Ауталипова Катира Сериковна
Пән мұғалімі: ШҚО Зырян қаласындағы №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ауталипова Катира Сериковна
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі. 6-сынып. Мерзімі 08.10.2014
| Сабақтың тақырыбы | Досымның жанұясы. | ||
| Түрі, типі | Дәстүрлі, аралас. | ||
| Сілтеме | Қазақ тілі оқулығы. | ||
| Жалпы мақсаттар | Оқушыларға досының жанұясы туралы әңгімелей алуды үйрету. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Жақсы жанұядан үлгі алуға баулу. | ||
| Оқыту нәтижелері | Досының жанұясы жайлы әңгімелейді. Сөз тіркестерін мағыналарына қарай сәйкестендіреді. | ||
| Сабақтың негізгі идеясы | Оқушылар топпен жұмыс жасайды, топта диалог құрайды, жазбаша жұмыстар орындайды. Грамматикалық тапсырмалар орындайды. | ||
| Сабақтың көрнекілігі | Ноутбук, смайликтер, ресурстар. | ||
| Сабақтың өту барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Уа-қыт |
| Ұйымдастыру | Оқушылардың назарын сабаққа аударады, сабаққа жайлы психологиялық ахуал орнатады. | Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындайды, топқа бөлініп отырады. | 2 |
| Сабақтың мақсатымен таныстыру | Сабақтың мақсатымен таныстырады. Сабақтың мақсатын айқындайды. | Сабақ мақсаты туралы пікірлерін айтады. | 1 |
| Қызығу
шылықты ояту |
Диалогтік оқыту, «Синквейн» әдісі, деңгейлік тапсырмалар, топтастыру. | Диалог арқылы бірін-бірі оқытады. Досының жанұясы жайлы әңгімелейді. | 9 |
| Жаңа сабақ | Таныс емес сөздермен таныстырады, дұрыс оқылуын қадағалайды. | Жаңа сөздерді жұптасып оқиды, сөз тіркестерін құрайды. | 7 |
| Жаңа сөздермен, мәтінмен жұмыс. | Оқушыларға мәтіндер таратады. Түсініксіз сөздер бойынша көмек береді | Топтар мәтіндерді бөліктерге бөліп аударады, мәтіндегі негізгі ойларды табады. | 10 |
| Жаңа сабақты бекіту. | Синквейнге арналған парақшаларды таратады.
Тапсырманың шартын түсіндіреді. |
Сын есімдерді қолдана отырып, парақшаларды толтырады. | 8 |
| Қорытындылау | Рефлексия парақшаларын таратады. | Кері байланыс жасайды | 4 |
| Бағалау | Оқыту үшін және оқу үшін бағалайды. | Бағаларын күнделікке қояды. | 2 |
| Үйге тапсырма | Үй тапсырмасын береді. | Күнделікке жазады. | 2 |
