Ермухамбетова Жанар Закарьновна
ШҚО Семей қаласы
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ»
Бастауыш сынып мұғалімі
Ермухамбетова Жанар Закарьновна
Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 1-сынып
| Сабақтың тақырыбы | Айналадағы дүниемен танысу 1-сынып | |||
| Сабақтың түрі, типі | Аралас, жаңа білімді игерту. | |||
| Сілтеме | Бағдарлама, әдістеме, оқулық«Дүниетану»авторлары:К.Жүнісқызы,Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов, Н.Жапанбаева «Атамұра»2012ж, электронды оқулық. | |||
| Жалпы мақсаты | Байқау,бақылау арқылы айналадағы дүниемен танысу, «айналадағы дүниенің» не екенін өз ойлары арқылы білу,дүниетанымдарын кеңейту. | |||
| Оқу нәтижелері | Топтық, жұптық, жеке жұмыста сұраққа жауап береді,айналадағы дүние ұғымымен танысады, ойнайды,сөйлейді, ойланады,сурет салады,ынтымақтасады. | |||
| Сабақтың негізгі идеясы | «Айналадағы дүние» ұғымын түсінеді. | |||
| Әдістер | Топпен жұмыс,жұптық жұмыс,сұрақ-жауап, әңгімелесу, дидактикалық ойын,миға шабуыл (СТО),көрсету, оқулықпен , дәптермен жұмыс, сергіту сәті | |||
| Көрнекілігі | Суреттер, топ белгілері, оқулық, электронды оқулық, дәптер,стикерлер, «жұлдызшалар», «күлімсіреулер» | |||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының
іс-әрекеті |
Уақыты | |
| Ұйымдастыру
Қызығушылығ.ояту |
«Көңілді жаттығу»
Әріптерден сөз құрау арқылы топқа бөлу.(Орман,шағала,отбасы,қалада сөздері арқылы топқа бөлінді) |
Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап жасайды
Топқа бөлінеді. |
1 мин.
3 мин. |
|
| Ой қозғау | -Алдыңғы сабақта біз қайда бардық?
-Топсаяхатта жүргенде не байқадыңдар? -Сонда біздің айналамызда нелер бар? |
Әр топ оқушылары берілген сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді. | 3 мин. | |
| Суретпен жұмыс | -Бала не істеп отыр? | Оқушылар әңгімелейді. | ||
| Жаңа білімді игерту. | -Балалар , осы суреттен,топсаяхаттан байқағандарыңнын барлығын не деп атайды?
-Айналадағы дүниені не арқылы білеміз?-Байқау,бақылау дегеніміз не? |
Топтар кезектесіп ортаға шығып, жауаптарын айтады.
Жауап береді. |
7 мин. | |
| Дәптермен жұмыс. | -Ауа-райын бақылап,белгілеу. | Оқушылар жазады. | 3 мин. | |
| Сергіту сәті. | Әуен ойнату, бейнеклиптағыдай қозғалысқа түсу. | Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді | 2 мин. | |
| Дәптермен жұмыс | Күн райын бақылау. | Дәптерге жазады. | 1 мин | |
| Топтық жұмыс
Танымдық ойын. «Сәйкестендір» |
Төрт топқа сурет тарату.
1-топ:отбасы 2-топ:табиғат 3-топ қала 4-топ:жануарлар |
Оқушылар сәйкестендіреді.
Әр топ тауып лайықтысын жапсырады, сөйлейді. |
7 мин. | |
| Рефлексия | Алма ағашының суретіне, алмаларды ілу.Егер сабақты түсінсе, ұнатса ағашқа алма суретін жапсырады, түсінбесе жерге түскен жапырақты жапсырады. | Оқушылар берілген тапсырма бойынша өздерін бағалайды, жапсырады. | 3 мин | |
| Үйге тапсырма | Табиғатты бақылап,өз ойыңды толықтыр? Ойланып ,әңгімелеп кел.Табиғаттың суретін салу | Үй тапсырмасын алады. | 2 мин | |
| Бағалау. | Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау өлшемі бойынша «жұлдызшалар» мен «күлімсіреулер» тарату. | Мадақталады. | 3 мин. | |
«Айналадағы дүниемен танысу» тақырыбындағы жалпы мақсатым: байқау,бақылау арқылы айналадағы дүниемен танысу, «айналадағы дүниенің» не екенін өз ойлары арқылы білу,дүниетанымдарын кеңейту болды. Оқушылар сабақтың негізгі идеясы «Айналадағы дүние» ұғымын түсініп, топтық, жұптық, жеке жұмыста сұраққа жауап берді, айналадағы дүние ұғымымен танысты, ойнады, сөйледі, ойланды, сурет салды, ынтымақтасты.Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып өз мақсатыма жеттім.
ШҚО семей қалалық ерікті тілші Ермухамбетова Ж.З.
