Ауталипова Катира Сериковна

ШҚО Зырян қаласындағы №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауталипова Катира Сериковна

6 – сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Менің күн тәртібім

Сабақтың мақсаты: Білімділік . Жаңа тақырыпты меңгеру, жаңа сөздермен жұмыс жасау. Септіктерді қайталау.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік. Уақытты үнемдеуге, босқа уақыт өткізбеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру

Әдіс – тәсілдер: сөздік, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, суреттер.

Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу. 2 Сабақтың мақсатымен таныстыру. Релаксация. Көңіл – күйлерін сұрау.

Кезекшімен әңгіме. Қаламызда ауа – райы қандай?

Қазір қыс мезгілінің қай айы?

Аймақтық компонентті қамту .

Ыбырай Алтынсаринның өлең жолдары арқылы ой қозғау.

« Кел, балалар, оқылық »

Жаңа сабақ . Менің күн тәртібім. 1. Сөздікпен жұмыс. Сөз – сөз тіркесі – сөйлем – мәтін

Оқушылар сөздікті жұптап оқиды. Сосын сөз тіркесін құрастырамыз. Мәтінді оқушылар тізбектеп оқиды. Сосын аударамыз. Мәтін бойынша жұмыс жасаймыз. Мәтінді сұрақтар қою арқылы қортындылаймыз. Айтылым.

Слайдтағы жаттығуды жазбаша орындаймыз.

Сергіту жаттығу.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Ал қанеки ұш,

Төрт, бес, алты, жеті,

Төрт, бес, алты. жеті,

Мынау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он.

Сегіз, тоғыз, он.

Ал қанеки қон.

Грамматика. Септіктер туралы ойын ұйымдастыру. 7 оқушы шығып әрқайсысы септік бойынша өз атын айтады. Сұрағымен бір сөзді септейді.

Жекелей жұмыс. Жазылым. Үлестірме қағаздар таратылады.

Сабақты бекіту. Уақыт жайлы балаларға тәрбиелік әңгіме айту.

Үйге тапсырма беру.

Оқулықпен жұмыс. Жаңа сөздерді жаттау. Жаттығу жұмысын орындау.

Сабақты қортындылау.

Бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше