Ермухамбетова Жанар Закарьновна

ШҚО Семей қаласы

«№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ»

Бастауыш сынып мұғалімі

Ермухамбетова Жанар Закарьновна

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 1-сынып

Сабақтың тақырыбы Адам-ақыл-ойдың иесі.Адамның еңбегі.1-сынып
Сабақтың түрі, типі Аралас, жаңа білімді игерту.
Сілтеме Бағдарлама, әдістеме, оқулық«Дүниетану»авторлары:К.Жүнісқызы,Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов, Н.Жапанбаева «Атамұра»2012ж, электронды оқулық.
Жалпы мақсаты Адам ақыл-ойы арқылы табиғаттың сыйын пайдаға асыратынын оқушы түсіну,өз білімін орынды қолдана білуге үйрену, қабылдауын дамыту.
Оқу нәтижелері Топтық жұмыста адамның еңбегі туралы айта алады, ойнайды, суретпен жұмыс жасайды, өз бақылауларын қорытындылайды, сөйлейді, белсенеді.
Сабақтың негізгі идеясы Танымдық қабілеттері артады,адамның еңбекқорлығының нәтижесін түсінеді.Адам -ақыл-ойдың иесі.
Әдістер Топқа бөлу, ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, дидактикалық ойын, көрсету, оқулықпен, дәптермен, электронды оқулықпен жұмыс, сергіту сәті
Көрнекілігі Суреттер, топ белгілері, оқулық, электронды оқулық, дәптер,стикерлер, «жұлдызшалар», «күлімсіреулер»
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының

іс-әрекеті

Уақыты
Ұйымдастыру Күннен, жерден нәр алған
Біз – өмірдің гүліміз.
Таңертеңнен басталған
Сәтті болсын күніміз.

Күн ілінеді.

Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Шеңберде тұрады.

1 мин.
Ой қозғау Жұмбақ жасыру .

Судың бетінде,

Алысқа жүзеді.(кеме) Слайдтан көрсетіп тұру.

Көкте биік ұшады,Алысқа да самғайды.

Адамдарды мінгізіп,Зымырап ол ұшады. (ұшақ)

Алыс жерге жеткізер,

Төрт аяқты тұлпар бар.

Әркімнің ол үйінде,

Керек жерге апарар. (машина)

Жер астында зулайды,

Жаңа заман көлігі. (метро)

Оқушылар берілген жұмбақтарды шешеді, жауабын тапқан бала сурет алады.Қалған оқушылар да суреттер таңдап, әр топ белгіленуі бойынша барып отырады. 4 мин.
Өткен тақырып бойынша әңгімелесу -Қоршаған орта дегеніміз не? Электронды оқулықты қосу,тыңдату. Әр топ өз ойларын айтады, тыңдайды. 3 мин
Көрсету

Ойын «Тапсырманы орында»

Электронды оқулықпен жұмыс.Берілген тапсырмаларды 4 топқа ұсыну.Топтар кезекпен ортаға шақыру.

Сұрақ:Табиғи дене деген не?

Адам қолымен жасалған дене деген не?

Топтар кезектесіп ортаға шығып, жауаптарын айтады.

Жауап береді.

5 мин.
Жаңа білімді игерту Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып беру

Оқулықтағы суретпен жұмыс

Жұптасып қарауды ұсыну.

Оқушылар қарайды.

Тыңдайды.

Әңгімелейді.

Сатылай түсіндіру

8 мин.

Сергіту сәті. Әуен ойнату, бейнеклиптағыдай қозғалысқа түсу. Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсету. 1 мин.
Дәптермен жұмыс Күн райын бақылау. Дәптерге жазады 1 мин.
Топтық жұмыс

Танымдық ойын. «Сен маған, мен саған»

Төрт топқа сурет тарату. Әр суретте: диқан, ғарышкер, мүғалім, ағаш ұстасы бар.Оқушылар сол мамандық иелерінің байланысын анықтаулары керек. Оқушылар табады.

Әр топ тауып лайықтысын жапсырады, сөйлейді.Мамандық иелерінің байланысын анықтайды.

7 мин.
Рефлексия Балаларға стикер таратылып беріледі де, сол қағазға өзінің көңіл-күйін күн және бұлт арқылы бейнелеу ұсынылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе,күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, бұлттың суретін салады. Оқушылар берілген тапсырма бойынша өздерін бағалайды. салады. 3 мин.
Үйге тапсырма Табиғатты бақылап,өз қажетіңе қалай жаратасың? Ойланып ,әңгімелеп кел. Үй тапсырмасын алады. 1 мин.
Бағалау. Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау өлшемі бойынша «жұлдызшалар» мен «күлімсіреулер» тарату. Мадақталады. 1 мин.

ШҚО семей қалалық ерікті тілші Ермухамбетова Ж.З.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше