Ермухамбетова Жанар Закарьновна

ШҚО Семей қаласы «№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ»

Бастауыш сынып мұғалімі Ермухамбетова Жанар Закарьновна

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 1-сынып

Сабақтың тақырыбы Табиғаттан үйрене біл.1-сынып
Сабақтың түрі, типі Аралас,жаңа сабақты игерту.
Сілтеме Бағдарлама, әдістеме, оқулық«Дүниетану»авторлары:К.Жүнісқызы,Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов, Н.Жапанбаева «Атамұра»2012ж, электронды оқулық.
Жалпы мақсаты Адам өз қажеттіліктерін табиғаттан үйренгенін түсіну,ой-өрісін өсіру,қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету.
Оқу нәтижелері Топтық жұмысқа үйрене бастайды,әңгімелеседі,өз ойларын айтуға дағдыланады, ойнайды,сурет салады,жұптасып жұмыс жасайды.
Сабақтың негізгі идеясы Адамның табиғаттан көп нәрсені үйренгенін түсінеді,біледі,өз пікірлерін білдіреді,табиғатқа қамқорлықпен қарауға талпынады.
Әдістер Топпен жұмыс, сұрақ-жауап,әңгімелесу,танымдық ойын, дидактикалық ойын, БББ кестесі (СТО), көрсету,оқулықпен,суретпен,дәптермен жұмыс ,сергіту сәті.
Көрнекілігі Суреттер,топ белгілері,электорнды оқулық,АКТ,стикерлер
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының

іс-әрекеті

Уақыты
Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Күннен, жерден нәр алған
Біз – өмірдің гүліміз.
Таңертеңнен басталған
Сәтті болсын күніміз.

Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді ала отырып, сол суреттер бойынша топтарға бөліну

Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерін алады

1мин.

2 мин.

Сұрақ-жауап «Сен маған,мен саған» ойыны арқылы Допты сұрақ қойып лақтыру, оқушы жауабын айтып қайтарады. Сұрақтар: -Қоршаған орта деген не? -Біз табиғатты қалай танып білеміз? –Адамдар қандай еңбек атқарады? –Айналадағы дүние туралы қайдан білеміз? Төрт топтан 4 оқушы жауап береді, қалған оқушылар толықтырады. 4 мин.
Миға шабуыл Жаңа сабаққа даярлық кезеңі Слайдпен жұмыс. –Неге ұқсайды, өз ойларыңды айтыңдаршы? Әр топ өз ойларын айтады 1 мин.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі Оқушылар ойын тыңдаған соң,электронды оқулықты көрсету,тыңдату. Оқушылар тыңдайды 2 мин.
Сергіту сәті. «Қара жорға» бейне клип арқылы қозғалысқа түсіру. Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді 2 мин.
Топтық жұмыс.

Танымдық ойын «Артық затты тап»

«Артық затты тап» 4 топқа 4 сурет тарату,сол суреттегі артық затты тапқызу.Сұрақ:

-Неге артық деп ойлайсыңдар?

Оқушылар табады, жауап береді,өз ойларын қорытып айтады. 4 мин.
Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы мәтінді (ұялы телефон диктофонынан) тыңдату. Оқушылар тыңдайды, суретпен жұмыс жасайды. 5 мин.
Жариялау Әр топ өз суретіне мән береді.

-Табиғаттан нені үйрендік?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.. 3 мин.
«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі
Бүгінгі сабақта мен не үйрендім? Нені білгім келеді?
«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады. 4 мин.
Рефлексия Балаларға қағаз таратылып беріледі де, сол қағазға өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе,баспалдақтың жоғарғы жағына өзін салады,егер түсінбедім,қатыспадым десе төменгі жағына өз суретін салады. Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады. 5 мин.
Үйге тапсырма Айналаны бақылау. Бақылау жүргізеді. 1 мин.
Бағалау. Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау.Күлімсіреулер тарату. Оқушы марапатталадаы. 1 мин.

«Табиғаттан үйрене біл» тақырыбында адам өз қажеттіліктерін табиғаттан үйренгенін түсіну, ой-өрісін өсіру, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету мақсатын қойдым. Осы мақсатқа жетуде топтық жұмысқа үйрене бастады, әңгімелесті, өз ойларын айтуға дағдыланды, ойнады, сурет салды, жұптасып жұмыс жасады.

Топпен жұмыс, сұрақ-жауап,әңгімелесу,танымдық ойын, дидактикалық ойын, БББ кестесі (СТО) көрсету, оқулықпен, суретпен, дәптермен жұмыс , сергіту сәтін жасау әдіс-тәсілдері арқылы сабақтың негізгі идеясы ашылды. Адамның табиғаттан көп нәрсені үйренгенін түсінді, білді, өз пікірлерін білдірді, табиғатқа қамқорлықпен қарауға талпынды.

ШҚО Семей қалалық ерікті тілші Ермухамбетова Ж.З.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше