әңгіме жүреді.

Суреттерді талдап «Көз қуанышы» дегенді айтады.

Оқушылар бет әлпеті арқылы көрсетіп отырады.

7 мин.
5) Жинақтау. Берілген тапсырмаларды орындауда көзіңнің қандай пайдасы болғаны туралы әңгімелеу.

Жылу мен суықты қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?

(Кері байланыс орнату.)

Жұппен орындайды

Қосымша мәлімет жинақтайды.

Өз бетімен жұмысты орындайды.

2 мин.
6) Бағалау. -Сендерге сабақ ұнады ма?

-Осы алған білімдеріңді достарына, ата- аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?

(Кері байланыс орнату.)

Балалар жауаптарын айтады.

Өзара пікір туады.

Иә немесе жоқ жауаптары айтылады.

1 мин.
Үй тапсырмасы: 1-топ:Тақырыпқа сәйкес мақал –мәтел жаттап келу

2-топ: жұмбақтар жаттап келу

3-топ: жаңылтпаш жаттап келу

4-топ:суреттер салып келу

Үй тапсырмасын түсінеді.
Рефлек. кезең Сабақтан алған әсерлерін тақтаға іледі.Магниттік смайликтер. Тақтаға іледі. 1 мин.

«Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.» тақырыбындағы сабақта оқушылар қоршаған дүниені танып – білуде адамның сезім мүшелерінің, оның ішінде көз бен терінің қызметін түсіну арқылы әр мүшенің алатын орнын ұғынады, олардың күтіміне мән бере отырып, жеке бас гигиенасын сақтауға үйренеді, танымдық қабілеттерін артады.

Адамның сезім мүшелерінің қызметімен кеңінен танысты, күту жолдарын айта отырып, оқушылар жеке бас гигиенасын сақтауға үйренді. Оқушылар мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренді, танымдық қабілеттері арта түсті.

Сабақтың негізгі идеясыкөз – көру мүшесі, тері – сипап-сезу мүшесі екенін түсінді.

ШҚО Семей қалалық ерікті тілші Ермухамбетова Ж.З.

Редакция 45minut.kz
45@45minut.kz

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше